Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күрек тістер

Читайте также:
  1. Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.
  2. Ит тістер.
  3. Күрек тістер.
  4. Кіші азу тістер – премолярлар
  5. Лкен азу тістер
  6. Лкен азу тістер

Тіс доғасының ортасында 8 күрек тістер орналасқан, сондықтан оларды алдыңғы тістер деп атайды. Олар жоғарғы, төменгі, сонымен бірге медиалды, латералды күрек тістер болып бөлінеді. Күрек тісте бір түбір және вестибуло-лингвалді бағытта жіңішкерген тығыздалған кең жиекті сауыты бар. Жоғарғы жақсүйекте медиалды күрек тістердің сауыты латералдыдан ірі, ал төменгі жақсүйекте кіші болып келеді.

Медиалды жоғарғы күрек тіс (сурет 6). Вестибулярлы қалыпта сауыты кең, томпайған, мойнына қарай жіңішкерген. Сауыттың пішіні әр түрлі: тік бұрышты, трапециятәрізді, сопақша. Медиалды және кесуші жиегі тік бұрышта қиылысады, ал дисталды және кесуші жиегі бұрышы тұйық және дөңгеленген. Кесуші жиегінде дисталді бағытта үлкен емес тесігі бар. Кесуші жиекте 3 төмпешік бар, олар буылтыққа ұқсас вестибулярлы беткейінде орналасқан. Медиалды және дисталды буылтықтар ортаңғыға қарағанда айқын білінеді.

Төмпешіктер мен буылтықтар арасында әлсіз айқын жүлгелер байқалады. Кесуші жиектің төмпешіктері мен вестибулярлы беткейдің буылтықтары тек жас адамдарда байқалады.

 

 

 

. 6-сурет. Медиалды жоғарғы күрек тіс,оң;

А -вестибулярлы беткей; б-медиалды беткей; в-лингвалды беткей; г-вестибулярлы-лингвалды кескін; д- медио-дисталды кескін; е-кесуші беткей;

1,2,3-сауыт деңгейіндегі көлденең кесінділер пішіні, ортанғы және жоғарғы үш бөлік сәйкесінше

 

Жоғарғы медиалды күрек тістің сауытының беткейінде медиалды және латералды жиектік қырлар болады, олар сауыт негізінен оның кесуші жиегіне бағытталады.

(7-сурет) Кейде олар болмауы да мүмкін. Егер жиектік қырлар қатты дамыған болса, олардың беткейі науашыққа ұқсас болады. Кейбір жағдайда сауыттың 1/3 бөлігінде тіс төмпешігі болады, даму деңгейі мен пішіні әр түрлі. Ол өте жақсы дамуы мүмкін. Кесуші жиегі бағытталған бірнеше тісшелерге бөлінуі мүмкін. Көбінесе екі тісше – медиалды және дисталды. Орталық күрек тіс төмпешігінің болуы, лингвалды беткейінде шұңқыршақтың болуынан тіс жегі пайда болуы мүмкін.

 

 

 

7-сурет. Медиалды жоғарғы күрек тіс беткейінің лингвалды құрылысындағы ерекшеліктер;

А-дөңес пішінді; б-екі дөңес пішінді; в-үш екі дөңес пішінді; с-үш дөңес пішінді.

 

Жоғарғы медиалды күрек тістердің сауыты медиалды жағынан қашау тәрізді болып келеді. Оның вестибуляр контуры шығыңқы, ал лингвалды домаланған. Түбірі медио-дисталды бағытта тығыздалған. Түбір ұшы дөңгеленген. Сауыт пен түбір арасында иілік тістің медиалды жиегінде көп, дисталдыға қарағанда. Бұл белгілер тістің сол және оң тістердің тіс доғасындағы орнын көрсетеді.

Вестибулярлы беткейінде түбір дөңес контурлы. Түбір контуры лингвалды беткейде фронталді жазықтықта тік, шығыңқы және дөңгеленген болуы мүмкін.

Тіс қуысы оның сыртына ұқсас. Кесуші жиегіне жақын бағытта тығыздалған, түбірде жіңішкеріп баяу түбір өзегіне айналады.

Вестибулярлы беткейде жоғарғы медиалды күрек тістердің сауытының биіктігі 9-12 мм, кесуші жиегінің ені 8-9 мм. Мойынның медио-дисталды диаметрі 6,3-6,9 мм, вестибуло-лингвалды 7,1-7,5 мм. Түбір ұзындығы 12-15 мм.

Жоғарғы латералды күрек тіс (8-сурет) медиалдылығымен ерекшеленеді. Сауыттың вестибулярлы беткейі трапеция және сопақша. Сауыттың дисталді бұрышы медиалды күрек тіске қарағанда дөңгеленген. Кесуші жиегі тік емес, дөңгеленген. Кейде кесуші жиегі мүлдем көрінбейді, сауыттың жоғарғы бөлігінді үшкір төмпешік болады. Лингвалды беткейінде тіс төмпешігі айқын білінген, оның астында шұңқыршақ пайда болады.

Жоғарғы жақсүйектің латералды күрек тістерінің ерекше белгісі латералды бағытта түбір ұшының ығысуы болып табылады.

 

8-сурет. Латералды жоғарғы күрек тіс, оң.

а-вестибулярлы беткей; б-медиалды беткей; в-лингвалды беткей; г-вестибуло-лингвалды кескін; д-медио-дисталды кескін; е-кесуші беткей; 1,2,3-6-шы суреттегідей.

 

Сауыттың ұзындығы 8-10 мм, ені 6-7 мм, сауыт негізінің медио-дисталды өлшемі 4,8-5,4 мм, вестибуло-лингвалды 5,8-6,2мм, түбір ұзындығы 10,5-14 мм.

Медиалды төменгі күрек тіс (9-сурет) сауыты тар, кесуші жиегіне қарай кішкене кеңейген. Кесуші және медиалды бұрыштары арасында, сонымен бірге латералды жиектермен бірдей. Сауыттың кесуші жиегінде 3 төмпешік бар, олардан вестибулярлы беткейде мойын бағытына қарай 3 буылтық жүреді. Медиалды және дисталды буылтықтар жиі білінеді. Сауыттың мойыналды жартысы дөңес және жалпақ. Кейбір кезде кесуші жиегінде төмпешіктер мен буылтықтар вестибулярлы беткейінде болмайды. Кіреуке шекарасы тістің кесуші жиегіне ашылған доға түзеді.

 

9-сурет. Медиалды төменгі күрек тіс, оң

а-вестибулярлы беткей; б-медиалды беткей; в-лингвалды беткей; г-вестибуло-лингвалды кескін; д-медио-дисталды кескін; е-кесуші беткей;

1,2,3-сауыт деңгейіндегі көлденең кесінділер пішіні, ортаңғы және жоғарғы үш бөлік сәйкесінше.

 

Сауыт қисықтығының сипаты көрсетілмеген, сондықтанда тістің белгілі бір сегментке қатыстылығын анықтау мүмкін бола бермейді. Лингвалды беткейінде қыр қырлары мен төмпешіктері жоқ. Тіс сауытының қыр беткейіне өтетін, төмпешіктердің орнына көтеріңкі жер бар. Ұрт маңы бөлігінде сауыттың ортаңғы тіс төмпешігі орналасқан. Вестибулярлы беткейінің контуры шығыңқы, ал лингвалды – ішке кіріңкі доғалардан түзілген. Креукенің шекарасы доға тәрізді, кесуші қыр жаққа шығыңқы.

Түбірі медиалды- дисталды жақа ауысқан, оның ұшы жиі вестибулярлы ауытқиды. Медиалды және дисталды беткейлері ұзына бойлы жүлгелері бар. Түбірдің дисталды беткейінде жүлге жақсы көрінеді, бұл тісті тіс доғасының оң немесе сол жартыларына жататындығын анықтайды. Қуыс тістің пішініне ұқсас келеді, көбіне түбір каналы екіге бөлінген. Орталық кесуші екіге айырылған канал жиі кездеседі, көбіне адамның жасы үлкейгеніне қарай. Бұл жағдайда түбір ұшының 3/1 екі каналы бірігіп кетеді. Сауыттың биіктігі 7-ден 9,5 мм-ге дейін ауытқиды, ені - 5-5,5 мм, вестибулярлы – лингвалды мойын өлшемі 5,5-6 мм, медиалды-дисталды 3,5-5 мм, түбірдің ұзындығы- 10,5-14мм.

Латералды төменгі күрек тіс (10.сурет). Вестибулярлы қалыпта сауыт қашау пішінді болады. Медиалды күрек тіске қарағанда, кесуші бүйірі жуан, мойын бағытында тістің қыры бір шама жақындай түседі. Вестибулярлы беткейде кіреуке шекарасы доға пішінді болады. Шығыңқы жағымен түбірге бағытталады. Кесуші бүйірі медиалды және дисталды бүйірлерімен біріктіргенді түрлі бұрыштар түзеді: медиалды бұрышы аса үшкір, дисталды – доғал және кішкене дөңгелектенген. Сауыттың дисталды бүйірі мен түбір арасындағы қисықтық күштірек ерекшеленеді, сондықтан, төменгі кесуші латералды бөлігінде түбір белгісі айқын ерекшеленеді.

Сауыт бұрышының белгісі айқын көрінген. Кесуші бүйірде төмпешік жақсы айқындалған. Вестибулярлы беткейдегі кішігірім буылтықтан келе жатқан төмпешіктер кесуші бүйіріне жақын айқындалады. Лингвалды беткейдегі күрек тістер дәл сондай медиалды беткейге ұқсас, бірақ та ол жиі ішке кіріңкі болады. Бүйір жақ беткейінен күрек тістер сына тәрізді пішінде болады.

Тіс түбірі медиалды-дисталды бағытта сығыңқы және дисталды ауытқиды. Түбірдің бүйір беткейінің ортасында жүлгелер анықталады, және де дисталды бағыттағы жүлге айқын көрінеді. Сауыттың биіктігі – 8-10,5 мм, ені 5-6 мм, мойынның медиалды дисталды өлшемі 4-4,5 мм, вистибула лингвалды 6-6,5 мм түбір ұзындығы 12,5 -15 мм.

 

10-сурет. Латералды төменгі күрек тіс, оң.

а-вестибулярлы беткей; б-медиалды беткей; в-лингвалды беткей; г-вестибуло-лингвалды кескін; д-медио-дисталды кескін; е-кесуші беткей;

1,2,3-сауыт деңгейіндегі көлденең кесінділер пішіні, ортаңғы және жоғарғы үш бөлік сәйкесінше.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 919 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері. | Тіс беткейлері | Тістің гистологиялық сипаттамасы. | Тістің формуласы. | Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алыпты және патологиялық тістеулер.| Ит тістер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)