Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру

Читайте также:
  1. Асқорыту жеткіліксіздігі.
  2. Мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлаудың мемлекеттік жүйесі.
  3. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.
  4. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 1 страница
  5. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 2 страница
  6. Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі компоненттері, мәні, құрылымы, сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесуі 3 страница

Аралық бақылау(2сағ.)

7.2.Сабақтың мақсаты:

ü Бауыр мен асқорыту жүйесі қызметтері бұзылыстары кезінде клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдыны, коммуникативті дағдыны және өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру.

7.3.Оқыту міндеттері

ü Асқорыту ағзалары қызметі бұзылыстары бойынша ситуациялық есептер бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдыны қалыптастыру

ü Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасай білу дағдысын бекіту (ҚР ДСМ 12.11.2009 ж №697 бұйрығына сәйкес)

ü Топта жұмыс жасағанда және аралық бақылауда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

7.4.Жүргізу түрі

Кіші топта жұмыс жасау: тәжірибе орындау, кейс-стади, мылқау кестені толтыру, сөзжұмбақ шешу

7.5. Тықырып бойынша тапсырмалар

Машықтық жұмыс

1- тапсырма. Бақа организміне өттің жалпыуыттық әсерін зерттеу.  
Тапсырма Тапсырмаға нұсқау
1-2 мл өтті бақаға енгізгеннен кейін, беті жабылған шыны ыдысқа отырғызу. 15-20 минөттен кейін қимыл белсенділігін, бұлшық ет тонусын, қимыл-қозғалыс тепе-теңдігін, ауыруға сезімталдығын тексеру. Өтті бақаның арқа терісінің астындағы лимфа қуысына салады. Ол үшін терісін қысқышпен қыса көтеріп, инені жоғарыдан төменге қарай кіргізіп өтті енгізеді. Бақаны шалқасынан жатқызып, оның қимылдық және координациялық мүмкіндіктерін тексереді. Кәдімгі қалпына өз еркімен келе ала ма жоқ па? cоны тексереді. Ауыруға сезімталдығын бақайларына ине шаншып тексереді.
       

Тапсырма. Бақа жүрегінің соғу ырғағына өттің әсерін зерттеу.

Әдісі: Тәжірибе 2 бөлімнен тұрады а) Бақа жұлынын инемен шаншып жансыздандырып, тақтайшаға бекітеді. Кеуде қуысын ашып, жүректі перикардтан босатады. Минөтіне жүректің соғу жиілігі есептелінеді. Сосын жүрекке 2-3 тамшы өт тамызылып, бірнеше рет 5 минөт бойы жүрек соғуының жиілігі есептелініп отырады. Мәліметтер хаттамаға толтырылады.

Б) Жүрек ырғағы қайта қалпына келген соң жүрек соғу жиілігі есептелінеді. Бақа жүрегіне 2-3 тамшы атропин және 2-3 минөт өткеннен кейін тағы да өтпенен әсер етіп,қайтадан жүрек, ЖСЖ анықталады. Нәтижелерін түсіндіріп, тұжырым жасау керек.

Хаттама сызбанұсқасы

Жануар Жүректің соғу жиілігі
Бастапқы жағдай 2 мин кейін 3 мин кейін 5 мин, кейін
Бақа 1. Бақа 2.        

 

Тапсырма Асқорыту жеткіліксіздігі патогенезінің көріністері бойынша кестені толтыру.

Ас қорыту жеткіліксіздігінің көріністері Патогенезі
Арықтау  
Жалпы әлсіздік  
Ісінулер  
Анемия  
Геморрагиялар  
Сүйектердегі ауыру сезімі  
Шеткері невриттер  
Парестезиялар, тетания  

 

4– тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

Есеп.

32 жастағы ер адам, дәрігерге мынадай шағыммен келді: 4 жыл бұрын пайда болған жұтудың қиындауы. Ол қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 сек. соң төстің жоғары жағында қысу сезімінің пайда болуын айтады. Алғашқыда бұл сезімдер сирек болатын, бірақ соңғы жылы олар тұрақты және әрбір тағам қабылдаған кезде пайда бола бастады. Сұрау барысында анықталғандай, жылдан аса науқасты кеудеде «бүлкілдеу» және оянғаннан кейін жөтел мазалайды. Бұл бұзылыстар ол су ішкеннен соң азаяды. Науқас тағам ішкен кезде тұншығу сезімі немесе шаршау сезімінің, мұрын және ауыз арқылы кері лықсудың, тамағы ауыруының, қыжылдың, дене массасы төмендеуінің, қарын-ішектік қан кетудің болмайтынын айтады. Науқаста бұлшықеттердің жоғары ауырсынғыштығы, қыжыл жоқ, онда да, оның туыстарында да жүйелік коллагеноздар болмаған. Айғақты тексерудің, сонымен қатар, зерттеуханалық тексерулерге кіретін қанның жалпы талданымының деректері, ЭТЖ, қанттың, креатининнің, бауыр және қан ферменттерінің, деңгейі қалыпты мөлшерде.

1. Жұтудың бұзылуы неге байланысты: жұтқыншақ немесе өңеш қызметінің бұзылуына?

2. Ары қарай қандай тексеру жүргізу керек?

3. Рентгенограмма нені анықтайдайды? (деректерді оқытушыдан сұраңыз)

4. Осы науқастағы жұту бұзылуының патогенезі қандай?

№ 2 есеп. А.,мен Б., науқастарда, кестеде келтірілген көрсеткіштер бойынша, асқазан сөлденісінің патофизиологиялық талдамасын жүргізу.

  Қалыпты жағдай Көлемі мл Жалпы қышқылдық Бос НСl Байланысқан НCl Пепсин мг%
Титрациялық бірліктер
  Ашқарында (Н) 50- ден көп емес 40-қа дейін 20-ға дейін - 0 -21
Негізгі секреция (ТС) 50 -100 40 -60 20 - 40 10 -15 20 -40
Түрткілік секреция (КС) 50 -100 40 -60 20 - 40 10 -15 21 -45
Науқас А Н     -    
НС - - - - -
ТС          
Науқас Б     Н          
НС          
ТС          

1. А және Б науқастарында асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылысының қай түріне жатады?

2.Берілген науқастарда асқазанның эвакуациялық қызметі қалай өзгереді?

3.Берілген науқастарда анықталған асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары ішектегі

асқорытуға қалай әсер етеді?

Есеп.

56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға, қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ тарихынан белгілісі мынау: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылып, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстанбайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыр аздап үлкейген, шеті тегіс. Талақ қол ұшымен білінбейді. Желішектік тексеруде дерт анықталмады. Жасырын қан сынамасы теріс.

Зерттеуханалық зерттеулер деректері:

Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 80 ХБ/л, АЛТ – 60 ХБ/л (қалыпты жағдайда 40 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109

Науқас тәулігіне 100 г май қабылдаған кезде 600 г нәжіс шығарады, онда 15 г май бар (қалыпты жағдайда май 7% аз бөлінеді).

Іш қуысының рентгенограммасында ұйқыбезде кальцификаттар анықталмайды. Бауырды УДЗ кезінде жаңғырықтық жайылмалы өзгерген, бұл майлық дистрофияның дамуын дәлелдей алады. Кері бағыттық холецистопанкреатография кезінде обыр және тас болуы анықталмады. Ұйқы бездің өзектері өзгерген: кеңею және тарылудың кезектесуі байқалды («моншақ әйгіленімі»)

1. Науқаста қандай ауру бар екенін ойлауға болады?

2. Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай?

3. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

4. Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз

Есеп.

55 жастағы ер кісіде 4 ай бұрын кемпингтегі демалыс кезінде нәжісі тәулігіне 2-3 ретке дейін жиіледі. Диарея бірнеше ай бойы үдеп, сұйықталып, тәулігіне 4-6 ретке дейін жиіледі. Ол сұйықтық қабылдауды шектеп, іш қатыратын дәрі ішіп,өздігінен емделгенмен көмектеспеді. Диарея үдей берді, аяқ-қолы әлсіреп, дене массасы азайды. Науқаста жүрек айну, құсу, қара нәжіс болмады. Бұған дейін колитпен немесе диареямен азап шеккен емес. Жаз бойы ол бір-ақ рет синуситтен ампициллинмен емделді, бірақ соңғы кездері ешқандай дәрі қабылдамады. Науқас ауруханаға жіберілді.

Тексергенде айқын гиповолемия, гипотензия анықталды. Дене қызымы 370С, тамыр соғуы минөтіне 110 рет, тынысы минөтіне 20 рет, АҚ 85/45 мм с.б. Ауыз қуысының шырышты қабығы қүрғақ, бауыры ұлғайған. Зерттеуханалық деректер: гемоглобин 190 г/л, гематокрит -55%, лейкоциттер – 11 х 109/л, лейкоциттік өрнек қалыптыдан ауытқымаған, Na+ -135 ммоль/л, К+ НCО3- -8 ммоль/л, зәрнәсіл -15,7 ммоль/л, креатинин – 0, 17 ммоль/л, қант – 8, 21 ммоль/л, кальций – 3, 55 ммоль/л, нәруыз – 84 г/л, АЛТ мен АСТ белсенділігі жоғарылаған, жалпы билирубин – 12 мкмоль/л.

Нәжістің көлемі – тәулігіне 6л, лейкоциттер, қарапайымдылар жоқ, құрттар жұмыртқасы анықталмады. Рентгенографиялық тексеруде дерт анықталмады. Эзофагогастродуоденоскопия да асқазанның антралды бөлімінде эритема анықталды, ойық жара жоқ. Гастрин деңгейі 124 пг/мл.

  1. Тағы қандай қосымша зертеулер жүргізу қажет?
  2. Оқытушыдан қажетті деректерді сұраңыз.
  3. Болжамдаған аңғарым?

Есеп

Науқас М., 20 жаста, клиникаға әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентік, аяқ-қолдағы жалған сезім шағымдармен түсті. Сыртартқыдан, оның, ашішегінің бөлігі, ішек тесілгендіктен, алынып тасталғаны белгілі болды (ішектің бейнақты ойық жара - Крона ауруының асқынуы). Қан талдамасы: гемоглобин мөлшері 100 г/л, қан жағындысында диаметрі 12 мкм эритроциттер, анизоцитоз, пойкилоцитоз, алып көп бөлшектенген нейтрофилдер анықталады. Осы науқаста қандай анемия дамуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

A) Бета-таласемия

B) В12 тапшылықты анемия

C) Темір тапшылықты анемия

D) Фолий тапшылықты анемия

E) Орақ тәрізді жасушалы анемия

 

Есеп.

Науқас С, 55 жаста, ішінің кебуіне, арықтағанына, ішінің жиі өтуіне, құсуға шағымданады. Нәжісінде бұлшықет талшықтары көп мөлшерде және май тамшылары, ал ұйқы безі сөлінде ферменттер мөлшерінің бірден азайғандығы анықталды.

Асқорыту жүйесінің қай ағзасы зақымданғанда осындай белгілер анықталады? Көрсетілген белгілердің даму тетіктері қандай?

Есеп.

Науқас К, 55 жаста, ас, әсіресе тәтті немесе сүтті тағам, қабылдағаннан кейін 20-30 мин соң жүрек айну, ыстық сезімі, бас ауыруы, терлеудің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі, шаршағыштық, делсалдыты сезеді.

Ауру тарихынан 2 ай бұрын асқазанының бір бөлігі алынып тасталғаны белгілі болды.

Науқастағы көрсетілген клиникалық белгілердің тетіктерін түсіндіріңіз. Осындай клиникалық көріністері бар синдром қалай аталады?

Есеп.

Науқас К., 58 жаста, клиникаға ауыр жағдайда: уақыт пен кеңістікті анықтай алмайды. Пирамидалық бұзылыстар анықталады (Бабинский рефлексі оң, гиперрефлексия). Бұлшықет гипертониясы, бұлшықеттердің қатып қалуы, гипомимия, дизартрия, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы анықталды. Аузынан «бауырлық» иіс шығады. Іш шемені, аяқтары ісінген.

Ауру тарихынан: науқас К. бауыр беріштенуінен ем қабылдағандығы белгілі болды.

Биохимиялық зерттеулер: Қандағы қант - 2,8 ммоль/л, жалпы нәруыз - 30 г/л; альбумин - 10 г/л; фибриноген - 1 г/л, жалпы билирубин - 100 мкмоль/л; тура емес - 50 мкмоль/л; тура - 50 мкмоль/л; холестерин - 1,2 ммоль/л.

Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 2,1 х 1012/л, гемоглобин - 100 г/л, ТК - 0,79, ЭТЖ- 22 мм/сағ, тромбоцит - 18 х 109/л, лейкоцит - 2,0 х 109/л.

Науқастың қанында протромбин, проконвертин мөлшері төмендеген.

Қан сары суы мен несепте кетон денелерінің жоғарылағандығы анықталды.

Науқаста дамыған синдромды атаңыз. Көрсетілген сипмтомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

 

Есеп

Науқас Е., 66 жаста, ашық түсті қанмен қабаттасатын, сирегірек дамитын «қою кофе тәрізді» құсуға, жалпы әлсіздіккке, терісінің қышуына шағымданады. Нәжісінің қара түсті болып шығатынын байқаған.

Қарап тексергенде: науқас азған, терісі сары түсті, құрғақ, бос, тырнақтың іздері, геморрагиялар. Ішінің көлемі ұлғайған. Ітің алдыңғы қабырғасында кеңейген көктамырлар («медузаның басы») көрінеді.

Перкуссиямен тексергенде іш қуысында бос сұйықтық анықталды. Бауыры ұлғайған, басқанда тығыз. Ұлғайған көкбауыр анықталады.

Ауру тарихынан науқас көптеген жылдар бойы жүрек жеткіліксіздігімен ауырғандықтан бауырдың беріштенуі дамығандығы анықталды.

Биохимиялық зерттеулер: жалпы нәруыз - 40 г/л; альбумин - 10 г/л; фибриноген - 0,5 г/л; жалпы билирубин - 100 мкмоль/л; тура емес - 50 мкмоль/л; тура - 50 мкмоль/л; холестерин - 1,5 ммоль/л.

Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 2,3 х 1012/л, лейкоцит - 1,8 х IО9/л, тромбоцит - 30 х 109/л, ЭТЖ- 30 мм/сағ.

Бауыр беріштенуінің клиникалық зертханалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.

Есеп.

Науқас Д., 45 жаста, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, оң қабырғалықтағы айқын ауыру сезіміне, тәбеттің төмендеуіне, буындардағы ауыру сезіміне, қызбаға шағымданып ауруханаға түсті.

Ауру тарихынан: 1,5 жыл бұрын жіті вирустық гепатитпен ауырған.

Қарап тексергенде: дене қызымы 38,4°, алақанында эритема, телеангиэктазиялар.

Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 3,8 х 1012/л, лейкоцит - 3,2 х 109/л, тромбоцит - 100 х 109/л, ЭТЖ- 26 мм/сағ.

Биохимиялық зерттеу:

АсАТ - 1,26 мкмоль/л

АлАТ - 1,48 мкмоль/л

Қан сары суында Hbs Ag анықталды.

Қойылған диагноз: созылмалы гепатит.

Бауыр жеткіліксіздігінің клиникалық зертханалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 502 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері. | Йқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері | ГЛОССАРИЙ | Сабақтың жүргізілу реті | Асқорыту жеткіліксіздігі. | Тақырып Әртүрлі сарғыштануларда билирубин алмасуының бұзылуы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Тапсырма. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін талдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)