Читайте также:
|
|
Кәсіпорынның кадр саясаты. Еңбек қарым қатынасы және
Жалақы жүйесі
Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау, оны.тиімді пайдалану дегеніміз кадр саясатын дұрыс жүргізу деген сөз Қоғамдық өндірістің басты факторларының бірі — жұмыс күші. Нарықты экономикаға негізделген тауарлы өндірісте жұмыс күші — тауар. Бірақ оның басқа тауарлардан ерекшелігі:
• біріншіден, ол өзінің құнынан анағүрлым артық тұратын құн құрайды;
• екіншіден, онсыз кез-келген кәсіпорынның әлеуетті мүмкіндіктері ешбір жүзеге аспайды;
• үшіншіден, барлық өндірістік және айналым қорларын пайдаланудың тиімділігі де, міне, осы жұмыс күшіне тікелей байланысты.
Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау, оны тиімді пайдалану дегеніміз кадр саясатын дұрыс жүргізу деген сөз.
Оны негізгі бағыттары:
· Жұмыс күшінің саны ман саапасы, олардың негізгі және қосымша нысандары;
· Жұмыс күшін пайдалануды жетілдіру, бұл бағыттағы жұмыстың жәйін талдау:
· Орын алған кемшіліктерді жоюды көздейтін шаралар қабылдау.
Кәсіпорын қызметкерлері негізінен үш топқа бөлінеді:
· Тізімдік;
· өнеркәсіптік -өндірістік қызметкерлер;
· өнеркәсіптен тыс қызметкерлер;
Кәсіпорын жұмысшыларының тізімдік құрамы – бұл негізгі жіне одан басқа қызметтерге байланысты, бір күн және одан да ұзақ мерзімге тұрақты және уақытша жұмысқа қабылданғандар.
Тізімдік құрамға енгізілетіндер:
· нақты жұмыс істейтіндер;
· жұмысқа жай ғана орналасқандар немесе белгілі бір себептермен жұмыста болмағандар (қызметтік іссапар) және жыл сайынғы еңбек демалысындағылар;
· Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаушылар;
· Денсаулығына байланысты жұмықа келмегендер;
· Жүктілігі бойынша демалыс алғандар;
· Кәсіпорынның балансы негізінде мамандығын көтеруге байланысты оқитындар;
· Бір күн немесе бір аптаға толмайтын мерзім бойы жұмыс істейтіндер.
Қызметкерлер құрамына қарай:
· Жетекші;
· Маман;
· Кеңселік;
· Есептік;
Басқа да қызметкерлер болып бөлінеді.
Жетекшілер – бұлар кәсіпорындағы лауазымды орындарды қамтитын қызметкерлер (директор, бас маман, шебер)
Қызметкерлердің ең негізгі және көп жақты категориясы – жұмысшылар болып саналады және олар:
· өнім өндіруге тікелей қатысады;
· құрал жабдықтарды жөндейді және күтім жасайды;
Еңбек заттарын араластыра өндіріп,дайын өнім жасайы.
Кадр даярлаудағы негізгі міндеттер:
· әрбір қызметкердің өзінің кәсіпорыны жөнінде кең түрде білуі;
· жұмысшылардың жаңа жетілген технология мен техника түрімен таныс болуы;
· ұжымның қанағат сезімін күшейту, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің өз бағаларын сезінуі;
рбір қызметкердің жоғпры қайтарымды жұмыс атқаруы.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізізілу мүмкін:
· Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
· бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
· жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындаған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік
бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын тағдауына құқығы жоқ. Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларына (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
Дата добавления: 2015-07-24; просмотров: 224 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
История Джилл | | | Еңбек қарым –қатынасы |