Читайте также:
|
|
Жақсүйектерде орналасқан тістер тіс доғасын құрайды. Стомотологияда тіс доғасы деп сауыттық кесуші беткейіне вестибулярлы жиек арқылы өткізілген сызықты атайды. Тұрақты тістердің жоғарғы қатары жоғарғы тіс доғасын құрап, arcus dentalis superior, эллипс пішінді, ал төменгілері – төменгі тіс доғасын, arcus dentalis inferior құрайды, олардың пішіні – параболикалық. Жоғарғы тіс доғасы төменгіден кеңірек, сондықтан төменгі тістердің жалпақ беткейлері сәйкес төменгілерді алға және сыртқа орналасады.
Тіс доғасынан басқа стомотологияда альвеолярлы доға бөліп қарастырады. Ол альвеолярлы өсіндісі қырына жүргізілген сызық және базальды доғаны ажыратады, ол түбір ұшымен жүргізілген сызық. Қалыпты жағдайда жоғарғы жақсүйектегі тістер доғасы альвеолярлы доғадан кеңірек ал альвеолярлы базальдыдан кең. Төменгі жақсүйекте ең кеңі базальды доға, одан кейін альвеолярлы және ең тары тіс доғасы. Келтірілген доғалардың пішінінің әртүрлілігі тістердің орналасуына байланысты.
Тіс доғасы бірігіп тұтас функционалды жүйені құрайды, оның бірігуі мен тұрақтылығын альвеолярлы өсіндісі, парадонт және тістердің орналасуы қамтамасыз етеді
Көрші тістерде жанасу беткейлері болады, олар кесуші беткейлердің түйісуіне жақын шығыңқы. Тісаралық байланыс шайнау кезінде көрші тістергі қысым түсіруге және әр тіс түбіріне түсетін қысымды азайтады. Қызметіне байланысты байланыс орындары бір-бірімен үйкелу арқасында үлкейіп, тістердің физиологиялық қозғалысына әкеледі. Байланыс нүктесінің үйкелуінен тіс доғасы кішірейеді. Төменгі тіс қатарының түбір тістердің сауыты ішке және алға, ал түбірлері – сыртқа және дисталды орналасып, тістің тұрақтылығы мен оның қозғалысын алдын ала ескертеді. Жоғарғы тіс қатарының тұрақтылығы түбірлер санына байланысты.
Азу тістердің шайнау беткейлері мен алдыңғы тістердің кесетін жиектерінен құралған беткей окклюзионды деп аталады. Окклюзионды беткей арқылы жүргізілген сызық сагиталды окклюзионды сызық деп аталады.
Төменгі жақсүйектің шайнау бұлшықеттерімен функционалды ығысуы «артикуляция» терминімен белгіленеді.
Тіс қатарының түйісу кезеңіндегі жағдайы окклюзия деп аталады. Окклюзияның төрт түрі бар: орталық, алдыңғы және екі бүйір – оң және сол. Орталық окклюзия тіс қатарының орталық түйісуінде және антогонист тістерінің физиологиялық байланыста түзіледі. Алдыңғы окклюзия кезінде тіс қатарының орталық түйісуі болады, бірақ төменгі тіс қатары шығыңқы болады. Бүйір окклюзия кезінде төменгі жақсүйегінің солға (сол окклюзия) немесе оңға (оң окклюзия) қисаюы байқалады. Окклюзия және артикуляция биомеханика анализін тіс жақсүйек жүйесінің әртүрлі элементтерінің функционалдық жағдайын көрсетіп тіс протезін құруға көмек береді.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 571 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | | | Алыпты және патологиялық тістеулер. |