Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ит тістер.

Читайте также:
  1. Күрек тістер.

Ит тістер тіс доғасының алдынан артына қарай иілген жерінде орналасқан. Бұл бір сауыттан және бір берік ұзын түбірден тұратын ірі тіс.

Жоғарғы ит тістер (11.сурет). Сауыттың вестибулярлы беткейінің пішіні ромб тәрізді. Өткір жиек екі бөліктен тұрады, олардың екі бұрышы қосылып тісше түзеді. Оны ит тістің төмпешігі деп атайды. Негізгі тіс бұрышы медиалдыға қарағанда үлкендеу, бірақ өткір немесе өткір емес болуы мүмкін. Ит тістердің төмпешігі медиалды жаққа қарай ығысқан. Төмпешік түзетін өткір жиектің бөлшектері өткірленген, сондықтан олар найза ұшы тәріздес өткір жиектің дисталды бөлігі медиалдыға қарағанда мықтырақ. Дисталды бұрыш көбінесе өткір емес және доға, ал медиалды бұрыш тік қарай жақын орналасады және шыны анық көрінеді. Тіс төмпешігінің вестибулярлы беткейінен мойынына дейін жалпақ буылтық орналасады.

 

11-сурет. Жоғарғы ит тіс, оң.

а-вестибулярлы беткей; б-медиалды беткей; в-лингвалды беткей; г- вестибуло-лингвалды кескін; д-медио-дисталды кескін; е-кесуші беткей;

1,2,3- 6 суреттегідей.

Вестибулярлы беткейдің дисталды және медиалды жиектерінде үлкен емес жиекті тісшелер байқалады. Орталық буылтық пен жиекті тісшелердің арасынан екі үлкен емес жүлге өтеді. Бұл өткір жиектің медиалды және дисталды бөліктерінің терең емес тіліктеріне сәйкестендірілген. Сауыттың медиалды бұрышы мен бас төмпешігінің арасындағы тілік жақсы жетілген. Сауыттың бүйір жиектері мойынға қарай бағытталады. Лингвалды беткейінде сауыт бұрышынан лингвалды төмпешікке дейін жайылған жиекті тісшелер жақсы жетілген. Осы төмпешіктен өткір жиектің бас төмпешігіне дейін анық көрінетін ортаңғы тісшелер өтеді, ортаңғы және жиекті тісшелер арасында тереңірек түзіледі. Дисталды ену медиалдыға қарағанда анық байқалады. Ит тістердің сауытының бүйір беткейін қарау барысында вестибуло-лингвалды жаққа қарай бағытталған. Сауыттың үлкен қалыңдықтағы негізіне көңіл аудару керек. Вестибулярлы беткейдің контуры доғатәрізді, шығыңқы, ал лингвалды беткейдің контуры кішкене жазыңқы. Эмаль-цементті шекарасының контуры доғатәрізді және бұл доға тістің бүйір беткейінде түбірге ашылған, ал вестибулярлы және лингвалды беткейде өткір жиекке ашылған. Түбір ұзын және медиа-дисталды жаққа қарай ығысқан. Түбірдің вестибулярлы контуры шығыңқы, ал лингвалды контуры ортаңғы және мойындық үштікке қарай шығыңқы келген, ал жоғарғы үштікке қарай жазыңқы болып келген. Түбірдің бүйір беткейінде өте жақсы жетілген көлденең жүлгелер анықталған. Сауыт қуысы бастапқы төмпешікке қарай өткірленген, сосын ол сауыттың бұрышына дейін біртіндеп кеңейген және ол тістің мойын аймағында максимум деңгейіне дейін жетеді. Осыдан кейін тарылып түбір өзегіне қарай өтеді. Сауыттың биіктігі 10-12мм, ені 7-8мм, мойнының вестибулярлы-лингвалды өлшемі 7-8,5мм, медиа-дисталды 5-6мм, түбірдің ұзындығы 16-18 мм.

12-сурет. Төменгі ит тіс, оң.

а-вестибулярлы беткей; б-медиалды беткей; в-лингвалды беткей; г-вестибуло-лингвалды кескін; д-медио-дисталды кескін; е-кесуші беткей;

1,2,3- 9 суреттегідей.

Төменгі ит тістер (12 сурет). Жоғарғы ит тістерге қарағанда өлшемі кішкентай, сауытының тар болуымен және түбірге қарай бағыты тарылғандығымен ерекшеленеді. Бұлардың кесуші жиегінің медиалды жаққа қарай ығысқан негізгі төмпешігі бар. Сауыттың бұрыштары әр түрлі: медиалды өткір емес немесе тіке, дисталды өткір емес және доғал. Сауыттың медиалды жиегі тік төмен жүреді, және ол түбірдің медиалды контурына дейін жалғасады. Дисталды жиегі түбірдің контуры мен бірге қосылып иілім түзеді. Лингвалды бетінінде түбірлік қырлары жаққсы дамыған. Лингвалды тіс төмпешігі және ортаңғы буылтық анық емес. Төменгі ит тістерін зерттеу барысында жоғары ит тістеріне қарағанда бүйір бетінде тілдік беткейдің контуры жазыңқы. Вестибулярлы бетінің контуры шығыңқы келеді.

Түбір медиалды дисталды бағытқа қарай ығысқан және ол екіге бөлінеді. Осыған байланысты екі түбірдің де ұзындығы мен қалыңдығы бірдей болуы мүмкін немесе бірдей емес. Мысалы, вестибулярлы түбір қалың, бірақ қысқа. Тіс қуысы жоғары ит тістерге қарағанда кеңірек. Түбірі өзектерінің екіге бөлінуі сирек кездеседі. Сауыт биіктігі 9-12мм, ені 6-7 мм, сауыт негізінің медио-дисталды диаметрі 5-6 мм,, вестибуло-лингвалды 7-8 мм, сауыт ұзындығы 12,5-16,5 мм.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 994 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері. | Тіс беткейлері | Тістің гистологиялық сипаттамасы. | Тістің формуласы. | Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе | Алыпты және патологиялық тістеулер. | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Күрек тістер| Кіші азу тістер – премолярлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)