Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Педагогика-ж. Б. Қоянбаев. Р. М. Қоянбаев,алматы 2004ж.

Адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі(А.С.Макаренконың жүйесі). Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея. Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы “параллельді әсер ету қағидалары” деп атады.

Ата –аналармен жұмыс. Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Афиндық тәрбие жүйесінің мақсаты - әскери жауынгерді дайындау емес, одан гөрі білімді, қабілетті жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу.Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше роль атқарды.

Әлемдік өркениет - (лат. civis - азамат) -
1)адамзаттың қол жеткен табыстарының жиынтығы;
2)әлемнің қарқынды ілгері дамуы;
3)нақтылы алдыңғы қатарлы (әдетте батыстық) әлеуметтік тәртіптің нормативті түсінігі.

Әлеуметтік институт - бұл адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайда болған, белгілі бір әлеуметтік мәні бар функцияларды атқаратын, әлеуметтік әрекеттестіктің тарихи қалыптасқан, нығайған, өзін-өзі тұрақты жаңартып отыратын, әлеуметтік жүйеде тығыз байланысқан, әлеуметтік нормалар мен ережелер, әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер негізінде мақсатқа бірге қол жеткізетін адамдардың ұйымдасқан бірлестігінің түрі.

Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.

Әлеуметтік серіктестік - халықтың ірі топтары мен қабаттары, атап айтқанда, кәсіпорындар, жалдамалы қызметкерлер және мемлекет арасындағы қоғамдық, әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеудің конфронтациялық емес тәсілі.

Біліктілік — адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.

Демократияландыру принципі – тәрбие қызметіндегі субъекттердің тең құқылы және әлеуметтік әріптестігін қалыптастыру; студенттік өзін өзі басқару жүйесін қалыптастыру және оның университеттің әкімшілік-басқару құрылымдарымен тиімді байланыстарын орнату.

Детерминация - дүние құбылыстарының себептілігі және табиғат, қоғам құбылыстарында заңдылықтың барлығы.

Джентельменді қалыптастыру жүйесінің авторы (батыс-европалық жүйе) ағылшын педагогы және философы Джон Локк. Оның пікірінше тәрбиенің негізгі мақсаты – джентельменді тәрбиелеу. Ол үшін мектепте ол латын және француз тілдерін, арифметиканы, геометрияны, географияны, тарихты, би өнерін, фехтованиені және қоғамда өзін-өзі ұстау ережелерін меңгеру керек деп есептеді.

Диагностика — техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Жан-жақты тәрбиелеу – баланың ақыл-ойына, эстетикалық талғамына, дене бітіміне, сонымен қатар айналадағы өмірге деген көзқарасына ықпал ету.

Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы.

Заңдылық (ағылш. legalitу; lawfulness) - Демократиялық саяси жүйенің жалпы принциптері. Заңның бірлігі мен үстемдігімен, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен жеке азаматтардың оны дәл, барлық жерде және бұлжытпай орындауы, құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқықтық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы және адамның құқы мен бостандықтарының кепілдігі түрінде көрінеді.

Зиялылық, зияткерлік, интеллигенттік (ағылшынша іntellectualіsm, французша іntellectualіsme, немісше іntellectualіsmus) – адамның жоғары мәдениеттілігінің, ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым.

Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –

1) ой, түпкі ой;

2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;

3)теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік;

4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.

Индивид (жеке адам) -тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.

Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Компонент – құрамдас бөлік құрауыш (бірдеңенің құрам дас бөлігі).

Қағидат (лат. principim, бастау, негіз) - негізгі бастапқы жағдай, жетекші идея; іштей сенім; мейлінше қолайлы жағдай жасау қағидат - екі елдің арасындағы қатынаста шарттәртібінде белгіленетін құқықтық ереже; қажетті жеткіліктілік п. - әскери доктринаның бастапқы жағдайы, оған сәйкес елді корғау кепілдігіне қаншалықты қарулы күштер керек болса, соншалықты олардың болу қажеттігі.

Қасиет – адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым.

1) Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-абырой, адалдық пен әділеттілік, т.б.)
2) Объектілердің немесе энергияның белгілі бір әсер еткен немесе өзара әсер еткен жағдайлар байқалатын сандық немесе сапалық сипаттамасы.

Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды.

Құндылық бағдары – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы.

Мектептің тәрбие жүйесі - тәрбиелеудің мақсатына жетудің қолайлы құралы.

Мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы − мектептің тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі.Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін мектептен тыс уақытта жүргізілген жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізеді.

Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы.

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.

Педагогикалық диагностика - 1. оқу-тәрбие процесін тиімді ету немесе оның нәтижесінің қоғам үшін маңызды екенін негіздеу мақсатымен оқу-тәрбие процесінің барысында оның алғы шарттары, жағдайы және нәтижесі зерттелетін іс-әрекет; 2. оның нәтижелерінің жағдайының себептерін анықтайтын іс-әрекет.

Педагогикалық процесс — әлеуметтік құбылыстарды және процестерді біртұтас жүйелік оқыту процестің байланысты бір жүйесі.

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз- мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

Принцип - негізгі ереже, басқарушы идея.

Рухани-адамгершілік құндылықтар ғасырлар бойына дүниетаным мен дәстүр негізінде үздіксіз қалыптаса отырып атадан балаға, яғни ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде берілетін баға жетпес асыл қазыналардың бірі.

Спартандық тәрбие жүйесінің мақсаты-спартиат балаларының әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды болашақ құлиеленушілерді дайындау болды.

Субъект (лат. subjectum — бастауыш) —

1) Болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші. Субъект индивид немесе топ іс-әрекетті танудың және өңдеудің негізі ретінде; іс-әрекеттік белсенділіктің тасымалдаушысы.

2) сараптауға қатысатын (өз еркімен немесе күйттеп) организм.

және мемлекет арасындағы қоғамдық, әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеудің конфронтациялық емес тәсілі.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі.

Сыныптың тәрбиелік жүйесі – баланың тұлға ретінде өсуіне тиімді әсерін тигізетін оның өмір сүруі мен дамуы үшін жағымды орта;

Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Тәрбие жұмысы -мұғалімдердің кәсіби кызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы, яғни педагогикалық әрекет.

Тәрбие жұмысының мақсаты- ой-өрісі кең,эстетикалық талғамы бар,өзін-өзі дамыта алатын,талапты да талантты,рухани-адамгершілікті қарым-қатынасқа дайын өмір белсенділігі қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.

ТӘРБИЕЛІК ОРТА – ҰЛТТЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ САҚТАУ ТЕТІГІ.

Тәрбие үрдісі (процесі) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпалы мен тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тенденция -немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс;

Функция (лат. functіo – орындау, атқару, жүзеге асыру): Қызмет, міндет, жұмыс; қатынастар жүйесіндегі қайсы бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі;.Социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт атқаратын рөл;

Лингвистикада – тілдік бірліктің немесе тіл құрылымы.

Ынталандыру принципінің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.

Іскерлік – ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланғанбелсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі,өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі.

Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.

Эстетикалық талғам — әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 2029 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дарынды балалармен жұмыс. | Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ | Сынып жетекшінің диагностикалық картасы | Тәрбие жұмысын жүргізуде тәжірибені зерттеу. | Азіргі жағдайдағы балалар бірлестіктері мен ұйымдары. | Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары. | Салауаттанудың даму кезеңдері. | Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары. | Глоссарий |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жаттығу әдісі- мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы.| Педагогикалық жағдаяттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)