Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Техникалық қызмет көрсету

Читайте также:
  1. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
  2. Йқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері
  3. Йқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері.
  4. Мектепке дейінгі қызметкерлер мамандарын даярлаудың мемлекеттік жүйесі.
  5. Оқушыларды ұжымдық қызмет тәсілдерін үйрету.
  6. Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. 1-сағат.
  7. Рбір қызметкердің жоғпры қайтарымды жұмыс атқаруы.

6.51. Өздерінің көмегімен әрқилы тұрдегі тәуелділіктер жұзеге асырылатын СОБ аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радио-байланыс аппараттары жабық және пломбыланған болуы тиіс; олардың ашылуын осы құрылғылар жөнінде тексеру журналына міндетті түрде ал-дын ала жазба енгізе отырып белгі беру және байланыс дистанциясының осыған уәкілеттенген қызметкерінің ғана жүргізуіне рұқсат етіледі. СОБ және байланыс аппараттарындағы пломбылардың бүтіндігі үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер (станциялар бойынша кезекшілер, орталықтандыру постының операторлары, стрелкалық посттың кезекшілері, локомотив машинистері және т.б.) жауапкершілікті болады.

6.52. Белгі беру және байланыс дистанцияларында оларда бар СОБ пен байланыс құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен сипаттамалары, тиісті стандарттары және нормалары болуы тиіс. Бұл құжаттарға барлық өзгерістер дер кезінде енгі-зіліп отыруы тиіс.

СОБ құрылғылары бойынша типтік шешімдерді СОБ, байланыс және ақпараттық технологиялар департаменті бекітеді. СОБ құрылғыларында типтік емес техникалық шешімдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

6.53.СОБ құрылғылары тәуелдіктерінің уақытша өзгертілуіне тек СОБ, байланыс және ақпараттық технологиялар департаментінің рұқсатымен 5 тәуліктен аспайтын уақытқа, ал одан артық мерзімге «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығының рұқсатымен ғана жол беріледі.

6.54. СОБ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, орнын ауы-стыру, жөндеу, сынау мен ауыстыру бойынша жоспарлық жұмыстар және белгіленген тәуелділіктердің бұзылуын тудыратын немесе олардың әрекетін уақытша тоқтатуға әкелетін басқа да жоспарлы жұмыстар олардың барынша қысқа мерзімде орындалуын қарастыратын және «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекітетін кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Кез келген жағдайларда стан-цияларда станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз және бұл жөнінде Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналына жұмыстарды басқарушының ал-дын ала жазбалауынсыз мұндай жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

 

Диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде ұқсас жұмыстар тек поезд диспетчерінің келісімімен ғана жүргізілуі тиіс.

Құрыл ғыл ар станция бойынша кезекшініңбөл месіненедәуір қашықтықта орналасқан жағдайда бұл құрылғыларды іске қосу жөніндегі жазба, сондай-ақ ақаулыққтарды жою бойынша күтпеген жұмыстардың жүргізілуі үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату жөніндегі жазба осы журналдың өзінде тіркелетін, станция бойынша кезекшіге жіберіліп соңынан Жол-дарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналына жұмыстарды басқарушының жеке қолы қойылатын телефонограммамен ауыстырылуы мүмкін.

Белгіленген тәуелділіктерді бұзбайтын СОБ жекелеген құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тек-серу журналына жазба енгізусіз станция бойынша кезекшінің (диспетчер-лік орталықтандыруы бар телімдерде — поезд диспетчерінің) келісімімен жүргізіле алады. Осындай құрылғылар мен аспаптарды ауыстыру және ажырату жөніндегі жұмыстар тізімін «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Әрекеттегі СОБ құрылғыларын сынау барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің келісімімен және бақылауымен, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде — поезд диспетчерінің келісімімен жүргізілуі тиіс.

6.55. Сигналдық аспаптардың жарықтандырылуы сигналдар
көрсетулерінің анық көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

Дер кезіндегі және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету міндеті: бағдаршамдар мен маршруттық нұсқағыштардың — белгі беру және байла-ныс дистанцияларының директорларына;

стрелкалық нұсқағыштардың, жол бөгегіштерді лақтыру құрылғыларының және гидравликалық бағаналардың нұсқағыштарының станциялардағы жарықтандырылуы — станциялар бастықтарына;

локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигналдық аспаптардың — тиісті бөлімшелердің директорларына жүктеледі.

Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау дистанция-лары қамтамасыз етеді.

6.56. Белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері
бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіштерінің және маршруттық
нұсқағыштардың қалыпты тұрақты көрінімділігін қамтамасыз етуге міндет-
ті.

Бағдаршамдар көрсетулерінің көрінімділігін бағдаршам лампаларының әр ауыстырылуынан кейін электрмеханик жолдың үстінде тексеруі тиіс.

Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрінімділігін аға электрмеханик кем дегенде айына бір рет және белгі беру және байланыс дистанциясының директоры — кем дегенде тоқсан сайын бір рет локомотивтің үстінен тексеруі тиіс.

 

Белгі беру және байланыс дистанцияларының және локомотив депосының директорлары немесе олардың орынбасарлары кем дегенде тоқсан сайын бір рет автоматты локомотивтік сигнал беру мен радиобайланыстың және қауіпсіздік құрылғыларының жұмысын локомотивтің үстінен тексеруі тиіс.

Автоматты локомотивтік сигнал берудің және поездық радиобайланыстың жұмысын вагон-зертхана локомотив шаруашылығы мен сигнал беру және байланыс басшылығы бекіткен кесте бойынша қорытындыларын құжаттарда тіркей отырып мерзімді түрде тексереді.

Тексеру қорытындылары локомотив шаруашылығы мен сигнал беру және байланыс басшыларымен бірлесе отырып қаралады.

6.57. Жол, СОБ, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы
құрам, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам электрлі рельстік тізбектердің тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

Электрлі рельстік тізбектердің толассыз жұмысын қамтамасыз ете-тін жол, СОБ, электрмен жабдықтау құрылғыларына және жылжымалы құрамға, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету тәртібін және оларды күтіп ұстау нормаларын «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

6.58. СОБ және байланыс құрылғыларын пайдаланатын қызметкерлер
оларды пайдалану тәртібіне үйретілуі және олардың білімдері тексерілуі
тиіс.

Белгі беру және байланыс дистанциясының директоры СОБ және бай-ланыс құрылғыларын пайдаланатын басқа қызметтер қызметкерлерінің де оқуын қамтамасыз етеді. Әр бастық өзінің қол астындағыларға қатысты олардың оқуы және осы құрылғылар жөніндегі олардың білімін мерзімді тексеру үшін жауапты болады.

ТАРАУ


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 810 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ | Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні | Рылысы және жасанды құрылыстары | Рельстер және бағыттамалық бұрмалар | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар| Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)