Читайте также: |
|
Жоғарғы күрек тістер (сурет 22). Тұрақты тістерге ұқсас, кіші өлшемімен тұйық сауытымен, кескіш жиектерінің әлсіз дамуымен ерекшелінеді. Латералды күрек тістің сауыты тар, ал медиалдыкі кең. Лингвалды төмпешік лингвалды буылтыққа айналады. Сүт күрек тістер күрек пішінде болады.
22-сурет. Жоғарғы сүт күрек тістер, оң. Күрек тістердің медиалды беті:
а-вестибулярлы; б-медиалды; в-лингвалды; г-кесуші.
Күрек тістердің латералды беті:
д-вестибулярлы; е-медиалды; ж-лингвалды; з-кесуші.
Төменгі күрек тістер (сурет 23). Жоғары күрек тістер сияқты тұрақты тістерге өте ұқсас, бірақ өлшемі жағынан кіші. Тістің лингвалды бетінің рельефі тегіс, лингвалды төмпешік әлсіз дамыған.
23-сурет. Төменгі сүт күрек тістер, оң. Күрек тістердің медиалды беті:
а-вестибулярлы; б-медиалды; в-лингвалды; г-кесуші.
Күрек тістердің латералды беті:
д-вестибулярлы; е-медиалды; ж-лингвалды; з-кесуші.
Латералды күрек тіс медиалдыға қарағанда сауыты кең. Төменгі күрек тістің сауыты тығыздалған, медиалды және дисталды бетінде жүлгелер бар. Ұшы көбінесе вестибулярлы жылжыған. Төменгі күрек тістер өзара немесе көрші ит тістермен бірігуі мүмкін.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 463 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Лкен азу тістер | | | Лкен азу тістер |