Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.

Читайте также:
  1. Бірінші тұрақты азу тістің түбірінің қалыптасуы қай жаста аяқталады?
  2. Тұрақты тістің ұрығын қай кезде жұлып тастайды?
  3. Тістің гистологиялық сипаттамасы.
  4. Тістің формуласы.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

МЕДИЦИНА БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Авторлары: Аубакиров А.Б., Жаналиева М.К.

Адам тістерінің анатомиясы

(адам анатомиясы бойынша оқу құралы)

 

Астана, 2012жыл

 

 

Кіріспе

 

Адам анатомиясы бойынша оқу құралы

 

«Адам тістерінің анатомиясы» әдістемесінде тістердің дамуы мен құрылысы берілген. Әдістемеде тұрақты және сүт тістердің жеке анатомиясы, тістердің рентген анатомиясы, тістердің пішіндері, өлшемдері, саны, тістердің орналасу ауытқулары көрсетілген.

Әдістеме стоматология факультетінің студенттеріне арналған оқу бағдарламасына сәйкестелінген. Әдістемеде көрсетілген анатомиялық терминдер Алшынбай Рақышевтің халықаралық анатомиялық номенклатурасына негізделген.

Бұл адам тістерінің анатомиясы бойынша берілген деректерді жоғарғы және орта медицина оқу орындарында оқитын стоматология факультетінің студенттері, сонымен бірге дәрігер стоматологтар мен тіс техниктеріне қолдануға болады.

 

АДАМ ТІСТЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.

Тіс- тіс қатарында орналасқан, арнайы тіндер мен меншікті нерв аппараты, қан тамырлары мен лимфа тамырларынан тұратын, белгілі пішіні мен құрылысынан тұратын ағза болып табылады.

Тістер, dentes, жақсүйектерінің ұяшықтарында орналасып, тағамды механикалық өңдеуге, сөйлеу артикуляциясына қатысып, эстетикалық қызмет атқарады.

Тістің анатомиялық бөлімдері:

1. Сауыт, corona dentis – эмалмен қапталған, тіс ұяшығынан шығып тұратын, тістің кеңейген бөлігі. Тістің бұл бөлігін анатомиялық сауыт деп те атайды.

2. Мойны, collum dentis, сауыт пен түбір арасында орналасқан тістің жіңішкерген бөлігі.

3. Түбір, radix dentis, тіс ұяшығының ішінде орналасқан тіс бөлігі. Тіс түбірі түбір ұшымен аяқталады.

 

Стоматологияда клиникалық сауыт пен клиникалық түбір терминдері пайданалынады. Клиникалық сауыт деп, иектен шығып тұратын бөлікті атайды. Клиникалық сауыт жасқа байланысты иек атрофиясынан ұлғаяды, клиникалық түбір кішірейеді. Жас адамдарда сауыттың жартысы иекпен жабылған, сондықтан клиникалық сауыт анатомиялықтан кіші. Қартайған кісілерде кейбір жағдайда иектен сауытпен бірге тіс мойны да шығып тұрады. Бұл жағдайда клиникалық сауыт анатомиялықтан үлкен болады. Тістің негізін дентин құрайды, сауыт эмалмен, түбір аумағында цементпен қапталған

 


 

1-cурет. Тістің жалпы құрылысы:

1- corona dentis; 2- collum dentis; 3- radix dentis; 4- tuberculum dentale; 5- cingulum; 6- apex radicis dentis;7-enamelum; 8- dentinum; 9- pulpa dentis;10- pulpa coronalis; 11-pulpa radicularis; 12- бүйір өзек; 13- cementum.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 499 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тістің гистологиялық сипаттамасы. | Тістің формуласы. | Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе | Алыпты және патологиялық тістеулер. | Күрек тістер | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Припять. Городская гостиница.| Тіс беткейлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)