Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаттығу әдісі- мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы.

Читайте также:
  1. Бутлеров, Мәрҗани h.б.
  2. Дәрігердің қандай шарасы қате болды?
  3. Дәріс тезистері
  4. Дәріс тезистері
  5. Дәрістер
  6. Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары
  7. Емханаға 7 жастағы баланы алып келді.Қарап тексергенде: 7.1 тісі интактілі, ІІ дәрежелі қозғалғыш екені анықталды.

Ойын- бала әрекетін дамытудың негізгі құралы.

Мадақтау- оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.

Жзалау- жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға ұғындыру және істеген теріс ісіне қынжылу.

Ақыл-ой тәрбиесі- оқушылардың ақыл-ой күшән, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үщін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-әрекеті.

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны- оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту, адамның білімді жинақтау қабілетін меңгеруі және іскерлігі.

Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.

Логикалық ойлау- талқылау, ойлау, дәлелдеу., теріске шығару, қорытынды, болжау жасау.

Абстрактілі ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуді қалыптастыру.

Категориялық ойлау- айырмашылықтары мен ұқсастыртары негізінде ұғымдырды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау- білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Индуктивті ойлау- ойдың жекеден жалпыға, фактілерден қорытындыға қарай қоз,алысы.

Дедуктивті ойлау -ойлардың жалпыдан жекеге, қорытындыдын фактіге қарай қозғалысы.

Алгоритмдік ойлау- нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Моральдің негізгі міндеті- адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынастарды реттеу.

Экологиялық тәрбие- жер тағдыры, ел тағадыры, табиғат иен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін: жер, су, ауа, ғарыша әлемінің қадірін бағалай білейік, табиғатты аман қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Экология тәрбиесінің негізгі мақсаты- жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру.

Тәртіп- мақсат, әрі ойдағыдай тәрбиелеу мен оқытудың қажетті құралы және барлық оқу тәрбие процесінің нәтижесі.

Мінез-құлық мәдениеті- ол өзін қоғамдық ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін сақтай білу.

Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты- жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.

Кәсіптік бағдар беру - педагогтардың, психологтардың, дәрігердердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігіе ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

Экономикалық тәрбие- оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру. Қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру.

Эстетикалық қабылдау- эстетикалық әсерлену, эмоция.

Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.

Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, мінез-құлықтағы сезім түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті.

Сыпайлылық - ұстамды болу, шыдамдылық, өзгелердің талғамын құрметтей білу.

Тәрбие заңдылықтары - жеке адамның дамуы мен қалыптасуыында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын, ажетті байланыстар.

Мақсат- жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатын обьективті құбылыс.

Мақсат- іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.

Тәрбие процесі- сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбие әдісі- мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланатын жол.

Тәрбие тәсілі - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.

Әдістердің жіктелуі- анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі.

Этика тақырыбындағы әңгіме - адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.

Түсіндіру- тәрбиеленушіге эмоционалды- сөзді әсер ету әдісі.

Этикалық сұхбат- тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін қажет ететін жүйелі және бірізді әдіс.

Пікірталастар- тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы.

Жаттығу- автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі.

Талап- тәрбиеленушінің белгілі бір әрекетін тежеп не ынталандырып, жеке қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі бір қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдісі.

Жарыс- адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәпһрбиелеуде оқушылардың табиға бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс.

Технология - өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі.

Тәрбие ісі - тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі.

Отбасы тәрбиесі- көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.

Тәрбиелік жүйе - ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарттары: мақсат, міндет, мақсат, іс-әрекет тәсілдерінің байланыстылығы.

Мектептің тәрбие жүйесіндегі материалдық ұғымы - адамдар, ұжымдық құрал-жабдықтар мен пед-қ қатынастардың материалдық қолдаушысы, қорғаушысы.

Мектептің тәрбие жүйесіндегі процессуалдық ұғымы - тәрбие, оқу-тәрбие процесі, пед-қ процесс, әрекет.

Мектептің тәрбие жүйесіндегі идеалдық компонент ұғымы - ұғымдар, ережелер, тәрбие жүйесінің мақсаты, түрлері, даму кезеңдері.

Тәрбие әдісі- жеке басқа ықпал ету құралы.

Тәрбие әдісі- тәрбие мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы - тәрбиеші мен тәрбиеленуші қарым-қатынасын және әр түолі ішкі байланыстарды айқындайтын, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру тәсілі.

Топ- бір немесе бірнеше белгілер негізінде біріккен адамдар бірлестігі.

Диффузиялық топтар - тұрақсыз, жылдам ыдырап кететін топтар.

Оқушылар ұжымы - ортақ мақсат пен қоғамдық іс-әрекет арқылы бірікке тұрақты бірлестік.

Жоспарлау - тәрбиеші педагогтың негізгі іс*әрекетінің бір бөлігі.

Тәрбие жұмысының әдістемесі-С.Г.Губашева,А.Ж. Отарбай,Астана 2007ж.

Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетің субьектсі ретіндегі индивид.

Даму - төменнен жоғары қарай, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс, эволюцияылқ ауысу, жоғары саплы күйге спираль өрлей процесі.

Қалыптасу- жеке тұлғаның дамуының нәтижесі,бір нәпсеге пішін мен тұрақтылық беру, толықтық және нақты бір түр беру.

Макро орта- адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы.

Микро орта -баланың ең жақын қарымө-қатынас ортасы, оның дамуына әсер ететін құбылыстар мен адамдар әлемі.

Ерешелік- адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі.

Даму- ішкі нерв жүйесі қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі(И.П.Павлов)

Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығын елестетуі.

Табиға орта- түрлі табиғат жағдайларының адам тұрғысына, қызметіне ықпал жасауы.

Принцип - адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.

Тәрбие әдісі- педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. (Т.Е.Конникова)

Тәрбие әдісі - жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. (И.С.Марьенко)

Тәрбие әдісі - тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері(В.А.Сластенин)


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 840 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дістемелік қамтамасыздыру | Дарынды балалармен жұмыс. | Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ | Сынып жетекшінің диагностикалық картасы | Тәрбие жұмысын жүргізуде тәжірибені зерттеу. | Азіргі жағдайдағы балалар бірлестіктері мен ұйымдары. | Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары. | Салауаттанудың даму кезеңдері. | Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Педагогика-Ж.Б.Қоянбаев.Р.М.Қоянбаев,Алматы 2004ж.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)