Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асқорыту жеткіліксіздігі.

Читайте также:
  1. Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру

1. Гиперсаливация байқалады

A) сілекей бездерінің өспесінде

B) сиалолитиазда

C) кезбе жүйкенің межеқуаты жоғарылағанда

D) кезбе жүйкенің межеқуаты төмендегенде

E) күшті эмоцияларда

2. Гиперсаливация әкеледі

A) асқазан сөлі түзілуінің күшеюіне

B) ксеростомияға

C) көптеген тіс жегінің дамуына

D) ауыз қуысында қабыну үрдістерінің дамуына

E) жұтынудың қиындауы

3. Гипосаливация байқалады

A) стоматитте

B) ішек құрт ауруында

C) сиалолитиазда

D) сопақша мыйлық салдануда

E) жүктіліктен уыттану (гестоздар)

4. Гипосаливация қабаттасады

A) ксеростомиямен

B) сілекейдің көп бөлінуімен

C) птиализммен

D) терінің сыдырылуымен

E) асқазан сөлінің бейтараптануымен

5.Толастамайтын құсу кезінде пайда болады

А) гиперкәлиемия

В) гипернатриемия

С) гиперхлоремия

Д) метаболизмдік алкалоз

Е) толық және шала салдану

6. Асқазан сөлі бөлінуі төмендеуінің себебі

A) асқазанды артық парасимпатикалық түрткілеу

B) секретиннің өндірілуінің төмендеуі

C) гастрин өндірілуінің азаюы

D) гистамин шығуының жоғарылауы

E) Золлингер-Эллисон синдромы

7. Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы әкеледі

A) асқазанда ашу мен шіру үрдістерінің дамуына

B) астың асқазаннан ішекке өтуінің баяулауына

C) асқазаннан түскен астың ұлтабарда өндірілетін заттармен тез бейтараптануына

D) іш өтуіне

E) асқазан қалтқысының ашық болуы

8. Асқазандық ахилия – бұл

A) асқазан сөлінде тұз қышқылының болмауы

B) ішекке өттің түспеуі

C) асқазан сөлінде ферменттердің көбеюі

D) асқазан секрециясының мүлде болмауы (тұз қышқылы мен ферменттердің)

E) аш ішекте сөл бөлінуінің болмауы

1. Гипохлоргидрияға әкеледі

A) гастрин өндірілуінің жоғарылауы

B) асқазанның шырышты қабығының іргелік жасушаларының көбеюі

C) кезбе жүйкенің межеқуатының жоғарылауы

D) атрофиялық гастрит

E) соматостатиннің тапшылығы

10. Асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуі әкеледі

A) асқазанда тағамның тұрып қалуы

B) іш қатуына

C) іш өтуіне

D) пепсиннің белсенділігінің артуы

Е) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

11. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі

A) асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы

B) кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі

C) Helicobacter pylori

D) бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі

E) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

12. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі

A) асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы

B) простагландиндердің өндірілуінің белсенденуі

C) кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі

D) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

Е) бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі

13. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының патогенезіндегі «қорғаныстық себепшарттарына» жатпайтыны

A) шырыш пен бикарбонаттардың сөлденісі

B) гиперкортизолизм

C) простагландиндердің белсенді сөсденісі

D) қанмен жеткілікті қамтамасыз етілу

E) шырышты қабықтың белсенді регенерациясы

14. Қуыстық асқорыту бұзылыстарының көріністеріне жатпайтыны

A) гипорексия

B) гиперрексия

C) іш кебу

D) мол іш өту

E) стеаторея

15. Мәлабсорбция синдромы сипатталады

A) өттің ішекке түсуінің күшеюімен

B) ұйқы безінің ішкі сөлденіс қызметінің бұзылуымен

C) мәлтоза сіңірілуі күшеюімен

D) аш ішекте қоректік заттардың сіңірілуі бұзылуымен

Е) асқазанда сіңірілу үрдісінің күшеюімен

16. Алғашқы мәлабсорбцияға әкеледі

A) лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы

B) гипохолия

C) панкреатиттер

D) гипохлоргидрия

E) гастриттер

17.Салдарлық мәлабсорбция дамуы байланысты

A) глютен айырылуының тұқым қуалайтын бұзылысына (глютен ауруына)

B) созылмалы панкреатитке

C) лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығына

D) целиакияға

E) дисахаридазаның тұқым қуалайтын тапшылығына

18. Мәлабсорбция көрінісіне жатпайтыны

A) газдық емес алкалоз

B) гиповитаминоздар

C) нағыз гиперпротеинемия

D) қорытылмаған тағам қалдықтары бар мол нәжіс

E) осмостық іш өту

19. Панкреатиттік ахилияның жиі кездесетін көрінісіне жатады

A) дене салмағының төмендеуі

B) В12 витаминінің жетіспеушілігі

C) стеаторея

D) остеопороз

E) нефролитиаз

20. Панкреатиттік ахилия кезіндегі В12 витаминінің жетіспеушілігінің патогенезі

А) В12 витаминін R нәруызыменбұзылуының зақымдалуы

В) В12 витаминінің тамақпен түсуінің бұзылуы

С) Гастромукопротеидтің өндірілуінің бұзылуы

D) ішекте темірдің сіңірілуінің бұзылуы

Е) В12 витаминінің қабылдағышының болмауы

21. Жіті панкреатиттің жиі себебі болып табылады

A) іш қуысының жарақаты

B) жұқпалар

C) аутоиммундық зақымдалулар

D) әлкөгөл ішу

E) гиперкәлциемия

21. Сөлденістік іш өту дамиды

A) вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі артқанда

B) ішек ішіндегінің осмостық қысым жоғарылағанда

C) қуыстық және іргелік асқорытудың бұзылуында

D) ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

E) гипертиреозда

22. Жіті панкреатитті анықтауда маңызы бар фермент

A) АСТ

B) ЛДГ

C) Сілтілік фосфатаза

D) Липаза

E) АЛТ

23. Жіті панкреатиттің негізгі тізбегінің дамуына мынаның белсенденуі әкеледі

A) трипсиннің

B) эластазаның

C) калликреин-кинин жүйесінің

D) қан ұю жүйесінің

E) фибринолитикалық жүйенің

24. Стеаторея, мынаның жеткіліксіздігінің салдары болып табылады

A) панкреатикалық липазаның

B) липопротеидлипазаның

C) панкреатикалық амилазаның

D) трипсиннің

E) эластазаның

25. Сөлденістік диарея дамиды

A) вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі көбейгенде

B) ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда

С) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында

D) ішек қимылының әлсіреуінде

Е) гипертиреозда

26. Қатты қимылдық іш өту дамиды

A) вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі көбейгенде

B) ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда

C) ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда

D) ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

E) гипотиреозда

27. Осмостық диарея дамиды

A) ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда

B) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында

C) ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

D) гипертиреозда

E) стрессте

28. Түйілулік (қатты қимылдық) іш қату пайда болады

A) дизентерияда

B) ахлоргидрияда

C) гипокинезияда

D) ахилияда

E) асқазан сөлденісі жоғарылағанда

29. Атониялық (аз қимылдық) іш қату пайда болады

A) отадан соңғы кезеңде ішектің шала салдануында

B) ішек түйілуінде

C) қорғасынмен уыттануда

D) гиперхлоргидрияда

E) ішек ішіндегі осмостық қысым жоғарылағанда

30. Ауқаттық іш қату пайда болады

A) тағамда өзек аз болғанда

B) дәретке отыру шартты рефлексінің бұзылуында

C) көтенішек аймағының ауруларында (көтенішектің тілінуі, парапроктит, көтеу)

D) гипотиреозда

E) Гиршпрунг ауруында (алып тоғішек)

31. Гастро-эзофагалді рефлюкс ауруының даму патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

A) азот тотығының өндірілуінің төмендеуі

В) ВІП өндірілуі көбейгенде

B) төменгі өңеш қыспағының межеқуаты төмендегенде

C) сұйықтық және электролиттерді жоғалту

D) кезбе жүйкесінің межеқуатының артуы

32. Ішектік аутоуыттану уыттық ықпалына байланысты

A) ішекте нәруыз іріп-шіру өнімдерінің және биогендік аминдердің

B) тура емес билирубиннің

C) кетондық денелердің

D) өт қышқылдарының

E) тура билирубиннің

33. Алғашқы бауыр жеткіліксіздігін шақыруы мүмкін

A) А, В, С, Д, Е ж.б. гепатит вирустары

B) лейкоздар

C) жүрек жеткіліксіздігі кезінде

D) сілеймеде

E) қант диабетінде

34. Салдарлық бауыр жеткіліксіздігін дамытады

A) хлороформ

B) механикалық жарақат

C) саңырауқұлақ улары

D) бауыр эхинококкозы

E) жүрек жеткіліксіздігі

35. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде көмірсу алмасуының бұзылыстары сипатталады

A) бауырда гликоген мөлшерінің жоғарылауымен

B) гиперлактатацидемия және тамақтану арасында гипогликемияға бейімділікпен

C) глюконеогенездің белсенділенуімен

D) гликогенолиздің бәсеңдеуімен

E) гликогеногенездің белсенділенуімен

36. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі нәруыз алмасуының бұзылыстарының көріністеріне жатады

A) геморрагиялар

B) палмарлы эритема

C) сарғыштану

D) холемия

E) ахолия

37. Гепатоциттердің зақымдалуының алғашқы көрінісіне жатады

A) сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

B) сарғыштану

C) қанда аммиак деңгейінің артуы

D) Қанда АЛТ және АСТ-ның белсенділігінің артуы

E) Кетоз

38.Бауыр жеткіліксіздігі кезінде геморрагиялық синдром, бұзылуына байланысты

A) протромбин мен фибриноген түзілуінің

B) протеин С түзілуінің

C) протеин S түзілуінің

D) тура билирубин түзілуінің

E) антитромбин III өндірілуінің

39. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде гормондар алмасуының бұзылыстары сипатталады

A) эстрогендер белсенділігінің төмендеуімен

B) алғашқы әлдостеронизм дамуымен

C) салдарлық әлдостеронизм дамуымен

D) қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің төмендеуімен

E) алғашқы гиперпаратиреоз дамуымен

40. Бауырда уытсыздандырылатын ішек уы

A) биогендік аминдер (кадаверин, путресцин)

B) тура билирубин

C) тура емес билирубин

D) кетондық денелер

E) зәрнәсіл

41. Организмге айқын уытты әсер ететін қосынды

A) тура билирубин және глюкоза

B) тура емес билирубин және өт қышқылдары

C) уробилиноген

D) стеркобилиноген

E) эстерифицирленген холестерин

42. Қосылулық (шунттық) бауырлық кома патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Бауыр беріштенуі®? ® қақпа-қуыс көктамырлық және қуыс-қуыс көктамырлық анастомоздар дамуы ® қанның біраз бөлігінің бауырға бармай жалпы қан ағымына түсуі ® ішектік улар және алмасу өнімдерімен уыттану

A) қақпалық гипертензия

B) бауыр ұлпасының көлемді өліеттенуі

C) өт түзілуінің бұзылуы

D) өт жолдарының дискинезиясы

E) ацидоз

43. Бауырлық шунттық команың патогенезіндегі негізгі тізбек

A) гипогликемия

B) ацидоз

C) организм аутоуыттануы

D) гипербилирубинемия

E) гипергликемия

44.Бауыр үсті сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі

A) организм дегидратациясы

B) жүрек жеткіліксіздігі

C) инсулиннің жеткіліксіздігі

D) өт ағып кетуінің бұзылуы

E) эритроциттер гемолизінің күшеюі

45.Гемолиздік сарғыштану кезінде байқалады

A) қарқынды боялған нәжіс

B) стеркобилин және уробилин мөлшерінің жоғарылауына байланысты қою түсті несеп

C) қанда тура билирубиннің жоғарылауы

D) холемия и ахолия

E) зәрде тура емес билирубиннің жоғарылауы

46. Ұлпалық сарғыштану байқалады

A) тобы сәйкессіз қан құюда

B) уыттық гепатитте

C) ана организмі және ұрық арасындағы резус сәйкессіздікте

D) гемолиздік улармен уланғанда

E) безгекте

47. Бауырлық сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі

A) эритроциттердің күшейген гемолизі

B) өт ағып кетуінің бұзылуы

C) гепатоциттердің зақымдануы

D) өт жолдарының дискинезиясы

E) ахилия

48. Ұлпалық сарғыштануға тән

A) қанда АСТ және АЛТ белсенділігі жоғарылауы

B) қою қоңыр түсті нәжіс

C) гипергликемиялар

D) несепте тура билирубиннің пайда болуы

E) ахилия

49. Холемия әйгіленімдері дерттік әсеріне байланысты

A) холестериннің

B) тура емес билирубиннің

C) май қышқылдарының

D) өт қышқылдарының

50. Холемия кезіндегі брадикардияның тетігі байланысты

A) жүрекке парасимпатикалық әсерлердің белсенділенуіне

B) жүректің өткізгіштік жүйесі бойымен серпін өткізілуінің бөгелуіне

C) синустық-жүрекшелік торапқа өт қышқылдарының тікелей әсеріне

D) синустық-жүрекшелік торапта серпіннің қайтадан ену тетігінің белсенділенуіне

E) миокардта эктопиялық қозу ошақтарының пайда болуымен

51. Бауыр асты сарғыштанулар патогенезінің негізгі тізбегі

A) гепатоциттердің зақымдануы

B) сиалолитиаз

C) уролитиаз

D) эритроциттердің күшейген гемолизі

E) өт ағып кетуінің бұзылуы

52. Ішекке өт түспегенде дамымайтыны

A) ішек қимылының әлсіреуі

B) А, Д, Е, К витаминдері сіңірілуінің азаюы

C) В тобындағы витаминдер және С витамині сіңірілуінің төмендеуі

D) ішекте нәруыздар шіруінің күшеюі

E) қан ұйығыштығының төмендеуі

53. Механикалық сарғыштану кезіндегі қанағыштық байланысты

A) Виллебранд жайтының тапшылығына

B) тромбоцитопенияға

C) антикоагулянттардың артықтығына

D) тромбоцитозбен

E) ішекте К витамині сіңірілуінің бұзылуына

54. Қақпа көктамырлық гипертензия пайда болуы мүмкін

A) сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінде

B) қансырауда

C) бауыр беріштенуінде

D) гиповолемияда

E) организмнің сусыздануында

55. Өт-тас ауруы патогенезінде маңызы жоғы

A) өт жолдары қабынуының

B) өт іркілуінің

C) жұқпаның

D) өтте өт қышқылдарының азаюына және холестериннің көбеюіне әкелетін холаттық/холестериндік коэффициент (өт қышқылы/холестерин) төмендеуінің

E) өтте өт қышқылдарының көбеюіне және холестериннің азаюына әкелетін холаттық/холестериндік коэффициент (өт қышқылы/холестерин) жоғарылауының


 

 

Аралық бақылаудың 2 – кезеңі – клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау (ситуациялық есептерді сабақтардан, СӨЖ-ден қараңыз)

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері. | Йқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері | ГЛОССАРИЙ | Сабақтың жүргізілу реті | Глоссарий | Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін талдау| Тақырып Әртүрлі сарғыштануларда билирубин алмасуының бұзылуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)