Читайте также:
|
|
Аралық бақылау. (2 сағ.)
7.2.Сабақтың мақсаты:
ü Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
7.3.Оқыту міндеттері:
ü клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауда тәжірибелік дағдыны үйрету.
7.4.Жүргізу түрі
Шағын топтарда жұмыс жасау: «мылқау» кестені толтыру, кейс-стади, сөзжұмбақты шешу
Табойынша тапсырмалар
№ 1Тапсырма. Кестені толтырыңыз
Гипотиреоз бен гипертиреоздің көріністері
Көрсеткіш деңгейі | Гипотиреоз | Гипертиреоз |
Негізгі зат алмасу деңгейі | ||
Катехоламиндерге сезімталдығы | ||
Жалпы көріністері | ||
Қандағы холестерин деңгейі | ||
Мнезі | ||
Жүрек қантамыр қызметі | ||
Асқазан ішек қызметтері | ||
Тыныстық қызмет | ||
Бұлшықет межеқуаты және рефлекстер | ||
Температураға төзімділік | ||
Терісі мен шаштары | ||
Салмағы |
№ 2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз
Кортизолдың әсері
Әсер ету объктісі | Организмге тигізетін әсері |
глюкоза алмасуы | |
Нәруыз алмасуы | |
Май алмасуы | |
Қабынуға қарсы әсері (фармакологиялық деңгейі) | |
Психика | |
Пермиссивті әсер |
№ 3 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
Есеп
Науқас А., 16 жаста, дәрігерге қалқанша безінің үлкейгеніне шағым айтып келді. Басқа шағымы болған жоқ. Қалқанша безінің біршама үлкейгендігін бірінші рет төрт жыл бұрын байқады. Қарап тексергенде эндемиялық зоб диагнозы қойылды.
Есеп
Дәрігерге науқас М., 25 жаста, тез арықтауына, тәбетінің жоқтығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: терісі ылғал, пульсі110 рет, қолдарының аздап дірілдеуі, қалқанша безі бөліктерінің симметриялы ұлғайғаны анықталды..
Есеп.
Науқас Л., 48 жаста, 30 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Клиникада кешенді емдеуде глюкокортикоидтар қолданылды. Одан әрі науқас глюкокортикоидты өздігінен қабылдады, бронх демікпесі ұстамасы тоқтағандықтан, науқас гормондық препаратты ішпеді. Глюкокортикоидты тоқтатқаннан соң бірнеше күннен кейін әлсіздік, іш өту дамып, тәбеті болмады. Қарап тексергенде: беті мен ішіне май жиналған, аяқ-қолдары арық. Ішінде қызыл жолақты созылған жерлер көрінеді. АҚ 70/50 мм.с.б. қанда глюкоза -2,7 ммоль/л
№ 4 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу
Көлденеңінен:
1. гиперпаратиреоз кезінде бүйректе өтетін үрдіс.
2. құрысуға бейімділік (гипопаратиреоз синдромдарының бірі).
3. Грейвс ауруының (базедов ауруы) бір негізгі симптомы.
4. гиперпаратиреозда қанда кәлций мөлшерінің өзгерісі.
5. май алмасуы бұзылуымен сипатталатын Иценко- Кушинг ауруының симптомы.
6. гиперәлдостеронизмде қанда натрий мөлшерінің өзгерісі.
7. аденогипофиздің толық жеткіліксіздігі.
8. тағам және суда тапшылығынан эндемиялық жемсау дамитын химиялық элемент
9. гонадотроптық және/немесе жыныс гормондары тапшылығынан дамитын синдром
10. қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерісі.
11. балалық шақта СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
12. гиперпаратиреозда сүйек тінінің өзгерісі.
13. бүйрек үсті бездерінің алғашқы және салдарлық жеткіліксіздігін ажырататын белгі
14. балалық шақта СТГ тапшылығынан дамитын ауру.
15. организмде тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен туындайтын жағдай
Тігінен:
16. гипертиреозда кірпігін сирек қағу, төмен қарағанда жоғарғы қабақтың көз алмасының қозғалысынан қалыс қалуы сияқты симптомдар қай бұлшықет қызметінің бұзылуымен сипатталады?
17. гипопаратиреозда дамитын симптом.
18. гипертиреозда дамитын аритмия.
19. әйелдерде ерлердің екіншілік жыныстық белгілері пайда болуы
20. пангипопитуитаризмде организмнің тез арып-азуы.
21. қалқанша бездің ұлғаюы.
22. Тапшылығы, қантсыз диабетті дамытатын гормон.
23. қантсыз диабеттің бір белгісі
24. өсуі тоқтаған организмде СТГ артық өндірілуінен дамитын ауру.
25. гиперәлдостеронизмде азаятын элемент.
26. бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын аурудың атауы…….
27. қалқанша без қызметінің артуынан туындайтын синдром
28. гиперкортизолизмдегі сан, құрсақ терілеріндегі қоңыр-қызыл жолақтар.
29. біріншілік гиперәлдостеронизммен сипатталатын синдромның атауы…….
7.6.Таратылатын материал. (тәжірбиелік сабақтармен бірге)
7.7.ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
3. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517
4. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Оқулық – Алматы; «Эверо», 2010.-Б. 580-593
5. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. С. 433-448
3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009.
4. «Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі -Алматы, 2007. 417-449 беттер
Қосымша:
4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010. – Т. 2. – С. 315-322; 332-361.
5. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тәжірибелік жұмыс | | | ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ |