Читайте также:
|
|
Президент Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде бұл туралы былай деп жазған еді: «...менің интерактивті білім беруді дамыту жөніндегі алға қойған міндетім, өкінішке орай, тар мағынада түсініліп, солай жүзеге асырылуда интерактивті тақталарды пайдаланумен интерактивті білім беруге қол жеткізе салмаймыз».
Маған көптеген әріптестеріміз «Бізге интерактивті тақтаны қолдануды үйретіп берсеңіз болғаны, қалғанын өзіміз де қатырамыз!» деп жиі қолқа салады. Алайда Н.Сандерстің кестесіне жүгінетін болсақ, интерактивті тақтаның тиімділігі 15-30% аралығында ғана болады емес пе?!.
Бұған қоса, біріншіден, интерактивті тақтаны сабақта қолдануды оқытушының өзі үйренбесе, менің үйреткенімнен не пайда келер екен? Интерактивті тақтаға үйрену, оны игеру тіпті де қиын емес...
Бірде оқыту семинарында мен ұстаздарға тақтаның барлық тетіктері мен түймелерін басып, олардың қандай қызметтер атқаратындығын көрсетіп беріп, аудиториядан шұғыл шаруамен бір сағатқа шығып кеткен едім. Кетерімде әріптестеріме интерактивті тақтаның
қарындаштарын қалдырып: «Өздеріңіз қолданып көріңіздер! Тек қорықпаңыздар, өйткені бұл тақтаны балғамен ұрып сындырмасаңыздар, қарындашпен сындыра алмайсыздар!» деп айттым...
Бір сағаттан кейін қайтып келсем, эріптестерім риза болып отыр екен: «Үйрендік! Еш қиындығы жок екен!». Олар маған тақтада форматтау, қарындашты қолдану (жазу, сурет салу, өшіргішті қолдану), «Шымылдықты» қолдану, слайдтар мен мәтіндерді көрсету және басып шығару секілді операцияларды көрсетіп, Интернетпен қалайша байланыс құруға болатындығын тізбектеп жатты... Мен оларға: «Өздеріңіз-ақ үйреніпсіздер ғой! Енді сіздерге білімдеріңізді жалғастырып, мульти-пликацияны үйреніп, өздігімен электронды сабақ жоспарларын немесе тіпті электронды оқулықтарды құрастыру қажет!» деп, алдарына биік мақсаттар қойдым...Ал біздің «Мені интерактивті тақтаға үйретсе, - қырар едім, жояр едім, сабақты менен жақсы ешкім де жүргізбес еді!» дегеніміз баяғы масылдықтың айшықты көрінісі емес пе? Әдеттегідей «Мені біреу үйретсін!» деп проблемаларымызды басқаларға сілтеп отырғандығымыз осы емес пе? Бала кезде В.Маяковскидің «Үшқыш болғым келеді! Менібұған үйретсін!» («Я бы в летики пошел! Пусть меня научат!») деген өлең жолдары әбден санамызға сіңіп кеткен бе? Бірак өзіміз өздігімізше үйренбесек, үйренуге ұмтылмасақ, ынталанбасақ, «Білем! Үйренем!» деп жігерленбесек, бізді ешкім де үйрете алмайды емес пе?!.' «Үйрету мүмкін емес! Үйрену ғана ықтимал!» кағидасының өміршеңдігін үмытпау кажет!..
Екіншіден, интерактивті тақта тек көмекші құрал емес пе? Егерде біз бұндай тақтаның құлағында ойнап, оны сабақта қолдануды жан-жақты игеретін болсақ, біз ұстаз қызметі мен өнерінің бір ғана қырынмеңгергендігімізді көрсетеміз.
Алайдаинтерактивті тақтаны үйрену арқылы біз барлык проблемаларымызды шешеміз деп тұжырымдаудың қисыны жоқ секілді.
Біз былайша (тиімді турде)
үйреиеміз:
- пікір таластырганда;
өзіміз өз қолымызбен жасаганда
(белсенді эрекеттер арқылы);
- бірлесе оқығанда;
- басқаларды үйреткенде;
- ойын түрінде.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары | | | Модуль. Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару пәні, басқару негіздері |