Читайте также: |
|
Тістің ішінде тіс пульпасымен pulpa dentis, толтырылған тіс қуысы, cavitas dentis орналасқан. Тіс сауытындағы қуыстың пішіні сауыт пішініне ұқсас. Тістің түбіріндегі қуыс өзектәрізді canalis radicis dentis болып келеді және түбір ұшында тесікпен foramen apices dentis аяқталады. Пульпа жасушалық элементтерге, тамырлар мен нервтерге бай борпылдақ дәнекер тінінен тұрады. Қуыс бөлігіне қарай сауыт пульпасы pulpa coranaIis және түбір пулпасы pulpa radicalaris болып бөлінеді.
3-cурет. Перидонт құрылысы
1-тіс-альвеолярлы талшықтар; 2-тіс аралық(түбір аралық)талшықтар; 3-тіс қызылиектік талшықтар.
Дентин тістің алғашқы тіні болып саналады. Төменгі омыртқалылардың (балықтар, амфибия) тістері тек дентиннен тұрады. Ал жоғарғы омыртқалыларда яғни, кесірткелерден бастап, эмаль мен цемент болады. Дентин тістің арнайы қатты тіні, онда жасушалар болмайды. Ол жасушалар өсіндісінен - одонтобласт және негізгі заттан тұрады. Онда дентинді өзекшелердің үлкен мөлшері кездеседі. Одонтобласттар тіс пульпасының перифериялық бөлігінде орналасады. Өзекшелер арасында орналасқан дентиннің негізгі заты коллагенді талшықтар мен желімдеуші заттардан тұрады. Дентиннің екі қабаты бар: сыртқысы - жабын,ішкісі - пульпа маңылық. Коллагенді талшықтар арасында минералды тұздар, соның ішінде фосфор қышқылды кальций, көмірқышқыл кальций, магний тұзы, т.б. жиналады. Пульпалы дентиннің ішкі қабаты әктенбеген және предентин деп аталады. Бұл дентиннің тұрақты өсу орны болып табылады.
Эмаль, эмаль призмасының жіңішке ұзын эмаль енімен толқынтәрізді өтетін және призма аралық желімдеуші заттан тұрады. Кіреуке қабатының қалыңдығы тістің әр бөлігінде әр түрлі және тіс мойнында 0,01 мм-ден моляр төмпешігінің шайнау деңгейінде 1,7мм шамасында. Эмаль адам денесіндегі ең қатты тін және онда 97% минералды тұздардан тұрады.
Сыртқы кіреуке бетінде қышқылға тұрақты жұқа қабық пеликула, pelicula dentis-пен қапталған. Пеликула сілекейдің туынды мукополисахариді болып табылады және тіс эмалінің бетінде органикалық қабықты құрайды.
Цемент тіс тінін құрайды, ол тұздар әгімен сіңген коллагенді талшықтары әртүрлі бағытталған негізгі заттан тұрады. Цемент құрылысы сүйек тініне ұқсас,бірақ соңғысына қарағанда тамырлары жоқ және құрылымды-функционалдық жаңаруға ұшырамайды. Цемент сүйек қуысында жататын, түбір ұшы мен түбіраралық бөлімдерінің цементоцит жасушасынан тұрады. Цемент құрамында өзек пен тамырлар болмайды, олар периодонт көмегімен қоректенеді.
Тіс түбірі жақсүйек орнына дәнекер тін талшық шоғырымен байланысады және ол тіс байламы немесе периодонт, peridontium деп аталады. Периодонт ішкі сүйекқабы рөлін атқарады.
Периодонт – сүйек ұяшығы мен цемент аралығында орналасқан дәнекер тінді аралшық. Ортаңғы периодонталды тесігінің үштен бірінде беткей тарылу бар және ол тіске қысым түскенде физиологиялық қимылды қамтамасыз етеді. Периодонт ұяшық (лунка) қабырғасынан цементке карай келетін, коллаген талшықтары шоғырының үш түрінен тұрады. Талшық шоғырының келесі түрлері бар: тіс-иектік, тіс-ұяшықтық және тісаралық.Тіс иектік талшықтар кешені тістің циркулярлы байламдарын құрайды.Тіс-иектік шоғыры иектік қалтаның түбіндегі цементтен бастау алып, сыртқа қарай иектің дәнекер тініне желпуіш (веер) тәрізді таралады. Тіс-альвеолярлы шоғырлар біршама күшті, бастауын алдыңғы топтың цементінен төмен орналасады,қабырғаларының жоғарғы тіс ойықтарының альвеолярлы аралшықтарына барып,оларға бекиді.Тіс альвеолярлы шоғырлардың бір бөлігі горизонтальді бір бөлігі қиғаш жүреді.Тіс аралық шоғырлар цементтен келетін контактілі беткейінен, бір тістің тісаралық қалқасынан көршілес тістің цементімен байлам құрайды. Бұл шоғырлар тістер қатарының бір ізділігін сақтап тұруында маңызды рөл атқарады. Олар тіс доғасы аймағында шайнау қысымын бөлуге қатысады.Жоғарғы топ шоғырлары түбір ұшын қуыс қабырғасына бекітеді.
Тісті тіс альвеоласына бекуін қамтамасыз ететін құрылымдар тістің ұстау аппаратын құрайды немесе пародонт,paradontium деп аталады. Оның құрамына тіс түбірінің цементі,перидонт,тіс альвеоласы мен қызыл иек қабырғасы кіреді.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 666 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тіс беткейлері | | | Тістің формуласы. |