Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау жалпы ережелер. Габарит

Читайте также:
  1. ВНУТРИПЛОЩАДОЧНЫЕ ДОРОГИ ДЛЯ МАЛОГАБАРИТНЫХ МОТОРНЫХ ТЕЛЕЖЕК, ВЕЛОСИПЕДНЫЕ ДОРОЖКИ И ТРОТУАРЫ
  2. Высокоскоростной малогабаритный фотохронограф
  3. Габарит погрузки
  4. Габарит подвижного состава.
  5. ГАБАРИТЫ
  6. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
  7. И прочим питательным веществам, коих в сумме насчитывается около 10.000, то можете себе представить габариты такого манускрипта.

2.1. Темір жолдардың құрылыстары мен құрылғылары жарамды күйде күтіп ұсталынуы тиіс.

Құрылыстар мен құрылғылардың ақаулылықтарының пайда болуының алдын алу және қызмет ету мерзімдерін ұзарту оларды күтіп ұстау үшін жауапты тұлғалардың жұмысындағы басты міндет болуы тиіс.

Құрылыстар мен құрылғылардың күйі үшін оларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер және осы құрылыстар мен құрылғылар өздерінің қарамағындағы кәсіпорындар басшылары жауапкершілікті болады.

Аталған қызметкерлер, әрқайсысы өзіне тапсырылған бөлігінде пайда-лану ережелерін білуі және құрылыстар мен құрылғылардың күйін жүйелі түрде тексеріп отыруы, күтіп ұстаудың, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоғары сапасын метрологиялық ережелерді, темір жол көлігінің құрылыстары мен құрылғылары үшін белгіленген мемлекетаралық, мем-лекеттік стандарттардың нормалары мен талаптарын сақтай отырып қамтамасыз етуі тиіс.

2.2. Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен құрал-жабдық бекі-тіліген жобалық құжаттамаға және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс. Негізгі құрылыстардың, құрылғылардың, механизмдер мен құрал-жабдықтың олар үшін арналған ең маңызды техникалықжәне пайдаланулық сипаттамаларға ие техникалық паспорттары болуы тиіс.

Темір жолдардың құрылыстары мен құрылғылары поездарды ең жоғары етіп белгіленген: жолаушы поездары үшін - 140 км/сағ, рефрижераторлық поездар үшін - 120 км/сағ, жүк тасушы поездар үшін - 90 км/сағ жылдамдықтарды қамтамасыз ететін талаптарға сай болуы тиіс. "ҚТЖ" ¥К" АҚ бекітетін тізбеге сәйкес темір жолдың нақты телімдері бойынша сараланған жылдамдықтар белгіленеді.

Жолаушылар поездары 140 км/сағ асатын жылдамдықпен айналатын телімдердегі құрылыстар мен құрылғыларға қойылатын талаптарды ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі белгілейді.

Құрылыстар мен қүрылғылардың құрылымына өзгерістерді енгізу тек қана осы құрылыстармен құрылғыларға арналған жобалық құжаттаманы бекітуге құқығы бар лауазымды тұлғалардың рұқсатымен жол беріледі.

Негізгі құрылыстар мен құрылғылардың жіктеуін, мерзімдік жөндеулерінің уақытын және күтіп ұстау нормаларын "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Құрылыстар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі техникалық нұсқаулар мен типтіктехнологиялық процестерді «ҚТЖ» ¥К" АҚ тиісті дирекциялары, департаменттері, акционерлік қоғамдары бекітеді.

2.3. Жаңадан салынған және қайтара жаңғыртылған желілерді,
құрылыстарды, құрылғыларды және ғимараттарды тұрақты пайдалануға
құрылысы аяқталған темір жол көлігінің объектілерін және метрополтендер-
ді қабылдау Ережелеріне сәйкес қабылдау комиссиялары қабылдауы тиіс.

Жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған құрылыстар мен құрылғылар еңбекті қорғауды және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, олардың жұмыс тәртібін белгілейтін техникалық құжаттаманың (техникалық-жарлық актілері, жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар) бекітілуі-нен соң және көрсетілген құжаттаманы осы құрылыстар мен құрылғыларға қызмет көрсететін қызметкерлердің білетіндігін тексергеннен кейін ғана қолданысқа енгізеді.

2.4. Темір жолдардың және темір жол кірме жолдарының жанасу станци-
ясынан бастап өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындардың аумақатарына
дейінгі жалпы торабының құрылыстары мен құрылғылары Мемлекеттік
стандартпен белгіленген С құрылыстарының жақындау габариттерінің та-
лаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Зауыттардың, фабрикалардың, шеберханалардың, деполардың, өзендік, және теңіздік айлақтардың, шахталардың, жүктік аудандардың, базалардың, қоймалардың, карьерлердің, ормандықжәнеторфтықөндірімдердің, электр станцияларының және басқа өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындардың (соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар ми-нистрлігі жүйесінің) аумағында және аумақтарының арасында орналасқан құрылыстар мен құрылғылар Мемлекеттік стандартпен белгіленген Сп құрылыстарының жақындау габариттерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

С және Сп габариттерінің талаптары темір жолдарды, темір жолдардың кіреберіс жолдарын, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалау, салу, қайтадан жаңғырту кезінде, екінші жолдарды электрлендіру және салу кезінде, сондай-ақ аталмыш габариттерге бұрынырақ келтірілген барлық пайдаланылатын құрылыстар мен құрылғыларда орындалуы тиіс.

Темір жолды жаңадан салғандағы және қайтар жаңартқандағы С және Сп габариттерін қолданудың ерекшеліктері ескі нормалар бойынша салынған және С және Сп габариттерінің талаптарын қанағаттандырмайтын құрылыстар мен құрылғыларға қойылатын талаптар, құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін тексеру және габариттік емес жерлерін түзету тәртібі Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта қарастырылады.

С және Сп габариттерінің талаптарын қанағаттандырмайтын қолданыстағы құрылыстар мен құрылғыларды қайтадан құруды жобалаған кезде, ең алдымен Тпр және Тц габариттеріндегі перспективтік жылжыма-лы құрамының, сондай-ақ аймақтық габарит бойынша тиелген жүктердің өтуін қамтамасыз ете алмайтын объектілер есепке алынбауы тиіс.

Кез келген жөндеу, құрылыстық және басқа жұмыстарды жүргізген кез-де құрылыстардың және жеке құрылғылардың габаритін бұзуға тыйым са-лынады.

2.5. Қос жолды желілер аралықтарындағы түзу телімдерде жолдардың
осьтері арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс.

Үшжолды және төртжолды желілерде түзу телімдердегі екінші және үшінші жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 5000 мм-ден кем болмауы тиіс.

Темір жол станцияларындағы (бұдан әрі - станция) түзу телімдерде ірге- лес жолдардың осьтері арасындағы қашықтық4800 мм-ден кем болмауы, не-гізгі емес екінші дәрежелі жолдарда және жүктік аудандардың жолдарын-да - 4500 мм-ден кем болмауы тиіс. Станциялардағы жолдар шеткі болып орналастырылғанда «ҚТЖ» ¥К" АҚ басшылығының рұқсатымен олардың арасындағы қашықтық 4100 мм болуына жол беріледі. Жүктерді вагон-нан вагонға тікелей аударып тиеу үшін арналған жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 3600 мм-ге дейін рұқсат етілуі мүмкін.

Қисық телімдердегі іргелес жолдардың осьтерінің арасындағы және аралықтар мен станциялардағы жол өсімен құрылыстардың жақындау габаритінің арасындағы горизонтальдік қашықтықтар Кұрылыстардың жақындау габаритін қолдану жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

2.6. Ашық жылжымалы құрамның үстіне тиелген жүк (қаптамасы
мен бекітпесін есепке ала отырып) "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген жүк тиеу
габариттерінің шегінде орналастырылуы тиіс.

Үсті ашық жылжымалы құрамға тиеу габаритінің шегінде орналастыры-луы мүмкін емес жүктер "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тәртіпке сәйкес тасы-малданады.

Жүктің көтерілген габарит шегінде жаппай тиеу орындарында (темір жолдың кірме жолдарында, теңіз және өзен айлақтарында, аударып тиеу станцияларында) орналастырылуының дұрыстығын тексеру үшін габарит-тік қақпалар орнатылады.

Жолдың жанында түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүктер құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп жиылуы және бекітілуі тиіс.

Биіктігі 1200 мм-лік (жол жұмыстары үшін түсіріліген балластан басқа) жүктер шеткі рельстің қалпақшасының сыртқы қырынан 2,0 м-ден жақын болмауы, ал биіктігі одан жоғары болғанда - 2,5 м-ден жақын болмауы тиіс.


ТАРАУ


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 1069 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Рылысы және жасанды құрылыстары | Рельстер және бағыттамалық бұрмалар | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)