Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәрбие жұмысын жүргізуде тәжірибені зерттеу.

Читайте также:
  1. Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.
  2. Жаттығу әдісі- мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы.
  3. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесi
  4. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие-білім беру жұмысына бақылау жасау
  5. Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын жоспарлау.
  6. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница
  7. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница

Жоспары:

1.Тәрбие жұмысын өткізуде тәжірибені зерттеу, фактілерді жинақтау.

2.Тәрбие жұмысын өткізуде тәжірибені қорытындылау.

3.Озат тәжірибені ендіру сатылары.

 

Тәрбие жұмысы мектептегі үрдістің құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі – мақсаты сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптасттыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда ғана,толығымен ұжымдық өзара жағымды әркеттесу дағдысы қалыптасады.

3. Балада әртүрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және біліктілікпен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, тәрбие жұмыстарында бала өзіне пайдалы жағын ала білу тиіс және оны өзіндік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4. Баланың дүниетанымының компонеттері:адамгершілік, эмоционалды, ерік-жігерін қалыптастыру. Тәрбие жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоционалдық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтайды, Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалімнің жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін. Демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Әрбір адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі тәрбие жұмыстары арқылы берілетін тәрбие. Осыған орай тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олардың бойында жақсы ізгі қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет.

Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.

Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым-қатынаста, моральдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.

- Біріншіден, тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне, назар аударуды міндеттейді (сезім арқылы ақыл-ойына әсер етуді көздейді);

- Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді);

- Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;

- Төртіншіден, коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу; (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.)

-Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.

5. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, тәрбие жұмысында жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекетермен ұштасады.

Тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін үрдіс. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзатық құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Төртіншіден, әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғам-дық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с.

Бесіншіден, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.

Алтыншыдан, тәрбие жұмысының нәтижесінде күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің ңәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қарастырылады.

Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-құлқына жаңа сипат ендіруге ықыластарын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уақыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзақ болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімнің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінес демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының қорытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын қорытындылайды.

Бұл бөлім мұғалімге қаралып отырған мәселені оқушылардың практикалық тұрғыдан жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады.

Тәрбие сағатын нәтижелі өткізу көбінесе мына шарттарды еске алған жағдайда табысты болмақ.

6. Сынып жетекшісі тәрбие сағатының ұйымдастыру формалары мен мазмұнын, амал-тәсілдерін түрлендіріп отырғаны абзал.

7. Тәрбие сағатының мазмұнын құрастыруда оқушыларға жаңа мағлұмат бере отырып, біртіндеп оны бағалау, талдау әрекетіне көшіп отыруы тиіс.

8. Сынып жетекшісі тақырыпты немесе мәселені талдау барысында оқушылардың сөзіне аса жауапкершілікпен назар аударып отыруы, кез келген жағдайда түзетулер енгізіп отыруы, қосымша сұрақтар қоюы, олардың назарын мәселенің басты идеясына бұрып, жетелеп, ой тастап, көмектесіп отыруы қажет.

9. Оқушылардың материал мазмұнын қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.Әсіресе тәрбие сағатының шамамен 20-25 минут өту барысында оқушылардың белсенділігі бәсеңдеу болған жағдайда мазмұны қызықты жаңа мәселені қою, таңқаларлық жағдаят ойластыру, әрекет түрін өзгертуді ойластыру қажет.

10. Сынып жетекшісінің сөз мәнері, дауыс ырғағы, оның қарым-қатынаста тілектестігін ескерудің маңызы өте ерекше.

11. Тәрбие сағатын өткізу барсында оқушылардың мінез-құлқы турасында үгіт – насихат айтуға жол бермеу керек. Мұндай жағдай тәрбиенің нәтижесіне кері ықпал етуі мүмкін.

12. Тәрбие сағатының барысында оқушылардың орналасуы, кіммен пікірталас болу, таңдау құқығын өздеріне қалдыру.

13. Тәрбие сағатын өткізу тәжірибесін жинақтауды біртіндеп дәстүрге айналдыру қажет.

14. Тәрбие сағатын өткізу барысында оқушылардың жағымды қарым – қатынасын тәрбиелеу қажет (тыныштықты сақтау; сөйлеушілердің сөзін бөлмеу, жақсылап тыңдау; өкпеназ, талас тудырмау;).

Мұндай дәстүрлі тәртіптің орнығуы оқушыларда жалпы мінез-құлық мәдениеттің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

13. Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі.

Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

• өз беттерімен білім ала білуі;

• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

• оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелер-ге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құрал-дарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді. Жаңалық–озат тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу. Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады. Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды. Озат тәжірибенің жинақталып, ендіру жолдары: Әрине, iстiң көзiн тапқан адамға озат тәжiрибенiң ендiрiлу жолын табудың қиындығы жоқ.

Ендірілу жолдары мына төмендегіше:

- Ғылыми- практикалық конференция арқылы

- Ашық сынып сағаты арқылы

- Семинар- практику арқылы

- Үлгілі тәрбие мектебі арқылы

- Әдістемелік бірлестік немесе кафедра арқылы

- Жас мұғалімдер мектебіндегі оқу- практикум арқылы

- Теледидар арқылы бейнефильмдер арқылы

- Ендірілген озат тәжірибе нәтижесін анықтау жолдары

- Жарты жылдық салыстырмалы бақылау, байқау жұмыстарының нәтижелілігінен.

- Оқушылардың пәндік олимпиадаларда жақсы нәтиже беруі

- Жоғары орында грант, несиеге түсу санының артуы

- Оқушылардың ойлау жүйесінің парасат- паымының артуы

- Отандық патриотизмі

- Ғылыми жобаға қатысушылар саны және нәтижелілігінің артуы

- Тереңдетіп оқуға ынталылық білдіруі, нәтижелілігі

- Өзін-өзі дамыта білуі

-Оқушылардың өмiрлiк белсендiлiгiнiң артуы, өзiндiк көзқарастарының қалыптасуы

- «Алтын белгi» орта мектептi үздiк бiтiруi, негiзгi мектептi үздiк бiтiруi, жеке пәндер бойынша ғылыми жұмыспен айналысуы

- Уақытты тиімді пайдалану

- Мұғалiмнiң, оқушының зертханалық жұмысын НОТ /еңбектi ғылыми ұйымдастыру.

Осымша


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 1420 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Схематикалық процедураның талдауы. | Иын баламен жұмыс | Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу мәселелері | Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі. | Дарындылықтың диагностикасы | Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар. | Дістемелік қамтамасыздыру | Дарынды балалармен жұмыс. | Кіріспе | Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сынып жетекшінің диагностикалық картасы| Азіргі жағдайдағы балалар бірлестіктері мен ұйымдары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)