Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Читайте также:
  1. ГЛОССАРИЙ
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамның мақсаты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың ана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы.

Тәрбие - материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталған процес.

Тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік –экономикалық жағдайларынан туатын обьективті процесс.

Мақсат - бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру.

Тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. ״Тәрбие мақсаты мен міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек. Келесі ғасырдың қвндвй болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты״ (Я.А.Коменский.)

Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс.

Тәрбиенің мақсаты - балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту. (И.Г.Пестолоцци)

Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу. ״(А.Дистерверг)

Тәрбиенің мақсаты - қоғамға пайдалы адамшылығы бар адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты - балаға жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның және жеке адамзаттық идеалдарын қалыптастыру. (П.П.Блонский)

Тәрбиенің мақсаты - баланы жан-жақты дамыту. (А.С.Макаренко)

Көркем денелі, түзу ойлайтын,дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу көз, сиқырлы үн, ідемі түрден ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын аам болғандығы. (М.Жұмабаев)

Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты- Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындатып, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.

Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным- адамның табиғат пен әлеуметтк орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары.

Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Адамгершілік тәрбиесі - адамдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру,сүйіспеншілік, қайырымдылық сезімін дамыту.

Еңбек тәрбиесі - баланы іскерлікке, еңбек дағыдсына, мамандық таңдауға тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие - бейнелеу өнері,көркемөнер шығармашылығы арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы түсінік қалыптастыру.

Дене тәрбиесі - баланың ағзасын дамыту, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижелерін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу.

Тәрбие диалектикасы - сыртқы ықпалдың адам санасына өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс.

Ішкі қарама-қайшылық - тәрбиеші талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің, қажеттіліктер мен қанағаттандыру тәсілдерінің арақатынасы

Сыртқы қарама-қайшылықтар - қоғамдық ережелер мен адамдардың тәртібі арасындағы сәйкесіздік, мұғалім мен оқушы арасында,ы қатынам.

Заңдылық- педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланыс.

Қарым-қатынас - белсенді тұлғаның мінез-құлқын, жүріс тұрысын қалыптастыру негізі.

Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстар мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды түсінуге қолданылатын тәрбие құралы.

Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-һзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғандағы тәрбие жұмысының нәтижесі.

Принцип - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парсатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.

Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы.

Жеке міндеттеме - белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету.

Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмыстарды атқару, баланың өз қылығына жауаптылығы, жолдастармен тәжірибе алмасуы.

Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.

Өзіне баға беру - мінез-құлыұтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзі тәрбиелеуі.

Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу.

Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау.

Түзету- оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемщіліктерді жеңу.

Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.

Қайта ұғындыру - тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көзқарасарын өзгерту.

Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.

Тәрбие әдісі - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің арасындағы өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Тәрбие тәсілдері - тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жету жолдарын ұсыну.

Бағдарла у- іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастыру.

Қарым-қатынас тәсілі(коммуникативті)- балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектесу

Бағалау- оқушылар адамдардың қимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп-бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбек жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бақылауға үйрету.

Тәрбие құралдары - оқушының адамдық қасиетін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.

Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі- сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылаын талаптар, еңбектің басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына қол жеткізу.

Этикалық әңгіме- этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату.

Пікірталас - пікір білдіру, өзіне баға беру, жалған көзқарастармен күресу. Көзін жеткізу- тәрбиешінің өз тәртібі, балалар көзқарасына ықпал ету.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 2292 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. | Дістемелік қамтамасыздыру | Дарынды балалармен жұмыс. | Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ | Сынып жетекшінің диагностикалық картасы | Тәрбие жұмысын жүргізуде тәжірибені зерттеу. | Азіргі жағдайдағы балалар бірлестіктері мен ұйымдары. | Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары. | Салауаттанудың даму кезеңдері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары.| Жаттығу әдісі- мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)