Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бас бостандығын шектеу.

Читайте также:
  1. Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.

Бас бостандыгын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшау-ламай арнаулы мекемеде қадағалауды жүзеге асыру жағдай-ында ұстаудан тұрады (ҚК-тің 45-бабының бірінші бөлігі).

Жазаның бұл түрі жаза жүйесіне жаңадан енгізілгенімен, бұрынғы заңнан белгілі сотталған адамды міндетті түрде еңбек-ке тартумен, бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттау-мен біраз ұқсастығы бар (1959 жылғы Қазақ КСР ҚК-нің 23-2 бабы, Кодекстен 1993 жылғы 15 қазандағы заңмен алынып тасталған). Бас бостандығын шектеу ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларының 130 санкциясында жазаның басқа түрлерімен балама түрде керсетілген, бүл санкциялардың жалпы санының 20,6 пайызын қүрайды.

Бас бостандыгын шектеу "сотгалған адамға ПСРІХОЛОГИЯЛЫҚ әсер етуді, оның мінез-қүлқын, тәртібін қадағалау мүмкіндігін, осыдан келіп, оның мінез-қүлқын Іпектеу, яғни сотталған адам-ның жеке басының бостандығын шектеу мүмкіндігін тудыру-ды, сотталған адамға кез-келген арнайы мекемеде қайткен күнде де орын алуы тиіс режимді (күн тәртібін) мәжбүрлі қажеттіліктен сақтауына байланысты ауыртпалықтарды жүктеуді және аталған мекеменің жеке бастың қажеттіліктерін шектеуші жағдайларына бағыңуды бағдарлап, көздейді"1.

Бас бостандығын Іпектеу түзеу жұмыстарымен салыстырған-да анағүрлым қатал жаза болып табылады, себебі мүнда жаза-лаушы тұстар анағұрлым басымдау көрсетілген. Сонымен катар, оны қолдану — жазаның бас бостандығынан айыру сияқты түрін қолданудың қысқаруына, сол сияқты, онша-ауыр емес қылмыс жасаған тұлғалардың олардың қоғамнан оқшау-ланбай-ақ түзелуіне ықпал жасайды.

Бірақ бас бостандығын шектеу түріндегі жаза жасалған қыл-мыстың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен түрін, кінәлінің жеке басын, соның ішінде, жауаптылық пен жазаны жеңілдетуші не ауырлатушы жағдайларды да ескере отырып, сот бас бос/ган-дығынан айыру немесе қамауға алуды қолданбай-ақ соттйлған адамның түзелу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған, бірақ та, сөйте түра, істің жағдайлары неғүрлым жеңілдеу жаза қолдануды көтермейтіндіктен, жеңілірек қатаң жазамен шектелмейтін жағдайларда тағайындалады. Және де ҚК-тің 55-бабында көзделген ерекше жағдайлардың орын алуы сот-тың бас бостандығын шектеуден басқа неғүрлым жеңілдеу жаза тағайындауына мүмкіндік береді. Сол сияқты, егер де сот бас бостандығын шектеу жазасын тағайындай отырып сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген шешімге келсе, ол бас бостандығын шектеу түрінде тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығара алады (ҚК-тің 63-бабы).

Бас бостандығын шектеу тек негізгі жаза ғана болып табы-лады және ол ҚК-тің Ерекше бөлімінің кінәлі адам сотталып отырған бабының санкциясында жазаньщ осы түрі қарасты-рылған жағдайларда ғана тағайындала алады. Бас бостандығын шектеу жазаның өтелмеген белігін ауыстыру кезінде неғүрлым жеңіл жа^а ретінде қолданылуы мүмкін (ҚК-тің 71-бабы).

Өзінің жазалаушы ерекшеліктері бойынша бас бостанды-ғын шектеу бас бостандығынан айыруға бййланысы жоқ басқа жазалармен салыстырғанда неғұрлым қаталдау шара болып табылады. Сондықтан істің жеңілдетуші жағдаилары мен кінәлінің жеке басын ескеріп, жазаның неғүрлым жеңілдеу түрін қолдану мүмкіндігі туса, жазаның аталған шарасын қол-данбай-ақ койған орынды (ҚК-тің 52-бабының екшші болігі).

Бас бостандығын шектеу бір жылдан бес жылға деиінгі мерзімге тағайындалады. Қоғамдық жүмыстарға тарту немес< түзеу жүмыстарын бас бостандығын шектеумен ауыстырғаі жағдайда ол бір жылдан кеммерзімге де тағайындалуы мүмкін] Заңда оларды ауыстырған жағдайда мүмкін болар ең томенгі мерзім керсетілмей, ең жоғарғы мерзім көрсетілген. ҚК-тіІ 42,43-баптарын басшылыққа ала отырып, ауыстыру кезінде ба< бостандығын шектеудің мынадай ең төменгі мөлшерін ор-нықтыруға болады: қоғамдық жүмыстар — он бес күн, түзеч жүмыстары — екі ай.

Бас бостандығын шектеуге сотталған адам үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұсталған жағдайда, онда қамау-да ұсталған уақыт оның бір күні бас бостандығын шектеудіц екі күні ретінде жаза мөлшеріне саналады. (ҚК-тің 62-бабы-ның ушітиі бөлігі).

Бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзімі сотталған адамды түзеу орталығына есепке қойған сәттен бастап есептеледі. Сотталған адамның жүмыс орнында немесе тұра-тьш жерінде өз бетімен бір тәуліктен артық уақыт болмауы жаза мерзіміне есептелмейді (ҚАК-нін, 45-бабы)

Бас бостандығын шектеу тағайындалмайтындар:

кәмелетке толмағандар, яғни он сегіз жасқа толмағандар;

заңмен бекітілген тәртіп бойынша 1 немесе 2 топ мүгедегі деп танылған тұлғалар;

жүкті әйелдер:

сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;

55 жастан асқан әйелдер;

60 жастан асқан еркектер;

қасақана қылмыс жасалғаны үшін сотталған түлғалар (егер де соттылық заңмен бекітілген тәртіп бойынша алып тасталмаған және жойылмаған болса);

шақыру бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери
қызметшілер.

Қарастырылып отырған жазаның орындалуы мынадаи жол-мен іске асады: еңбекке жарамды тұлға (сотталған) кейіннен қадағалау жағдайында оны міндетті түрде еңбекке тарту мақ-сатымен, үкімнің орындалуын басқаратын органдар белгілеген жерлерге жіберіледі. Әдетте, түрақты түрде түратын жерінің кемесе сотталған жерінің аумағында орналасқан арнаиы меке-мелер — түзеу орталықтары, бостандықты шектеуді өтеу орны болып табылады. Бас бостандығын шектеу басқа жазаны ал-мастыру үшін қолданылса немесе сотталған адамның түратын жерінде түзеу орталықтары орналаспаса — жазаньщ аталған түріне сотталғандар басқа облыстың түзеу орталықтарына жіберіледі (ҚАК-нің 43-бабы).

Жазаның аталған түріне сотталғандарға белгілі міндеттер жүктеледі. Жазаны өтеу тәртібін бүзушы түлғаларға қылмыс-тық-атқару зандарымен қарастырылған өндіріп алу шаралары колданылуы мүмкін.

Егер бас бостаңдығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеу-ден қасақана жалтарса, онда сот бас бостандығын шектеудің отелмеген бөлігін дәл сол мерзімге бас бостандығынан аиыру жазасымен ауыстыра алады. Бас бостандығын шектеудің бір күніне бас бостандығынан айырудың бір күні кемігендеи есеп-пен бас бостандығын шектеудің өтелген уақыты бас бостанды-Іъшан айыру мерзіміне саналады (ҚК-тің 45-бабының екінші болігі).

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасака-нажалтару жағдайларына мыналар жатады: сотталған адамның дәлелді себепсіз, ез бетімен түзеу орталығының төңірегіл тас-тап кетіпқалуы; жазаны етеу орнына мезгілінде қайтпау неме-се қайтпау, сол сияқты әрқайсысы үшін өндіріп алу сальшғаннан кейін кемінде үш рет жұмыс орнын немесе тұратын орнын тас-тап кету (ҚАК-нің 54-бабы).

Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаның сот белгілеген мерзімі аралығында кез-келген жаңа қылмыс жаса-са, сот оған үкімдер жиынтығьіның ережелері бойынша жаза тағайындайды (ҚК-тің 60-бабы).

Бас бостандығын шектеу түріндегі жаза туралы ереже жа-заның бұл түрін орындау үшін қажетті жағдайлардың паида болуына қарай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі күшіне енгеннен кейін, бірақ, 2003 жътлдан кешіктіріл-мей күшіне енеді ("Қазақстан Республикасының Қылмыстык Кодексінің күшіне енуі туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы).

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 674 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абайсыздық және оның түрлері. | Айдап салушы және оның жауапкершілігі. | Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде. | Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. | Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау. | Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. | Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. | Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. | Ажетті қорғану түсінігі мен мәні |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.| Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)