Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

Читайте также:
  1. Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
  2. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
  3. Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
  4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
  5. Кесу аймағындағы байланыстық процестер
  6. Ылмыстық жауаптылықтан босату және оның түрлері

Қьілмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қыл-мыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін занда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз.

ҚК-тің 69-бабы ескіру мерзімін қолдану инстатутының үш шартын белгілейді:

а)занда белгіленген мерзімнің өтуі;

б)занда белгіленген мерзімнің өтуі кезінде адамның ауыр немесе аса ауыр қылмыс, немесе жаңа қасақана қылмыс жасамауы;

в)қылмыс істеген адамның тергеуден немесе соттан бой тасаламауы.

Мерзімнің етуінің екі түрі белгіленген:

а)дифференциялдық, яғниқылмыстың ауырлығына байланысты болатын аралық;

б)бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаудан басқа, жалпы қарастырылатын қылмыстардың түрлері, тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрген адамдарға қатысты 25-жылдық мерзімінің болуы.

Заң ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауап-тылықтан босатуды төмендегіше көрсетеді:

а)кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;

б)орташа ауырлықтағықылмыс жасағаннан кейін бес жыл;

в)ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;

г)аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл.
Қылмыстық заң нақтьі белгіленген қылмыстың түрі бой-

ынша жеңілдететін жаққа қарай өзгергенде ескіру мерзімінің өтуін есептеуде жаңа заң ескеріледі. Егер жаңа заң жазаны күшейтетін болса, онда ескіру мерзімі ескі заңмен ескіріледі. Ескіру мерзімі қылмыс жасағанкүннен басталады. Мүндай күн деп 24 сағатты қоса есептегенде, қылмыстық зардаптың келтірілгендігімен байланыссыз немесе байланысты уақытты айтуға болады.

Ескіру мерзімінің өтуі созылмалы қылмыстар үшін уақыт бойынша қылмыстыңтоқтатылуына; адамның өз еркімен тоқ-татуына байланысты есептелінеді (айыбын мойындап келу, еркінен тыс, құқыққорғау органымен үсталуы). Ал, жалғаспа-лы қылмыстар үшін — сощы жасаған қылмыстан бастап есеп-ке алынады.

Ескіру мерзімі жалпы белгіленген мерзімнің өтуіне байла-нысты соңғы күннің 24 сағаты етуімен жойылады, басқа жағ-дайларда жылдықкүнтізбе бойынша, сонымен қатар мерзімнін тоқтатылуы болғанда жылдың айларът не күндерімен есептелінеді. Егер үкім ескіру мерзімінің өтуінен кейін күшіне енген болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады,

Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам, қасақана жаңа қылмыс жасаса ескіру мерзімінің өтуі мұндай реттерде жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескіру мерзімі өткенге дейін адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде ескіру мерзімі әрбір қылмыс бойынша дербес өтеді.

Егер адам, жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейін кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаса ескіру мерзімінің өтуі үзілмейді я болмаса ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап ол әрекеттер қаоақаналықтың нысанына жатпаса да ескіру мерзімі үзілмейді.

Ескіру мерзімінің өтуі егер адам соттан немесе тергеуден бой тасаласа үзіледі. Өткен мерзім езінің маңызын жоғалтпай-ды, керісінше адамның кінәсін мойындап келуі, айыпкердің тергеуінен кейін үш айдан соң, яғниқүқық қорғау органдары-мен үсталуы кезінен бастап жаңартылған мерзімге қосылады.

Мысалы, 20 қаңтарда қылмыс жасалды делік, Бүл жағдайда ескіру мерзімі 20 сәуірден 20 қазанға дейін үзіледі, 3 айлътқ ескіру мерзімінің өтуі 20 қазаннан кейін жаңартылады.

Тергеуден немесе соттан бой тасалау деп, қылмыстық жауап-тыдықтан бой тасалап тергеу органдарын іздеу шараларына әкеп соқтыру танылады. Бойтасалау түрғылықты жерден кету, аты-жөнін өзгерту, басқа жаңа орындарда жалған, бөтеннің атын жамылу сияқты белгілерден түрады.

Бой тасалаған адам қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық жауапқа тартылмай ескіру мерзімі үзілмей 25 жылын өткізген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Ескіру мерзімінің шектелген соңғы мерзімінің аяқталуы: қоғамға қауіптіліктің едәуір төмендеуі, зардаптың орныньщ толуы не-месе ешқандай қылмыстың жасалмауы деп түсініледі.

Адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауынан кейін тер-геуден немесе соттан бойтасаласа, ескіру мерзімінің өтуі тоқ-татылады. Яғни, жиырма бес жыл өткенге дейін жаңа қасақана қылмыс жасаса, өтіп кеткен тоқталғанға дейінгі ескіру мерзімінің өтуі өзінің мәнін жояды да, сол жаңа жасаған кьгл-мысы үшін ескіру мерзімі қайта басталады. Бұл жерде егер кінәлі осы екінші қылмысынан кейін де қайталап тергеуден немесе соттан бой тасаласа екі қылмысы үшін де ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады.

Жасаған қылмысы үшін Кодекс бойынша өлім жазасы та-ғайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне баиланыс-ты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын тағайындауға болмайды. Бүл ретте сот жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан аиьт-руды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағаиын-дайды.

ҚК 69-бабының адтыншы бөлігі, бейбітшілік пен адамзат-тың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімін қолданбау мәселелерін қарастырады (ҚК-тің 156—164 баптары).

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 645 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абайсыздық және оның түрлері. | Айдап салушы және оның жауапкершілігі. | Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде. | Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау. | Бас бостандығын шектеу. | Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде. | Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. | Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. | Ажетті қорғану түсінігі мен мәні |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.| Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)