Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

Читайте также:
  1. Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
  2. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
  3. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
  4. Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасы туралы мәселелер арнайы, бірінші рет Қазақстан Рес-публикасы Қылмыстықкодексінің тарауларыньщ бірінде орын алған, яғни ол әділеттілік қағидаттарына сәйкес 1990 жылғы 15 қазанда Біріккен Үлттар Үйымының бас ассамблеясының келісімімен мақүлданған және күшіне енген "Балалардың қүқықтары" туралы Конвенциясымен сәйкестендірілген. Заң шығарушы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы олар-дың психологиялық өсуі ерекшеліктерінен, қоршаған ортаның қылмыстекті жағдайының әсерінен, қамқорлыққа алынбауы-ның салдарынан және тағы басқа факторлардың әсерінен пай-да болады деген тұжырымнан шығады.

Кәмелеткетолмағандардыңқылмыстылығының алдын алу-да мемлекет, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде. Кәмелетке тол-мағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың мәселелері өзіне тән тарихи даму сатыларының ерекшеліктеріне ие1, мы-салы, қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша 15 жаста жауапты-лыққа тартылмаған. Профессор С.Л.Фукс осы жәйттерге бай-ланысты былай деген: 15 жасқа толмаған адамдарды қылмыс-тық жауаптылықтан босату ұрлық пен кісі елтіруден басқа, олардың өздері істеген іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын-дығына емес керісінше олардың жасаған қылмысы үшін айып төлеуге шамасы келмейтіндігіне келіп тірелген, яғни көп жағ-дайларда жазаның мүндай түрлері сөгіске әкеп соқтырған. "Адамның жасы 15-ке толған сәттен қазақтың жас бозбаласы, әке болуға жараған (қазақта "он бесте отау иесі" — деген мақал бар). Меншік иесі ретінде соттың алдында өзінің іс-әрекетіне жауап беріп, қылмыстық жауаптылықты өтеуге қабілетті деген^сөзқарас болды2.

Қазақ әдет-ғүрып қүқығы жүйелерін РСФСР-дің Қылмыс-тық кодексіндегі толықтырулар мен өзгертулерден табуға бо-лады, олар қазақтың жерінде іске асырылды. Ауылдың құқықтық сана сезімдәрежесінжәнеқарапайым көшпенді ха-лықтың жағдайларын, олардың өмір сүру шарттарын ескере отырып Қазақстанның ОАК өзінің III сессиясында кәмелетке толмаған қазақтарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ерекше шарттарын бекітті. Қылмыстық жаза көбінесе Й-жасқа толмағандарға, соныменқатар 14жастан 18 жасқа деиінгі кәме-летке толмағандарға қолданылмады. Кәмелеткетолмағандарға басқа ұлттарға қатысты 14жастан 16 жасқа дейін жауаптылық белгіленді3.

Қазақстан аумағында 35 жыл бойы күшін жоимаи қолда-нылған Ресейдің 1926-жылғы Қылмыстық кодексі қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас шамасын былайша аныктады:

"Дәрігерлік-педагогтік сипаттағы әлеуметтік қорғау шарала-рын қолдануға болатын он төрт жасқа дейінгі жасөспірімдерге, соттык-түзету сипатындағы әлеуметтік қорғау шараларын қол-дануға болмайды".

Он терт жастан, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамдарға кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, егер дәрігерлік педагогтік сипаттағы әлеуметтік қорғау шара-ларын қолдану мүмкін емес деп тапса ғана соттық-түзету си-патындағы әлеуметтік қорғау шараларын қолданады.

Алаңда КСРО-ньщ Оргалық Атқару Комитетінің 1935 жылғьг 7 сәуірдегі қаулысында "кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күресу шаралары" туралы, яғни Кеңестік Респуб-ликаның қылмыстық заңының 8-бабы алып тасталынды да былайша: "жасы толмағандар, 12-жастан бастап, көше үрлық-тары, күш көрсету, дене жарақатын салу, озбырлау, кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу үшін қылмыстық жауаптылыққа және сотқа тартылады және оларға қылмыстык жазалаудың барлык шаралары қолданылады" депқайта белгіленді1.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылыққа, қоғамға кауіпті іс-әрекетжасаған 16 жасқа толған адам тартылады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға қауіптіліктің деңгеяіне қараи, заңда көзделген қылмыстарды жасағандығы үшін кәмелетке толма-ғандар 14-жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартыла-ды. Бұл қылмыстарға: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулық қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, зорлау, жыныс-тық сипаттағы күштеу әрекеттері, адам үрлау, ұрлық жасау, кісі тонау, үрып-соғу, қорқытып алу, ауырлататын мән-жай-лар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын үрлау мақсатын кездемей заңсыз иелену, ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, терро-ризм, адамды кепілге алу, террорлық акті туралы біле түра керінеу өтірік хабарлау, қару жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару қүрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауыр-лататын мән-жайлардағы бүзақылық, тағылық, есірткі заттар-ды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адам-дардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау, көлік қүралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарам-сыз ету қылмыстары жатады.

1991—1995 жылдардағы республика көлеміндегі статисти-калық мәліметтер кәмелетке толмағавдар арасьшдағы кылмыс-тың есуін былайша көрсетті: 1991 ж. — 7,5%, 1992 ж. — 14,]%, 1993 ж.-11,5%, 1994ж. -9,6%, 1995 ж.~ 5,4%, 1996 ж. -7,0%.

Көріп отырғанымыздай кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық деңгейінің сот-құқықтық реформа бойынша бірқатар латенттілігі бар екенін түсінеміз және оньщ едәуір төмендегенін байқаймыз. Тәжірибе көрсеткендерг кәмелетке толмағандар арасында Республикамызда қылмыстың басым көпшілігі мүліктік қылмыстармен, зорлаумен байланысты, аса қатыгездікпен жасалған; спиртгік ішімдіктерге, есірткі заттарға әуес болуымен байланысты қылмыс түрлері де көп кездеседі. Сонымен қатар, көмелетке толмағандар арасындағы қылмыс-тар көбінесе топтасқан түрде, ал олардың 20%-ы ересек адам-дармен бірге жасалады.

ҚК-тің 78-бабына сәйкес Кәмелетке толмағандар деп қыл-мыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Заң шығарушы кылмыс-тық жауаптылық туындайтын ең теменгі жасты белгілей оты-рып, кәмФІетке толмағанды сол жаста езінің іс-әрекетіне жауап бере алады деп және қылмыстық жазаны сезіне алады деп анықтаған.

Осыған байланысты заң шығарушы "кәмелетке толмаған" деген терминге анықтама беріп отыр. Ал бүл қылмыстық жауап-тылықтың нормасын дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. КСРО Жоғарғы Сотының 1976 жылғы 3 желтоқсандағы №16 қаулы-сының 6-тармағында, Соттардың, кәмелетке толмағандардың қылмысы және көмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы, туралы мәселелерді тәжірибеде дүрьгс қолдануы тура-лы былайша түсініктеме берген, "сот кәмелетке толмагандар-дың жасын дәл анықтауда шаралар қолдануға міндетті (күні, айы, туған жылы). Жасөспірім туған күні емес келесі, ертеңіндегі күннен бастап белгілі бір жасқа толды деп саналады. Сот-медициналық сараптама жасты анықтау кезінде, сотталу-шының туылған күнін сол жылдың соңғы күнімен белгілейді; жасіың ең төменгі немесе ең жоғарғы шегін/жылды анықтауда, сот сараптаманың қорытындысымен анықталған төменгі жас мөлшерін белгілейді"1.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы нормаларын жеке тарауға беліп қарастыру, қылмьгстық іс жүргізу нормаларымен тығыз байланыстылықты көрсетеді.

Кылмыстық кодекстің VI бөлімінде "кәмелетке толмаган-дардың кылмыстық жауаптылығының" жалпы негіздерг кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ерекшеліктерін (ҚК-тің 78-бабы), Кәмелетке толмағандарға тағайындалатынжаза түрлері (ҚК-тің 79-бабы), кәмелетке тол-маған адамға жаза тағайывдау (ҚК-тің 80-бабы), кәімелетке толмағандарды жазадан босату (ҚК-тің 81-бабы), тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары (ҚК-тің 82-бабы) және олар-дың мазмұны (ҚК-тің 83-бабы), кәмелетке толмағандарды жа-заны өтеуден шартты турде мерзімінен бұрын босату (ҚК-тің 84-бабы), ескіру мерзімі (ҚК-тің 85-бабы), және соттылықты жою мерзімдері (ҚК-тің 86-бабы), сонымен қатар бірінші рет, осы бөлім арқылы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жау-аптылығы ерекше-ліктерін талдауы оны дұрыс қолдану мүмкіндіктерін және он сегіз жастан жиьфма жасқа дейінгі жас аралығында қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылы-ғында, ізгілік қағидаттарын іске асыру, адамның жеке тұлға-сына дұрыс қарау тағы басқа да ерекшеліктерін қарастьграды.

 

§2. КӘМЕЛЕТКЕТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЬІНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕР

ҚК-тің 79-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мына-дай жаза түрлері тағайындалады:

а)айыгшүл;

б)белгілі бір қызмешен айналысу құқығынан аиыру;

в)қоғамдық жүмыстарға тарту;

г)түзеу жүмыстары;

д)қамау;

е)бас бостандығынан айыру.
Кәмелеткетолмағандардың жас ерекшеліктерін ескере оты-

рып оларға жаза тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданады Тәжірибе кәме-летке толмағандарға бірінші рет қылмыс жасағандығы үшін, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың тиімді емес екендігін дәлелдеп көрсетті.

Кәмелетке толмағандарға мына аталған жаза түрлері қол-данылмайды: бас бостандығын шектеу (ҚК-тің 45-бабының бесіиші бөлігі), емір бойы бас бостандығынан айыру (ҚК-тің 48-бабының төртітшбөлігі), өлімжазасы (ҚК-тің 49-бабының екінші бөлігі), және мүлікті тәркілеу.

Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалардың маз-мүны өзіне тән арнаулы белгілерге ие. Айыппүл, ҚК-тің 79-бабының екітиі бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмай сотталған ддамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл, оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелет-кетолмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезендегі мөлшерінде тағайындалады.

Көріп отырғанымыздай, ересек адамдарға қарағанда (ҚК-тің 40-бабының екінші бөлігі), кәмелетке толмағандарға айыппұлдың темендетілген мелшері белгіленген, сонда да мұнымен қатар ҚК-тің 40-бабының екітиі бөлігінің шарттары сақталады, айыппұлдың мелшерін жасалған қылмыстың ауыр-лығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере оты-рып сот белгілейді. Кәмелетке толмағанның мүлкі оның өзіне тән болуы керек.

Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі Імерзімге та-ғайындалады, және жазаньщ осы түрі олар занды негізде белгілі бір қызметпен айналыса жүріп, қылмыстық жазаға әкеп соқты-ратын әрекеттерді істеген жағдайларда ғана қолданылады.

Қоғамдық жұмысқа тарту жазаның жаңа түрі болып табы-лады және де қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. Ол кәмелетке толмаған адамнын қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және де кәмелетке тоймаған ол жүмыстарды оқудан немесе негізгі жүмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың жазаның бұл түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауыкерек. Егер бас бостандығын шек-теуге сотталған адам жазаны етеуден әдейі жалтарса, онда жа-заның бұл түрі ҚК-тің 45 және 46-баптарына сәйкес, қамаумен ауыстырылады.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ересектермен салыстырғанда — ҚК-тің 43-бабының бірітиі бтігі бойынша — екі жылға дейін). Ең теменгі мерзім (ересек адамдарда да) — екі ай көлемінде болады.

Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәме-летке толмаған сотталған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бүл жаза, жазаның негізгі түрі бо-лып табылады және де мазмүны жағынан бас бостандығынан айырумен ұқсас болып келеді. Қамау сотталған адамды тағай-ындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Қамауды кәмелетке тол-мағандарға, тек 16 жасқа толған жағдайда ғана қолданады. Қамауды қолданар кезде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы ескеріледі.

Кәмелетке толмаған сотталған адамға бас бостандығынап \ айыру онжылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін — он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырльгқтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайьшдалмайды. Кәмелетке толмағандарға жасалғаи қылмыстың ауырлығына байланысты алты айдан бастап он жьтлға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді ересек адамдардан белек колонияларда отейді. Колония екі топқа белінеді: бас бостандығъшан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандардъщ, сон-дай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандардың — жалпы режимдегі тәрбиелеу колониялары; бұръш бас бостандығын айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар — жазасын күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларын-да өтейді. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға карай сот қабылдаған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жы-нысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандътғы-нан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында етеу ін тағайындауы мүмкін.

ҚК-тің 53-бабының бірітиі бөлігініц "б" тармағында айыпкердің кәмелетке толмауы, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып табылады. Осы көрсетілгенмән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінін жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басьшың озге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпа-лы да ескеріледі.

ҚК-тің 90-бабының екіншібөлігтесәйкес, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жиынтығымен байланысты кәме-летке толмаған жас жеңілдететін мән-жай болып ескеріледі.

 

 

§3. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАДАН БОСАТУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТӘРБИЕЛІК ӘСЕРІ БАР МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

ҚК-тің 81 -бабы ізгілік және әділеттілік қағидаттарын негізге ала отырып бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 82-бабында козделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса жазадан босатуы мүмкін екендігін белгілейді.

Мына көрсетілгендер тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу ша-ралары болып табылады:

а)ескерту;

б)ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в)келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г)бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д)кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Қарастырып отырған баптағы тікелей көрсетіліп белгіленген шарттарды қолдану тек соттың құзыретінде. Жазадан босату белгілі бір шарттардьің болуын талап етеді, олар мынадай шарттар-қылмысты бірінші рет жасау;

кішігірім немесе орташа ауырлықта қылмыс жасау;

кәмелетке толмаған адамның түзелуіне тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларьш қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп соттың қорытындыға келуі: қылмьтстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, жасы толмағанның жеке басы (оның қылмыс жасағанға дейінгі жүріс-түрысы), отбасындағы қарым-катынасы, оқу орындарында немесе өндірістік мекемеде; келтірійген зиянды қалпына келтіруі; тергеуге қылмысты ашуға көмек көрсетуі және т.б.

Осы аталған шарттар болғанда ғана кылмыстық іс тоқтаты-лады және сот тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қол-дана алады. Бүл шарттардың мазмүны ҚК-тің 83-бабында керсетілген.

Кәмелеткетолмаған адамға ескерту жасау, оның әрекетімен келтірілген зиянды түсіндіруден және Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден түрадьг.

Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орньшдағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелет-ке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез қүлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден түрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелеткетол-маған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағ-дысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-түрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оньгң ішінде механикалық көлік қүралын баскаруға баиланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үвден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын \шектеудікөздеуі мүмкін. Кәмелеткетолмаған адамға білім беру ^екемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяктау не эдамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Бұл тізбе әлі толық бо-лып табылмайды.

Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие не-месе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған мекемелерде болу адамның кәме-леткетолуына байланысты, сондай-ақтүзеуді қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін б үдан әрі бұл шараны қолдануды қажет етпейді деген түжырымға келсе, мерзімінен бүрын тоқтатылуы мүмкін.

Жаңа қылмыстың алдын-алу немесе оны болдырмау үшін сот, кәмелетке толмағанның жеке басын, қылмыстың сипатьт мен қауіптілік дәрежесін, мінез-қүлқын анықтай отырып оның түзелуі үшін белгіленген қандай да болмасын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының бірін қолдана алады.

Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған болса, арнайы зандарға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік органның қорытын-дысымен арнаулы қүжаттар қылмыстық жауаптылыққа тартуға жібертіледі. Қарастырылып отырған шаралар мемлекеттік күштеу шаралары бола отырып, тәрбиелік сипатты қамтиды, бірақ соттылықты көздемейді.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуды аталмыш баптың бесінші бөлігінде көзделген мерзім біткеннен КСРІІН ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғанға дейінгіден аспауы керек.

Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуының тәртібі мен ережелері заң-дармен белгіленеді.

 

 

§4. КӘМЕЛЕТКЕТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН

ІПАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҮРЫН БОСАТУ.

СОТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОЙЫЛУЫ

 

Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бүрын босатудың белгілі бір аныкталған ерекшелік-тері ҚК-тің 84-бабында белгіленген. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста кылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесетүзеу жұмыстарына сотталған адамдарға:

а)кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;

б)ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде жартысын;

в)аса ауыр қылмысы үшін соттағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Жазаны өтеуден шарттытүрде мерзімінен бұрын босатудың негізгі болып, соттың адамның түзелуі үшін тағаиынндалған жазаны толық етеуді қажет ешейді деп табуы болады. Жасқа толған адамдарға қарағанда, кәмелетке толмағандарға қолда-нылатын жазаны өтеуден мерзімінен бүрын — шартты түрде босатуда, заң қылмыс санаттарына байланысты жазаны отеудің ең төменгі мерзімін белгілейді. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бүрын босатуды кәмелетке толмағандарға қолдан-ған жағдайларда, ҚК-тің 70-бабының жетінші балігшдегпалап- тар қолданылады.

Кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімінің кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық-тан немесе жЯзаны өтеуден босату кезінде мерзімнің тен жар-тысы қьісқартьілады, яғни кішігірім ауырлыктағы кылмыс үшін — бір жыл; орташа ауырлықтағы қылмыс үшін — екі жарьтм жыл; ауыр қылмыстар үшін — бес жыл; аса ауыр қылмыстар үшін — жеті жыл, алты ай болып есептеледі.

ҚК-тің 86-бабына сәйкес он сегіз жасқа толғанға деиін қыл-мыс жасаған адамдар үшін Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше

а)бас бостандығынан айыруға карағанда жазаньщ неғүрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

б)кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығы айыруды етегеннен кейін бір жылға;

в)ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығьтнан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады. Сонымен қатар, ҚК-тің 13 бабының төртітиі болігіне сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін, сондаіі-ақ
Қылмыстық кодексте белгіленген тәртіп бойъшша соттылығы алынып тасталған немесе жойылған жағда^ідағы қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

Тағыда бір ескеретін жәйт ҚК-тің 87-бабына сәйкес он сегіз бен жиырма жас аралығында қылмыс жасаған адамдардың жа-саған әрекетінің сипатын және олардың жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға кәмелетке толмаган-дарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу Чіекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы болімнің ережелерін қолдана алады. Он сегіз жастан жиырма жасқа дейінгі аралықтағы жас шамасында қылмыс жасаған адамда-рға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесше ор-наластыру колданылмайды.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 2453 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абайсыздық және оның түрлері. | Айдап салушы және оның жауапкершілігі. | Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде. | Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау. | Бас бостандығын шектеу. | Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде. | Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. | Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау. | Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. | Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы| Ажетті қорғану түсінігі мен мәні

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)