Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.

Читайте также:
  1. Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
  2. Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
  3. Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
  4. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
  5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
  6. Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы

ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының санкциялары сотқа жа-заны жеке-даралау үшін біршама мүмкіндіктер беретіндей етіліп құрастырылған. Алайда, өмірдегі жағдайлардың сан алуандығы, нақты бір істе кездесетін ерекше жағдайлар санк-цияның ең төменгі мөлшеріне тең жаза тағайындаудың, немесе балама санкциялар кезіндегі ең жүмсақ деген жазаны тағайын-даудың өзі де жазаның ҚК-тің 38-бабында тұжырымдалған мақсаттарына сәйкес келмейтіндігі және шамадан тыс қатал екендігі туралы пікір тудыруы мүмкін. Мүндай жағдайларды ескере келе, ҚК-тің 55-бабы әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кез-де, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушының топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде — жаза Қыл-мыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін не сот жаза-ның осы бапта көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін тағайын-дауы не міндетті жаза ретінде кезделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін деп белгілейді.

Жазаны ең төменгі шектен төмен тағайындау сотгәлған адамға соттың жазаның санкцияда көрсетілген түрін белгілеуінен түрады, бірак бұл жаза ең төменгі шектен төмен мөлшерде тағайындалады. Мысалы, санкцияда 100-ден 200-гедейінгі ай-лық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппүл көзделген, ал сот болса 50 айлық есегаік көрсеткіш мөлшерінде айыппүл тағайын-дайды. Басқа бір мысал, санкцияда 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, сот бүл бап бойынша жазаны ҚК-тің 55-бабына сүйене отырып 2 жылға бас бостан-дығынан айыру түрінде тағайындайды. Алайда, ҚК-тің Ерек-ше бөлімінде көрсетілген жазаның аталған түрі үшін ен төменгі мөлшерден төмен жаза ҚК-тің 55-бабының тәртібімен тағайын-дала алмайды. Мысалы, 25 айлық есептік көрсеткіштен кем мөлшердегі айыгшүл, немесе 6 айдан кем мерзімге бас бостан-дығынан айыру. ҚК-тің сотталған адамның әрекеті сараланып отырған бабының санкциясында көзделгеннен басқа, жазаның неғүрлым жеңіл түрін тағайындау — жазаның санкцияда керсетілмеген, бірақ неғүрлым жеңілдеуін тағайындауын білдіреді. Мысалы, ҚК-тің қолданылудағы бабътның санкция-сы баламалы түрде бас бостандығынан айыру мен қамауға алуды қарастырады. Сот бас бостандығын шектеуді тағайын-дайды.

Істің ерекше мән-жайлары, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушының топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене ара-ласуы жазаны ҚК-тің 55-бабын қолдана отырып тағайындауға негіз болып табылады.

Істің ерекше жағдайлары ретінде қылмыс жасаудың онды мақсаттары мен ниеттерінің болуын, айыпкердің косымша роль атқаруын, оның қылмыс жасау кезіндегі және одан кейінгі әрекетінтүсіну керек. Бүл жерде әңгіме қылмыс салдарын бол-дырмау әрекеті, келтірілген залалды өз еркімен толтыру, шын өкіну, өз еркімен келу және т.б. әрекеттер жайлы болып отыр.

Жекелеген жеңілдетуші мән-жайлармен қатар, мүндай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше деп танылуы мүмкін.

6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.

Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстыр-малы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналас-и.Ірылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық І піміайтылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қыл-мыстық кодексінде жаза жүйесі 39-баптың бірінші болігінде приықтырылған.

Жаза жүйесін белгілеудің сот әділдігі міндеттерін іске асы-1 ру үшін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдай аитарлықтай] мәні бар. Әдістемелікмәиі— әрбір жазаның қолданылу тәртібі,! нақты шегі, жағдайлары белгілентен толық тізімнің воылмысқа | қарсы жазалау саясатының бірлігіне, соттың қызметінде заң-| дылық қағвдаттарьшың сақталуына ықпал ететіндігінде. Қарас-тырылып отырған жүйенің тәжірибелікмәні—жъзъ түрлерінің] бірізді орналасуында (жазаның неғұрлым жеңілдеуінен бастап1 қатаң түріне қарай). Бұл — сотқа бұған дейінгі сот жұмысы-ның тәжірибесін, қоғамдық-құқықтық сана мен ғылыми ұсы-ныстарды ескере отырып, сотталушыға заң негізінде ықпал ету шараларын орынды әрі мүмкіндігінше тиімді қолдануға жол ашады.

Заң жүзінде бекітілген жазалар жүйесінің мәні — осы жүйе-ге сүйене отырып, жазаның қайсысы — ең қаталы, ал каисысы

— жүмсақтау екендігін анықтап білуге болатындығында Ал
оның жазаны тағайындау үшін ғана емес, жазаның өтелмеген-
бөлігін неғүрлым жеңілдеу жаза түріне ауыстырған кезде де
пайдасы бар (ҚК-тің 71-бабы).

З^іза түрлерінің түтас жүйесі де, жеке алғандағы әрқайсы-сы да, сотталушыға ықпал жасаушы тәсілдер кешенінен түра-ды. Бүл — сотқа қылмысқа қарсы күрес жүргізу үшін ең үтым-ды шараларды тандап алуға мүмкіндік жасайды. Осы жүйеге сәйкес соттар әртүрлі ауырлықтағы жазаларды қауіпті және^ өте қауіпті қылмыс жасаушылармен қатар, аса қауіпті емес^ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған түлғаларға да қолда-) нуларына болады.

Сонымен, жаза түрлерінің салыстырмалы көптігі — жасал-| ған қылмыспен қатар, оны жасаған қылмыскердің де қоғам-І дык қауіптілігін ескере отырып, оның алдында түрған максат-1 тарына жетуіне әсер ететіндей әділ жаза тағайындауға; мүмкіндік береді1

Жазаның жүйесі мен түрлері сонымен қатар қылмьтсты^ лыққа және қылмыскерге қарсы күрес тәсілдеріне қатысті қоғамда қалыптасқан көзқарастарды да білдіреді. Тарих — жаз; түрлері мен тәртібінің сан-алуан болғандығының куәсі Адам] ның өмірі, денесі, бойындағы ары, абыройы және оның мүлі — жазалау объектісі болып келсе, — өлім, мертіктіру, күі корсетіп қорлап-зорлау, қамау, қудалау, мүлкшен айыру, мас-қаралау — мұның барлығы жаза қолданудың салдары болды. Лйта кетерлік жайт — жазаньщ әрқашанда қылмыскерді мем-пекет атынан айыптаумен қоса жүретіндігі.

Қылмыстық жаза қоғамда көпшілік қолдаитын, яғни қоғам-да үстем саналатын және қоғамның өмір сүруінің негізгі шарт-Іарымен үйлесетін көзқарастарға сәйкес келіп отырды және казіргі кезде де солай болып отыр. Қазіргі заңнамаға ескірген жазаларды кіргізу қоғам үшін тарихи анахронизм (кертарту-Іпылық) болып қабылданып, олардың еш ықпал ету күші бол-мас еді. Бүған керісінше, қоғамдық, саяси, не адамгершілік Іүрғыдан қабылдауға әлі пісіп-жетілмеген жазаларды заңға кіргізу де осындай ахуалға үшыраған болар еді. Қылмыстық (аң мен жаза адамдардың өмір сүру салтына, қоғамдық қаты-пастарға, қоғамның таптық құрылымы мен идеологиясына, мемлекет экономикасының күйіне және осының барльтғының пегізінде орныққан этикалық әрі қүқыктық көзқарастарға гәйкес келуі керек.

Егер де жаза түрлерінің қоғамдық қатынастар мен қоғам-пың дамуының деңгейіне байланыстылығын зерттеп корсек, мынадай заңдылықты байқаған болар едік: өндірістік күштердің дамуының төмен деңгейіне мәдениеттің де төмен /юнгейі сәйкес болғанын; қоғамдық тұрмыстың қатал жағдай-иарынан туындаған дөрекі әдет-ғұрыптар сол қоғамға тиісті І Іцеология мен этикалық кезқарастарға байланысты болғанын; лчазаның түрлері өте қатыгез түрде болған екендігін. ашық-'Іан-ашық қорқытып, үрейін ұшыру; небір зымияндық тосілдермен адамның өмірін қию; мертіктіру және т.б. болға-ІІын; қоғам ішіндегі қарама-қайпгылықтардың шиеленісуі жазаның да қаталдана түсуіне әкеліп соқтырғанын байқаған ()олар едік Аса қатал жазалар соңғы феодализм дәуірінің сфекше белгілері болды. Ү-ші Карлдың 1532 жылы қабылдан-Іан "Каролина" атты қылмыстық ережесі сол замандағы ен кең тараған құқықтық акт болып табылатын. Бірақ, кеибір смідердің заңдарының бертінгі кезеңге дейін де осы "Кароли-ІІадан" айырмашылығы шамалы болып келді. Бүл жөнінде Ф Энгельс былай деп жазған: "Ағылшынның Қылмыстық Кодексінің Еуропадағы ең қатал кодекс екендігі мәлім. Тіпті IN10 жылдың өзінде де ол жабайылығы жағынан "Каролина-дан" еш кем түспейтін: өртепжіберу; айналып тұрған дөңге-Ж'кке салып, жаншып өлтіру; төрттағандап елтіру; тірі дене-дсн ішкі мүшелерін суырып алу жәнет.б. — жазалаудьщ кең қолданылатын, уномды түрлері еді"1. Қылмысқа қарсы күрестің тәсілдері мен түрлбрі тек жазаға және де, өте қатал жазаға тіреліп отырды. Ең бастысы — "зиянды" адамды жойып жіберу немесе оны қатардағы адам сияқты дұрыс өмір сүре алу қабілетінен айыру болды. Қорқыту және қатыгездік — ол за-манның ұраны міне, осы еді.

Алайда, өмір, қатал жаза қолдану — өзіне қарсы қаталдық тудыратынын дәлелдеді. Осының нәтижесінде қылмыс жасау-шылық азаюдың орнына, керісінше, арта түсті. Мұны түсінген алдыңғы қатарлы ойшылдар, бір жағынан, жазаның сиштың өзгертуді, екінші жағынан, қылмыстың алдын алуға бағыттал-| ған шараларды жүзеге асыруды көксей бастады.

Тарихымыздың қазіргі кезеңі жазаның жеңімпаз күшіне| деген сенімнің күйреуімен сипатталып отыр, ал оқымыстыла-рымыз болса, осы тығырықтан шығудың жолдарын іздестіру үстінде. Бүл арада, жазаның мәжбүрлеу мен күш көрсету қ'ағидаттарына емес, көзін жеткізу мен мәжбүрлеудін үйлесімділігіне негізделетін теориясының маңызы ерекшеле-не түсуде. Бүл теория жазаның қылмысқа қарсы күресте ма~ ңызд|І және әзірше әлі қажет қүрал болып қала отырып, со нымен қатар, жалғыз ғана және ең басты емес, тек қосымша құрал екендігінен туындайды.

Қоғамның әлеуметтік өмірінде жазаның орны ең алдымен жоғары гуманизммен, адамға деген рақымшылдықпен айқын-далады. Мәжбүрлеуді қылмысқа қарсы күрестің тәсілдерінін бірі ретінде қолдана отырып, адамға, оның сезімі мен ниетіне, сенімі мен кезқарастарына, оның жеке мінез-құлқыньщ қалып-тасуына әсер етуші тәсіл ретінде тек бір бағыттағы тәрбие меи көз жеткізу ғана оның тұрақты көзқарастарын, дағдылары мен қүқықтық әдеттерін қальштастыруға әсер ете алатындығын айт<І кету керек2.

Қазақстан Республикасның жаңа Қылмыстық кодексінде бүл қағидаттар ескерілген және бүған дейін күшінде болғаи заңмен салыстырғанда, жазаның түрлері айтарлықтай өзгерген Жаза түрлерінің кейбіреулері сақталған, ал басқа біреулерінеп заң шығарушы бас тартқан. Сонымен қатар, жүйеге жазанып жаңа түрлері, яғни қоғамдық жұмысқа тарту, бостандықты піектеу, т.б. сияқты жазалар орынды енгізілген. Жазаның кейбір түрлерінің атауының өзгеруіне сәйкес^олардың мазмұ-ны да өзгерген. Мысалы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық Іпенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; бас бос-тандығынан айырмастан түзеу жұмыстары — түзеу жүмьгстары делінді; тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза — тәртіптік әскери бөлімде үстау деп өзгертілген. Өлім жазасы жаза түрлерінің жалпы тізіміне енгізілді.

ҚК-тің 39-бабындақарастырылған қылмыстық жазалардың толық тізімі оның темендегідей түрлерінен тұрады: айыппүл салу; белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу қүқығынан айыру; қоғамдық жүмыстарға тарту; түзеу жүмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бос-тандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде үстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе қүрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік награ-даларынан айыру; мүлікті тәркілеу.

Заңмен қарастырылмаған жазалардың қолданылуына жол берілмейді.

1959 жылғы Қылмыстық кодексте орын алып келген көпшілік алдында үялту, келтірген залалдың орнын толтыру міндетін жүктеу, жер аудару, қызметінен босату, еңбекпен түзеу профилакторийіне жіберу, ата-аналық қүқықтан айыру сияқ-ты жаза түрлері орынсыз, әрі тиімділігі төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекске кіргізілмеді.

Бұрын кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерінің арнайы тізімі қарастырылмайтын. Енді ҚК-тің 79-бабына сәйкес қылмысты 18 жасқа толмай жасаған тұлғалар үшінжазаныңтөмендегідейтүрлеріқолданыла алады: айытпүл, белгілі бір қызмешен айналысу қүқығынан айыру, қоғамдык жүмыстарға тарту, түзеу жүмыстары, қамау, бас бостандығы-ІІан айыру.

Жаңа ҚК-те жаза жүйесі жаңадан қүрастырылған: олар (жа-чаның түрлері) жеңілдеу түрінен басталып ауырына қарай гізілді. Бұл — қылмыстық қүқықтың қьтлмыскерді жазалау кезінде жазалау қүралдарын үнемді пайдалану сияқты қағида-тымен үйлесіп отыр.

Қазақстандық қылмыстық заңнаманың жазалау жүйесіне жазаның адамды масқаралайтьштүрлері; яғни үрып-соғу, мүгедек сту және өркениетті крғамда қолданылмайтын басқа да жаза түрлеріжатболыптабылады. Қазақстан Республикасы Консти-туциясының 17-бабында былай делінген:

"1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".

Сондықтан да кәмелетке толмағандарға, жүтсті әйелдерге және асырауында жас балалары бар әйелдерге жаза тағайьш-дауда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған.

Жазаның түрлері өздерінің мазмұны, сотталушыға ыкпал ету тәсілі және ауырлығы жөнінен әртүрлі болып келеді. Со-нымен қатар, соттар орындауға міндетті болып табылатын кейбір жазаларды қолдану тәртібі, шегі, шарттары занда тікелей белгіленеді. Бұл, әділеттілік қағидаттарының сақталуын, жаза мелшерінің жасалған қылмыстарға сай болып, әрі жеке басқа қатысты болуын, жаза тағайындау кезінде запдылықтың сақ-талуын және түпкі нәтижесінде, қылмысқа қарсы күресте қыл-мыстық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Жуйеге енетін жсіза турлерініц барлыгы уш топқа бөлінеді: негізЛ, қосымша және әрі н е г і з г і әрі қ о с ы м ш а қолданылатын жазалар (ҚК-тің 39-бабы).

Жазалардың негізгі және қосымша болып бөлінуінің тәжірибелік маңызы зор. Атап айтқанда, қосымша жазаларды колдану — жазаның жекелену қағидатын іске асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қандай түрлерінің негізгі, ал қан-дай түрлерінің — қосымша екендігін дәл атап көрсету заң та-лаптарына толық жауап береді.

Негізгі жазалар — жазаның дербес түрі ретінде ғана тағай-ындала алатын түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде біріктіруге болмайды, және де, жазаның мақсаттарына жету негізінен, осынегізгі жазалармен байланыстырылады2. ҚК-тің 39-бабына сәйкес жазаның негізгі түрлері мьтналар болып та-былады: қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әске-ри қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларының аясында тағайындалатын негізгі жазалардың тек біреуі ғана қолданыла алады. Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен қатар тиісті санкцияда қарасты-рылғанымен, бас бостандығынан айыруға қосымша еш жағдай-да да тағайындалмайды.

Қосымша жазалар — негізгі жазаға қатыстьт көмекші сипатқа ие жаза түрлері. Жазалардың бұл түрі негізгі жазаларды ғана қолдану жазаның мақсаттарын қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданылады1.

Қосымша жазаларды қолдану кезінде белгілі бір талаптар сақталуы тиіс.

Қосымша жазалар өздері ғана дербес түрде тағайындалмай-ды, олар жазаның негізгі түрлеріне біріге алады. Жазаның негізгі түрлеріне оның қосымша түрлері аса ауыр қылмыс жа-салған немесе заңда керсетілген жағдайларда қосылады. Тұлғаға заң бойынша қолдануға болмайтын қосымша жазалар-дың тағайындалуына жол берілмеуі тиіс; мысалы, шартты түрде сотталған түлғаға мүлкін тәркілеу жазасы қолданылмайды (ҚК-тің 63-бабының, төртінші болігі). Қосымша жаза негізгі жазадан қатал болмауы тиіс, әйтпесе негізгі және қосымша жа-залардың үйлесімділік қағидатының өзі іске аспай қалады. Сол сияқтьг, қосымша жазаның түрі негізгі жаза түрімен бірдей болмауы Керек, себебімұндай жағдай орын алса, қандай да бір жазаның занда рүқсат етілгеннен көбірек мерзім мен мөлшер-ге асып кетуіне әкеліп соқтырар еді. Ең басты жазалаушы элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жазаны да тағайындауға болмаңды (мысалы, белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыруға қосымша белгілі бір лауазымды атқару құқығьшан айыруды тағайындауға болмайды).

Егер жасалған қылмыс сараланатын заң бойынша міндетті түрде қосымша жаза тағайындалуы тиіс болса, ҚК-тің 55-ба-бында (белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі не-гұрлым жеңіл жаза қолдану) карастырылған жағдайлар болса гана, ондайжазаны қолданбау мүмкіндігі орын алады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі "Соттардың жаза тағайындау кезінде заңды-лықты сақтаулары туралы" №1 Қаулысында негізгі және қосымша жазалардың дұрыс үйлестірілуінің оның жекелік қағидатының бірізді түрде іске асуына, жазаның мақсатта-рына неғұрлым табысты жетуге әсер жасайтындығын ескере отырып, соттарға қосымша жаза тағайындау мәселелеріне көңіл арттыру керектігі ескертілді.

Қосымша жазалар қатарына жазаның екі түрі ғана жатады: 1) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дишгоматиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; 2) мүлікті тәркілеу.

Айыппүл салу және белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалау-дың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.

Жазаның негізгі түрлері ретінде тағайындалуымен қатар, ҚК-тің 40, 41-баптарында белгіленген жағдайларда жазаның басқа түрлеріне қосуға да болатын айыппүл мен белгілі бір ла-уазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалардың жеке тобын құрайды.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 771 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абайсыздық және оның түрлері. | Айдап салушы және оның жауапкершілігі. | Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде. | Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. | Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау. | Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. | Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде. | Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы | Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. | Ажетті қорғану түсінігі мен мәні |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.| Бас бостандығын шектеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)