Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың жүргізілу реті.

Читайте также:
  1. Сабақтың жүргізілу реті
Сабақ кезеңдері уақыты
  Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату 5 мин
  1-4 сұрақтар бойынша пікірсайыс. Кейс-стади 45 мин
  үзіліс 10 мин
  5-10 сұрақтар бойынша пікірсайыс Кейс-стади 30 мин
  Тестілеу 10 мин
  Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау 10 мин

Кейс-стади

Есеп.

Жастағы Науқас В. аңғарымы «ұйқы безінің обыр деген күдікпен» ауруханаға түсті. дене массасы 59 кг, бойы 179 см; соңғы жылы 14 кг арықтады. Үлкен дәретке тәулігіне 3–4 рет барады, мөлшері көп. Іші кебеді. Тілі өңезденген, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Іші ауырмайды, дене температурасы қалыпты.

Тарихы: науқас әлкоголді 15–20 жыл бойы көптеп ішеді; 10 жыл бұрын соң кезекті әлкоголдік ұстамсыздықтан жедел панкреатитті бастан кешті (ауруханаға түсті); осыдан кейін тағы 2–3 рет ішінде,қатты ауыру оқиғалары болды, бірақ дәрігерге қаралмады, емделмеді, емдәмді сақтамады, әлкогол ішуді жалғастыра берді.

Клиникада жүргізілген талдамаларда: гипергликемия 20,6 ммоль/л, глюкозурия 4% (тәуліктік диурез 3–4 л болған кезде), айқын стеаторея, ұлтабарды, түрткілік сынаманы,яғни көктамырға секретин және панкреозиминді енгізуді қолдана отырып, сүңгімен зерттеген кезде, трипсиннің барынша белсенділік көрсеткіші, қалыптымен салыстырғанда 5 рет төмендеді.

Йқы безінің УДЗ және компьютерлік томографиясының нәтижелері: бездің таралған тығыздалуы және құрылымының әркелкілігі, онда кальцификаттардың болуы.

Науқаста ұйқы безінің қызметтік жағдайын, қажетті дәлелдерді (клиникалық деректер, зерттеуханалық талдамалардың және құралдық зерттеулердің нәтижелерін) келтіре отырып, бағалаңыз.

Йқы безінің қызметтерін бағалау негізінде, ұйқы безде қандай дерттік үрдістер дамығаны және олардың мүмкіндік себептері қандай екені туралы болжам айтыңыз?

Науқаста алғашқы аңғарымды, аса жоғары дәрежелі мүмкіндікпен құптау (немесе қабылдамау) үшін, қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?

Сіз болжаған дерттік үрдістер, ұйқы безінде, бір біріне тәуелсіз дами ала ма? Ал талданып отырған жағдайда —олар өзара байланысты бола ала ма? Егер солай болатын болса, онда олардың пайда болуның аса мүмкіндік бірізділігі қандай?

Науқас, Сіздіңше, қандай аурумен (немесе қандай аурулармен) азап шегеді.

Науқастың соңғы кезде, сонша айтарлықтай жүдеуін қалай түсіндіруге болады?

Есеп.

Науқас, 31 жаста, клиникаға «Жедел жәрдем» көлігімен әкелінген. Түскен кезде: енжар,тежелген,селқос,сұрақтарға жауабы бірден емес және сәйкессіз. Тілі өңезделген. Дене қызуы 36,5 °С. Тері және шырышты қабықтар сарғайған, денесінің жоғарғы жағындағы терісінде телеангиэктазиялар бар, алақанында қызару байқалады.

Шемендік сұйық жиналғандықтан іші үлкейген, бұл бауырды қол ұшымен тексеруді қиындатады. Аяқтарының ісінуі байқалады. жүректің сол қарыншасының көлемі аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм рт.ст., ЖСЖ 90, тамыр соғуының ырғағы қалыпты.

Қанды зертханалық зерттеудің нәтижелері:

Қанның жалпы талданымы:

Нb 108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л, лейкоциттер 4,8´109/л; ЭТЖ 35 мм сағ, лимфоцитоз, тромбоцитопения;

Қанның биохимиялық зерттелуі:

Жалпы билирубин 55мкмоль/л, қант 3, 8ммоль/л, КД (кетондық денелер) қалыптыдан жоғары

Зәрнәсілдің мөлшері азайған; протромбиндік индекс төмендеген; бос билирубин 25 мкмоль/л жалпы нәруыз 7,8 г%, әлбуминдер 30 г/л, холестерин мөлшері төмен, АСТ 88 ХБ/л, АЛТ 60 ХБ/л;

холинэстеразаның белсенділігі төмендеген. Австралиялық Аг табылмады

несеп талдамасы: диурез 1200 мл/с, тығыздығы. 1,021, түсі әдеттегідей, нәруыз 0,05%, қант — жоқ, уробилиноген табылмады;

ҚСҮ: рН 7,34; рСО2 40 мм с.б.б.; Cб 19 ммол/л; БН –3,5 ммол/л;

УДЗ: бауыр ұлғайған, жайылмалы тығыздану ошақтары байқалады. Қақпа көктамырының диаметрі ұлғайған. Іш қуысында сұйық бар;

эзофагоскопия: өңештің көктамырлары керіліп кеңейген,

сыртартқыдан: науқас созылмалы маскүнемдіктен зардап шегеді.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері. | Йқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері | Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру | Тапсырма. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін талдау | Асқорыту жеткіліксіздігі. | Тақырып Әртүрлі сарғыштануларда билирубин алмасуының бұзылуы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛОССАРИЙ| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)