Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. «балалық шақтағы эндокриндік бұзылыстардың ерекшелігі».

Читайте также:
  1. Тақырып. Өкпе желдетілуінің бұзылысы. Гиповентиляцияның рестрикциялық және обструкциялық түрінің патогенезі.
  2. тақырып. Ересектер мен жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы
  3. ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

· Балалардағы қалқанша безі қызметінің бұзылыстарының ерекшелігі

· Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромы (тақырыптардың біреуін таңдаңыз).

8.1.2. Мақсаты: Өзін өзі дамыту құзыретін жетілдіру

Міндеті:

1. Балалардағы гипотиреоздың этиологиясы мен патогенезін өз бетінше оқу.

2. Балалардағы қантты диабет кезіндегі Мориак синдромын өздігінен оқу.

8.1.3. Тапсырмалар:

1) Сұрақтар бойынша оқу материалымен жұмыс жасау:

1. Балалардағы біріншілік, екіншілік және үшіншілік гипотиреоздың этиологиясы

2. Балалардағы гипотиреоз кезіндегі организмдегі бұзылыстардың патогенезі

3. Балалардағы Мориак синдромының патогенезі

2) Есептерді шешу

3) Сынамалық тапсырмаларды шешу

4) Мориак синдромының патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру

8.1.4. СӨЖ орындалу түрі:

Берілген әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу,реферат жазу, тақырыпқа презентация, эссе.

 

8.1.5.Орындалу және 8.1.7. бағалау критерийлері: «Білімін бағалау критерийлері мен ережелері» 4.2.11 бөлімінен қараңыз

8.1.6.СӨЖ – ді өткізу мерзімі

«Эндокрин жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау

8.1.8. ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2010.-С. 515-522

Дополнительная

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 647-651

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 353-362.

5. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.С. 211-213.

6. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 446-448

7. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 214-216

 

Бақылау

Тапсырма. Есептерді шешу

Есеп

Жас және кәрі егеуқұйрықтардың қалқанша бездері алынып тасталды.

1. Тиреоидэктомияның салдары қай егеуқұйрықтарға ауыр тиеді?

Есеп

Аудандық ауруханаға 5 жасар бала түсті. Бойының және ақыл-ойының дамуы артта қалғаны байқалады. Беті ісінкі, тілі үлкен, тілінің шеттерінде тіс іздері көрінеді. Терісі құрғақ. Іші кебіңкі, жиі іш қатулар дамыған. Тамыр соғуы минөтіне 60 рет, АҚ 95/60.

  1. Қандай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?
  2. Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?
  3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

 

Есеп

5 жасар балада соңғы жылдары бойы өсуінің тоқтауы байқалады. Ақыл-есі және психикалық дамуы қалыпты. Науқас тарихынан нәресте уақытылы, 3 кг салмақпен туылған. 3,5 жасында қызылшаның ауыр түрімен ауырған.

  1. Қай гормонның артықтығы немесе жеткіліксіздігі осындай өзгерістерге әкелуі мүмкін?
  2. Ауру қалай аталады, оның мүмкіндік этиологиясы мен даму тетігі қандай?
  3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
  4. Баланың физикалық дамуын ынталандыруға бола ма?
  5. Гипотиреоидтық нанизмнің гипофиздік нанизмнен ерекшелігі неде?

 

№ 2 nапсырма.Сынамалық тапсырмаларды шешу


1.Алғашқы гипотиреоздың себебі (7)

a) аутоиммундық тиреоидит

b) қалқанша бездің аплазиясы

c) гипофиздің зақымдануы

d) тироксин түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

e) гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы

f) тағаммен йодтың аз түсуі

g) кобальт, молибден, цинктің тапшылығы

h) тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

i) струмэктомия

j) радиоактивті йодтың әсері

2. Салдарлық гипотиреоздың себептері(2)

a) аутоиммундық тиреоидит

b) гипоталамустың зақымдануы

c) гипофиздің зақымдануы

d) кобальт, молибден, цинктің тапшылығы

e) қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі

f) тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

g) радиоактивті йодтың әсері

3.Гипотиреоз дамуының безден тыс тетіктеріне жатады (4)

a) гипофиздің зақымдануы

b) гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы

c) қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі

d) тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

e) радиоактивті йодтың әсері

f) тіндерде тироксиннен гормондық тұрғыдан белсенді емес трийодтирониннің түзілуі

4. Гипотиреоздың мүмкіндік себептері (3)

A) тиреоциттердің йодты сіңіруінің тежелуі

B) тағам және суда йодтың тапшылығы

C) тиреолибериннің артықтығы

D) қалқанша бездің аутоиммундық бүлінісі

E) АКТГ артықтығы

5. Гипотиреоз кезінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына жатады (4)

a) психикалық белсенділіктің төмендеуі

b) ойлау және сөйлеудің баяулауы

c) ашуланшақтық, жылауықтық

d) жоғары психикалық қозғыштық

e) жадтың бұзылуы

f) тежелгіштік, ұйкышылдық

6.Туа біткен гипотиреоз кезіндегі энцефалопатияның патогенезінде

маңызы бар (3)

a) жүйке жасушаларының жетілуі төмендеуінің

b) адренореактивтілік төмендеуінің

c) тежелу тапшылығының

d) гипоксияның

7. Тиреоидты гормондардың тапшылығы әкеледі (4)

a) жүрек бұлшықетінің интерстициалдық ісінуін

b) дисметаболизмдік кардиомиопатияға

c) тахикардияға

d) брадикардияға

e) ҚМК төмендеуіне

8.Гипотиреозға тән (4)

a) ішек және өт жолдарының гипотониясы және гипокинезиясы

b) іш қату

c) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылыстары

d) іш өту

e) іш кебу

9. Қалқанша бездің балалық шақтағы гипофункциясының көрінісі (4)

a) ақыл-есі дамуының жарымеске дейін кешеуілдеуі (кретинизм)

b) бала еңбегінің ұзақ бітпеуі

c) сүт тістер ауысуының кешеуілдеуі

d) алыптықтың дамуы

e) бойдың өспей қалуы

10. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды (1)

a) аутоиммундық тиреоидит

b) гипертиреоз

c) гипопаратиреоз

d) эндемиялық зоб

e) жайылған уыттық зоб

11. Мориак синдромының симптомына жатады (4)

a) бауыр көлемінің ұлғаюы

b) бойы өсуі мен жыныстық жетілуде артта қалу

c) май тінінің қайта бөлінісі

d) бауырдың майлық сіңбеленуі

e) бойының ұзын болуы

12. Мориак синдромының патогенезінде маңызы бар (4)

a) инсулиннің тапшылығы

b) кортизолдың артық өндірілуі

c) глюкагонның артық өндірілуі

d) қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы

e) жыныс гормондары сөлденісінің артуы


 

9.4. ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

1. Эндокринопатиялардың пайда болуы мен көріністерінің патогенезінің тетіктерін түсіндіре білу

Оқыту құралы

1) Оқу –әдістемелік материалдар электронды түрде

2) Сабақтарға көрсетілімдік материалдар

№ тақырып Тақырып Көрнекті құралдар түрі №№ кестелер және папкалар
  Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы Таратылатын материалдар Кестелер   Қабырға газеті Слайдтар   Мультимедиялық презентация УМК - 1.1 Регуляция корковых процессов Т- 2.1 Влияние аденогипофиза на периферические железы Т-2.2 Гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковая система. Т- 2.3 Патогенез базедовой болезни Т-2.4 Проявления базедовой болезни С-1Ээндокринопатий С-5 Ээндокринопатиялар С-6 Этиология и патогенз болезни (синдрома) Иценко-Кушинга Компьютер №1, нетбуки, CD-диск)  

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 460 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сабақтың жүргізілу реті | Тәжірибелік жұмыс | Эндокрин жүйесі патологиялары бойынша тәжірибелік дағдыны қалыптастыру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ| ІІІІІІІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)