Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы

6.19. Аралықтар әдетте, жол блоктауымен, ал жекелеген телімдер-
де аралықтағы поездар қозғалысы екі бағыт бойынша локомотивтік
бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүргізілетін дербес сигнал беру
және байланыс құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сиг-
нал беруімен жарақтандырылуы тиіс.

6.20. Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаудың қүрылғылары
шығу немесе өтпелі бағдаршамдардың олар қоршап тұрған блок-телімнің
(станцияаралық немесе қосынаралық аралықтың) жылжымалы құрамнан
босауына дейін ашылуына, сондай-ақ негізгі электрмен жабдықтаудан ре-
зервтікке немесе керісінше ауысуының нәтижесінде бағдаршамның өздігінен
жабылуына жол бермеуі тиіс.

6.21. Автоматтық немесе жартылай автоматтық блоктаумен
жарақтандырылған біржолды аралықтарда, станциядағы шығу
бағдаршамын ашқаннан соң көршілес станцияның дәл осы аралыққа қарсы
бағытпен поездарды жөнелту үшін шығу және өтпелі бағдаршамдарын ашу
мүмкіндігіне жол берілмеуі тиіс.

Сигналдардың тура осындай өзара тәуелділігі әр жол бойынша екіжақты қозғалысты жүзеге асыру үшін автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған қосжолды және кепжолды аралықтарда болуы тиіс.

Автоблоктаумен жарақтандырылған қосжолдық ендірмелері бар бір-жолды телімдерде, сондай-ақ қозғалысы автоблоктау бағдаршамдарының көрсетулері бойынша бір бағытта жүзеге асырылатын жүктасымалдылығы қарқынды желілердің қосжолды және көпжолды аралықтарында локомо-тивтік багдаршамдардың сигналдары бойынша қарсы бағытта (теріс жол арқылы) қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғылар қарастырылуы мүмкін. Қолданылатын техникалық шешімдерге байланы-сты, бұл құрылғылар үнемі істеп тұрады немесе жөндеу, құрылыстық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзімінде іске қосылады.

 

6.22. Автоматтық блоктау кезінде барлық бағдаршамдар, олар қоршап
тұрған блок-телімдерге поезд кірген кезде, сондай-ақ осы телімдердегі рельс
тізбектерінің бүтіндігі бұзылған жағдайда автоматты түрде тыйым салу
көрсетуіне көшуі тиіс.

6.23. Жол блоктауымен жарақтандырылған телімдерде орналасқан
станцияларда бұл құрылғылардың шаруашылықтық поездарға арналған
бұздыған-кіліттері, ал поездарды итермелейтін локомотивті қайтарып
алып итермелеу қолданылатын жартылай автоматтық блоктау телімдері
бар станцияларда - итергіш локомотивтерге де арналатын бұздыған кіліт-
тері болуы тиіс.

Автоматтық блоктаумен жарақтандырылған біржолды желілерде, сон-дай-ақ әр жол бойынша екіжақты автоблоктаумен жарақтандырылған қосжолды* аралықтарда, маневрлік жұмыс маневр жасаушы құрамның станция шегінен шығуы арқылы жүргізілетін станцияларда, автоматтық блоктаудың құрылғылары қажет болғанда оларға қатысы бар маневрлік бағдаршамдармен толықтырылады.

6.24. Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен
жарақтандырылған желілерде орналасқан станцияларда мынадай
құрылғылар болуы тиіс:

бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашылу-ына жол бермейтін;

басқару аппараттарында жолдар мен стрелкалардың бос еместігінің бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар.

Жартылай автоматтық блоктау кезінде станцияларда мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрылғылар болуы мүмкін:

жөнелту маршрутындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылауды олардың ақаулылығына байланысты ажырататын;

жабылып қалған шығу бағдаршамын, егер поезд одан нақты түрде өтпеген болса қайтадан ашатын;

поездың толық құрамымен келіп жеткенінің автоматтық бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар.

6.25. Автоматтық блоктау автоматты локомотивтік сигнал беруімен және
диспетчерлік бақылау құрылғыларымен, ал жартылай автоматтық блоктау-
жолдың белгіленген телімдерінде автоматты локомотивтік сигнал беруімен
толықтырылуы тиіс.

6.26. Автоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде поездар
қозғалысына диспетчерлік бақылау жүргізу құрылғылары белгіленген
(тағайындалған) қозғалыс бағытының (бір жолды аралықтарда) бақылануын,
блок-телімдердің, аралық станциялардағы басты және қабылдау-
жөнелту жолдарының бос еместігін, кіру және шығу бағдаршамдарының
көрсетулерінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңадан енгізілетін диспетчерлік бақылау жүйелері осы тармақта тізім-деліп аталған талаптарға қоса СОБ құрылғыларының техникалық күйінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 1074 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ | Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні | Рылысы және жасанды құрылыстары | Рельстер және бағыттамалық бұрмалар | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады.| Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)