Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәжірибелік жұмыс

Читайте также:
  1. Абілетті балалармен жұмыс әдістемесі.
  2. Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерге қажетті сапалар.
  3. Дарынды балалармен жұмыс.
  4. Жұмыс барысы.
  5. Иын баламен жұмыс
  6. Мектепке дейiнгi ұйымдардың жұмыс iстеу тәртібi
  7. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау.

№ 1 тапсырма. Тышқандарда гипогликемиялық команың үлгісін алып, оның жамуын

бақылау

Әдісі. Тәжірибеге үш тышқан алынады. Екеуіне 1-2 бірлік жай инсулинді енгізіп, банкіге отырғызады. Бақылау тышқанын бөлек банкігк отырғызады. Екі банкіні де жылы жерге қояды. Жануарларды байқайды. 40 минөттен соң тәжірибелік тышқандарда гипогликемиялық команың белгілері (қалпын өзгертеді, тынысы жиілейді, қимыл тепе-теңдігі бұзылады) пайда болады. Тәжірибелік тышқанның біреуінің іш қуысына 10,-105 мл 10% глюкоза ерітіндісін енгізеді, екі тәжірибелік тышқанды салыстыра отырып, бақылауды жалғастырады. Бақылауды аяқтаған соң жануарлар жағдайларының айырмашылығын түсіндіріп, қорытынды жасалады.

№ 2 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

№ 1 есеп. Қалқанша безінің ауруы бар науқасты радиоиммунды әдіспен зерттеген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3-ң қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.

1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо және гиперфункциясынан хабар бере ме?

2. Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін?

3. Патогенездің сызбанұсқасын көрсетінің

№ 2 есеп. Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.

1. Ит неден өлді?

2. Бүйрек үсті безінің қай қабатының (қыртысты немесе мыйлық) гормонының жеткіліксіздігінен өлді?

 

№ 3 есеп. Клиникаға 25 жасар науқас Н. мұрт, сақал өсуіне, етеккір орамының бұзылысына, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ-қолдарында ауыру сезіміне шағымданып, түсті. Тексергенде:

- Терісі жұқа, құрғақ, іші және сан терісінде қою қызыл түсті жолақтар.

- Бет, мойын, іші, кеудесінде майлардың айқын жиналуы

- Артериялық қысым 150/105 мм сын.бағ.

- Жамбас сүйегінің рентгенограммасында – айқын остеопороз

- Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

- Кортизол деңгейі жоғарылағандығы анықталды

1. Бұл белгілер қандай бездің зақымданғанын көрсетеді?

2. Гипофиз немесе бүйрек үсті бездерінің дертімен байланысты екенін білу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

3. Бұл көріністердің патогенезі қандай? Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз.

№ 4 есеп. Ауруханаға 27 жасар науқас, әлсіздіктің үдеуіне, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоғалуына, арықтауына шағымданып, түсті. Науқасты тексергенде:

- Іштің ақ сызығы аймағының терісінде, шынтақтың бүгетін жерінде, қолтық асты ойысында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде сұр - қоңыр түсті нілдену байқалады.

- Артериялық қан қысымы 80/60 сын. бағ.б.

- Бұлшықет межеқуатының төмендеуі

- Гипокалиемия, гипернатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л

- Қанда кортизол, зәрде кортикостероидтар деңгейі төмендегендігі анықталды.

1. Қандай бездің зақымдануы осы көріністерді береді?

2. Ауру қалай аталады?

3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

4. Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз.

6.6 ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Оқулық – Алматы; «Эверо», 2010.-Б. 580-593

3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2010.

Қосымша:

1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010. – Т. 2. – С. 315-322; 332-361.

2. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

3. «Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі -Алматы, 2007. 417-449 беттер

6.7. КОНТРОЛЬ (выполнение тестовых заданий)

Варианты тестовых заданий составлены на основе сборника «Тестовые задания по патологической физиологии»./под ред Т.П. Ударцевой и Н.Н. Рыспековой. -Алматы, 2007.-С. 415-447

7. СОБӨЖ (2 сағат)


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 312 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың жүргізілу реті| Эндокрин жүйесі патологиялары бойынша тәжірибелік дағдыны қалыптастыру.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)