Читайте также: |
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2. «ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
6.1.Тақырып:. «Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипергликемия, гипо- және гипертиреоз, гипо-және гиперкортицизм дамуының патофизиологиялық тетіктері» (4сағ)
6.2.Сабақтың мақсаты:
1. Эндокринопатиялар этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру, топта коммуникациялық дағдыны жетілдіру, әртүрлі эндокринопатияларда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
6.3.Оқыту міндеттері:
· Қалқанша безі және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру
· Қалқанша безі және бүйрек үсті бездері қызметтері бұзылыстарында клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
· топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру
6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.
2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.
3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.
4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.
8. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі
9. Гипергликемиялық және гипогликемиялық комалардың патогенезі.
6.5.Оқыту және үйрету әдістері:
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, кейс-стади, сөзжұмбақты шешу, тестілеу.
Сабақтың жүргізілу реті
№ | Сабақ кезеңдері | уақыты |
Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату | 5 мин | |
1-3 сұрақтар бойынша пікірсайыс. | 45 мин | |
үзіліс | 10 мин | |
4-7 сұрақтар бойынша пікірсайыс | 50 мин | |
үзіліс | 10 мин | |
8-10 сұрақтар бойынша пікірсайыс | 50 мин | |
үзіліс | 10 мин | |
Тапсырмаларды орындау | 30 мин | |
Тестілеу | 10 мин | |
Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау | 10 мин |
Глоссарий
Эндокринопатиялар – эндокриндік бездер қызметінің бұзылуы
Эндокринопатии – нарушения функции эндокринных желез
Endocrinopathy – disfunction of endocrine glands
Моногландулалық эндокринопатиялар- бір бездің қызметі бұзылуы
Моногландулярные эндокринопатии – нарушение функции одной железы
Monoglandular endocrinopathy – is disfunction of singular gland
Полигландулалық эндокринопатиялар- бірнеше бездердің бұзылуы
Полиграндулярные эндокринопатии – нарушение функции нескольких желез
Polyglandular endocrinopathy - is disfunction of several glands
Бездің гипофункциясы- бездің атқаратын қызметінің төмендеуі
Гипофункция железы – снижение функции
Hypofunction – is decreased function
Гиперфункциясы- атқаратын қызметінің жоғарлауы
Гиперфункция – повышение функции
Hyperfunction – is increased function
Базедов ауруы (жайылмалы уытты зоб, Грейвс ауруы)-тиреоидтық гормондардың көп (артық) мөлшерде сөлденісімен сипатталатын аутоиммундық ауру.
Базедова болезнь(диффу́зный токси́ческий зоб, болезнь Грейвcа) — аутоиммунное заболевание, обусловленное избыточной секрецией тиреоидных гормонов
Basedov’s disease (diffuse toxic goiter, Grave’s disease) – is autoimmune disease due to excessive production of thyroid hormones
Кретинизм- балаларда гипотиреоз кезінде дамитын синдром (әйгіленімдер жиынтығы), қалқанша безі қызметінің айқын төмендеуімен, дене және ақыл-ойы дамуының кеш қалуымен сипатталады.
Кретинизм – синдром, развивающийся при гипотиреозе у детей, характеризуется выраженным снижением функции щитовидной железы, задержкой физического и умственного развития
Cretinism – is syndrome at hypothyroid Childs. It is characterized by decreased function of thyroid gland, delay of physical and intellectual development
Микседема- («шырышты ісіну») – ересек адамдарда айқын гипотиреоз кезінде дамитын синдром
Микседема ("слизистый отек") — синдром, развивающийся при выраженном гипотиреозе у взрослых.
Myxedema - condition associated with severe hypothyroidism and lack of thyroid hormone in the adults.
Аддисон ауруы- бүйрек үсті безі қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі
Болезнь Аддисона – хроническая надпочечниковая недостаточность
Addison’s disease – is chronic adrenal insufficiency
Конн синдромы- біріншілік альдостеронизм- бүйрек үсті безі қыртысының шумақтық аймағының аденомасы
Синдром Конна – первичный альдостеронизм – аденома клубочковой зоны коры надпочечников
Conn's syndrome is primary aldosteronism, is an aldosterone-producing adenoma of Zona glomerulosa
Иценко-Кушинг синдромы- глюкокортикоидтардың (кортизол) артық өндірілуімен сипатталатын гормондық бұзылулар
Синдром Иценко-Кушинга – гормональные нарушения, обусловленные повышенной выработкой глюкокортикоидов (кортизол)
Cushing's syndrome is a hormonal disorder caused by high levels of glucocorticoids (cortisol.)
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 249 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ДЕЙСТВИЕ ТРЕТЬЕ | | | Тәжірибелік жұмыс |