Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері

Читайте также:
  1. Йқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері.
  2. Стентон-Капдепон синдромында қандай тіндердің зақымдануы айқындалады?
  3. Эпидемиялық паротит кезінде құлақмаңы сілекей безінің қандай анатомиялық түзілісі зақымдалады?

Йқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылыстарының патогенезі

Панкреатиттің негізгі себептері

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

6.1. № 1. тақырып «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылысының ерекшеліктері» (3сағ)

6.2.Сабақ мақсаты:

6.3.Оқыту міндеттері:

6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.

2. Жұтыну бұзылуы синдромының даму себептері және тетіктері. Гипермен гипосаливация, этиологиясы, патогенез, салддары.

3. Асқазандық диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері.

4. Асқазанның тағам қоймалық, сөлденістік, қимылдық, сіңірулік, шығарулық,тосқауылдық және қорғаныстық қызметінің бұзылыстары

5. Асқазанның шырышты қабатының зақымдануының себептері және дамуы, асқазанмен онекіелі ішектің ойық жарасы туралы түсінік.

6. Қуыстық асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

7. Іргелік асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

8. Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.

9. Ішектің қимылдық және тосқауылдық-қорғаныстық қызметінің бұзылуы. Іш өту себептері, даму тетіктері, салдарлары

10. Іш қату себептері, даму тетіктері, салдарлары. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.

11. Балаларда қарапайым және уыттық диспепсиялардың этиологиясы мен патогенезі.

6.5. Үйрету мен оқыту әдістері:

Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, тестілеу.

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері уақыты
  Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату 5 мин
  1-3 сұрақтар бойынша пікірсайыс. Кейс-стади 45 мин
  үзіліс 10 мин
  4-8 сұрақтар бойынша пікірсайыс. Кейс-стади 50 мин
  үзіліс 10 мин
  9-11 сұрақтар бойынша пікірсайыс 30 мин
  Тестілеу 10 мин
  Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау 10 мин

Кейс-стади

Есеп.

35 жастағы науқас төс асты аймағында мезгіл-мезгіл тағам ішкеннен соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды.

Науқас ашушаң, мазасыз, шылымды көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.

1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

2. Науқаста қандай зақымдану жайттар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?

3. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

4. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

 

Есеп.

52 жастағы науқас соңғы кездері көкірегінің сол жағына және семсер тәрізді өсіндіге жайыла берілетін эпигастр аймағының сол бөлігіндегі тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі стенокардия әсерінен деп ойлап, валидол қабылдағанда, басылмады. Ауыру сезімі тамақтан соң жарты – бір сағаттан соң қышқылмен, іш кебумен қабаттасатындығына көңіл бөлді. Нәжісі – тұрақты емес, көбіне іші өтеді. Ұйқысы нашар, жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршағыштық, ашуланғыш, көңіл-күйі төмен, кейде тұнжыраулық жағдай да болады.

Қарап тексергенде: дене құрылымы қалыпты, нормостениялық, тері асты шел қабаты қалыптағыдай. Тілі жабынмен қапталған, бүрлері жазылып кеткен. Аузынан жағымсыз иіс шығады, эпигастр аймағын сипап тексергенде орталық сызықтың сол жағында ауыру сезімі анықталды. ҚҚ -140/80 мм с.б., ЖСЖ - 70, тыныс жиілігі - 16, Нв - 115 г/л, Л - 8 х109/л. Зәр мен нәжіс анализі қалыптыдан ауытқымаған. Негізгі және түрткілік секреция тез азайған. Асқазан сөлінде уреазаның болуы оң. Асқазан сөлінің потеолиздік белсенділігі жоғары. Асқазан сөлінде фруктоза мен N-ацетилнейрамин қышқылының мөлшері төмендеген. Рентгенологиялық суретте асқазанның кардиалды бөлігінің жоғары бөлігінде «үңгір» симптомы анықталады.

1. Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады? (Асқазанның ойық жарасы)

2. Асқазан сөлінде уреазаның оң болуы не туралы мәлімдейді?

3. Ащымен кекірудің себебі не?

 

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 601 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сабақтың жүргізілу реті | Глоссарий | Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру | Тапсырма. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін талдау | Асқорыту жеткіліксіздігі. | Тақырып Әртүрлі сарғыштануларда билирубин алмасуының бұзылуы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері.| ГЛОССАРИЙ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)