Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алыпты және патологиялық тістеулер.

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Тістеу, occlusion dentis жоғарғы және төменгі тіс қатарының жақсүйекті жапқан кезіндегі қатынасын атайды (сурет 5).

Тістеу орталық окклюзиядағы тіс доғасының орналасуы. Тістеудің физиологиялық және патологиялық түрлері бар. Физиологиялық тістеуде шайнау, сөйлеу бет пішіні өзгермейді. Ал патологиялық тістеуде осы немесе басқа өзгерістер болады.

Физиологиялық тістеу түрі жасқа байланысты өзгереді. Жаңа туылған және емшектегі балаларды тіс шыққанға дейін үш түрлі альвеолярлы доға қатынасы болады. 70% альвеолярлы доға бір деңгейде, 27% жағдайда төменгі жақсүйектің альвеолярлы жиегі артқа жылжыған және 3% жағдайда қатты артқа қарай жылжыған. 2,5-6 жаста сүт тістер болады, сондықтан сүттік тістеу деп аталады. Олардың тістеуі сүттік деп аталады.

 

5-сурет. Орталық окклюзияда тіс қатарының орналасуы

А-алдынан көрінісі; б-жанынан көрінісі.

 

Бұл кезде соңғы азу тістердің жоғарғы және төменгі азу тістердің дисталды беткейлері бір фронталды жазықтықта орналасады. Тістеу кезінде бірінші азу тістердің түйісу беткейлері бір-бірімен сәйкес келеді.

12-14 жаста тұрақты тістеу қалыптасады. Бірінші төменгі моляр жоғарыға қарағанда алға қарай шығыңқы орналасқан. Бірінші төменгі молярдың медиалды вестибулярлы төмпешігі бірінші жоғарғы молярдан алға орналасып, екінші жоғарғы премолярмен байланысады. Бірінші моляр арқылы басқа тістердің қатынасы бағаланады, сондықтан жоғарғы және төменгі молярдың қатынасы тіс жүйесінің кілті деп аталады.

Қалыпты физиологиялық тістеудің 4 түрі бар: ортогнатия, прогения, бипрогнатия және тік.

Ортогнатия да (orthos-тік, gnatio-жақсүйек) жоғарғы жақсүйектің күрек тістері төменгі жақсүйектің тістеуінің сауытын 1/3 қатынасындай биіктігін жауып тұрады.

Прогения (pro-алға, genio-иек) бұл кезде қарама-қарсы қатынас байқалады. Бипрогнатияда жоғарғы және төменгі тістердің алғаш иілуі төменгісінің жоғарғысын жабуымен ерекшеленеді. Тік тістеуде жоғарғы және төменгі күрек тістердің кесетін жиектері бір-бірімен жанасады.

Патологиялық тістерге кейбір прогнатия мен прогения деңгейлері, сонымен қатар ашық, жабық, қиылысқан тістер жатады. Ашық тістерде төменгі және жоғарғы күрек тістер арасында үлкен және кіші саңылау түзіледі.Алдыңғы тістермен байланыс болмайды. Жабық тістерде жоғарғы күрек тістер төменгісін толық жабады.Қиылысқан тістерде алдыңғы тістер дұрыс жанасады, төменгі азу тістердің ұрт шайнау төмпешігі ішке қарай емес, жоғарыдан сыртқа қарай орналасқан.

 

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 657 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері. | Тіс беткейлері | Тістің гистологиялық сипаттамасы. | Тістің формуласы. | Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе| Күрек тістер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)