Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары

 

\ Оқу\ жүйе-\лері Пара- \ метрлер \ Дәстүрлі білім беру (білімді жинақтауға негізделеді) Интербелсенді оқу (бічшді өздігімен игеруге негізделеді)
Негізгі мазмүны Оқыту, үйрету, білім беру (үйренушілердің толык білімсіз-дігі пайымдалады) Оқу, үйрену, білім алу («үйрену арқылы ғана білімді меңгеру ыктимал» деген кағида үстанады)
Негізгі мақсаты Адамдардың күнделікті бол-мыска бейімделуі, «білікті-лік» тұжырымы бойынша білім, білік, дағды «беру» Күнделікті болмысты адам мұқтаждарына сәйкес түбегейлі өзгерту, «құзырлылык» («компетенция») тұжырымы бойынша кұзырлардың (компетенциялардың) қалыптасуына тиімді орта мен жағдай жасау
Субъект Оқытушы Студент пен оқытушы
Объект Студент Бүкіл Әлем, бүкіл өмір (өмір сүру, еңбек жасау, қарым-қатынас, жаңа нәрсеге үйрену)
Оқытушы рөлі Білім көзі, белсенді үйретуші, біліммен «бос ыдыстарды» толтырушы, студенттерден анағұрлым көп білуші, «солист», «жалғыз актерлі театр» актері, «асаба» Таным процесі мен үйренуді ұйымдастыру-шы, жүргізуші, бағыт-бағдар сілтеуші, проблемалық түрде студенттер түйсінетін жэне талдайтын болмысты кұрастырушы.
Студент рөлі Ырықсыз, бәсеңді, айтқанды орындаушы, кайталаушы, тыңдаушы Белсенді, өз біліміне деген жауапкер-шілікті түсінуші, білімді өздігімен игеруші, өз қажеттіліктерін айқындаушы.
Оқытушы әрекеттері - Мәліметтер мен ақпараттар береді; - Өзі жасаған қорытындылар мен тұжырымдарды келтіреді; - Тапсырмалар береді; - Студенттердің білімін тексереді. Студенттерде мынандай қабілеттерді дамытуға ұмтылады: - өзіндік әрекеттер мен қөзқарас қалыптастыру мен дамыту, - ақпаратты өздігімен игеру: талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құру; - проблеманы айкындау және оны шешу жолдарын қарастыра білу, - келіссөздер жэне пікірталас жүргізе білу, - өз сөзіне иландыру және бітімге келе білу.
Студент әрекеттері - Бастамашылдық пен ынтаны көрсетпейді, олардың есіне өз міндеттерін жиі салып, әрекеттерін қадағалап, бақылап отыру керек. - Сабақта енжарлық пен ыктиярсыздықты байқатады. - Бәсеңділік (пассив) пен ырықсыздыққа беріліп, корытынды нәтижеге деген кызығушылығы мен жауапкершілігі жоқ - Білімді өздігімен игереді; олар білімді өзіндік түсінік, ойлар, идеялар, көзқарас деп тусінеді. - Өз біліміне деген жауапкершілігі жоғары: оларға еш қысым жасаудың қажеті жоқ. - Бастамашыл, белсенді.

 

Оку мақсаттары- ныц студент мүддесіие қатысы Студенттердің талаптарына сәйкестелмеген оқытушы құрастырған бағдарламалар мен жоспарлар бойынша; оқу логикасы мен мақсаттары, күтілетін нэтижелер студент қатысуынсыз бекітіледі; студенттер талқылауға катыстырылмайды, олардың пікірі ескерілмейді. - Студенттердің мұқтаждары мен мүдделеріне сэйкес. - Барлық қатысушылар шешім қабылдауға өз үлесін қоса алатындығын сезінеді. - Барлық қатысушылар өз шешімдерін жүзеге асырудағы өз жауапкершіліктерін сезінеді.
Әдістемелік үстаным Білім дайын күйде беріледі, шығармашылыққа жол берілмейді. Оқу/оқыту - есте сақтау деп түсініледі. Білім дайын түрде берілмейді, білімді күмэнданып қабылдау: бұл ұстаным диалогтық қарым-қатынас, сыни көзқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделеді.
Әдістемелік тәсілдер Монолог, авторитаризм, қысым жасау, жасандылық, ұрандар, «мәдени жаншу (диктат)». Диалог, еркіндік, қысымнан арылу, өзінділік, мэдени ықпал.
Проблемаларга қатынасы Проблемалардың пайда болуы жеңіліс деп түсініледі Проблемалардың пайда болғаны оларды шешу жолдарын іздестіруге бастайды

(Кестеде Н.Кравченконың идеялары қолданылды)

- Оқу/оқыту дегеніміз диалог, ал диалог - адамгершілікке үйренудің ең тиімді әдісі.

- Білім мазмұны үйретушінің талаптарымен айқындалмай, үйренушінің мұқтаждары мен мүдделерінен туындайды.

- Оқу/оқыту қоғамға қызмет жасау идеясы арқылы жүзеге асырылады.

- Әр сабақта үйренуші тұлғасында конструктивизм, оптимизм, позитивизм секілді жағымды қасиеттердің дамуына ықпал жасау керек.

- Рефлексия - дүниетаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі, рефлексиялық тұлға қалыптастыру - оқу/оқытудың негізгі мақсаты.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1188 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Басқару әдістері. | Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны | Дәріс тезистері | Дәріс тезистері | Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-әдістемелік кабинет | Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесi | Мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу тәртiбi | Тәрбиеші портфолиосының негізгі бөлімдері. | Мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлаудың мемлекеттік жүйесі. | Модуль. Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні, басқару негіздері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йрену/үйрету процесі банкке ақша салғандай шәкірт басына білім жинақтау емес!| Диалог-адамгершілікке үйренудің ең тиімлі құралы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)