Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы талаптар

Читайте также:
  1. Кеуде торының жалпы шолу рентгенограммасы
  2. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні, тұлғасына басқару стиліне қойылатын талаптар.
  3. ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ

9.1. Жылжымалы құрам, соңың ішінде арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрам жөндеудің жоспарлы-алдын алу түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуден дер кезінде өткізілуі және оның толассыз жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орында-луын қамтамасыз ететін күйінде пайдалануда күтіп ұсталуы тиіс.

Ақаулықтардың пайда болу ының алдын алу және жылжымалы құрам мен арнайы жылжымал ы құрамның белгіленген қызмет мерзімдерін қамтамасыз ету оның техникалық күтімі мен жөндеуі үшін жауапты тұлғалардың жұмысындағы басты міндет болуы тиіс. ЦМВ арабшаларындағы жолаушы вагондары поездарда 120 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүре алады.

Жолаушы поездарында 140 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүре алады.

Жолаушы поездарында 140 км/сағ астам жылдамдықпен айналатын жылжымалы құрамға қойылатын қосымша талаптар Министрліктің тиісті нұсқаулығымен белгіленеді.

9.2. Жаңадан құрылатын жылжымалы құрамның типтері мен негізгі си-паттамалары Министрлік белгілейтін тәртіппен бекітіледі.

Жаңадан құрылатын жылжымалы құрам жөніндегі техникалық тапсыр-маны жеткізуші Министрлікпен, ал түзілімдер мен тетіктердің сызбалары мен техникалық шарттарды «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығымен келісімдей отырып бекітеді.

9.3. Вагондардың барлық элементтері беріктігі, орнықтылығы және техникалық күйі бойынша Министрлік белгілейтін барынша жоғары жылдамдықтарменпоездардыңқауіпсізжәнежатыққозғалысынқамтамасыз етуі тиіс.

Жаңадан құрылатын вагондар поездардың тиісті категорияларына қызмет көрсетуге арналатын озық локомотивтердің барьшша жоғары құрылымдық жылдамдықтарында қауіпсіз және жатық қозғалысты қамтамасыз етуі тиіс.

Өту алаңшалары жоқ вагондардың арнайы басқыштары мен тұтқалары болуы тиіс.

9.4. Пайдалануға қабылданған жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның негізгі түзілімдерінің қүрылымына өзгеріс енгізуге тек Министрліктің рұқсатымен ғана жол бе-ріледі.

9.5. Жылжымалы құрам Мемлекеттік стандартпен белгіленген жылжы-малы құрам габаритінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

9.6. Жаңадан құрылған, сондайақ күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам,

оның темір жолға пайдалануға өткізілуінен бұрын сынақтан өткізілуі және «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тәртіппен жеткізуші зауыттан қабылдануы тиіс.

9.7. Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның әр бірлігінің төмендегідей анық ажырату белгілері мен жазулары болуы тиіс: Мемлекеттік гербі (локомотивтер мен жолаушы вагондарында), Қазақстан темір жолдарының белгісі, нөмірі (жолаушы ва-гондары үшін тіркелген депосының коды бар), жасалу датасы мен орнын көрсететін жасап-шығарушы зауыттың тақтайшасы, жөндеудің белгіленген түрлері жүргізілген орны және датасы, ыдысының салмағы (локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамнан басқа).

Сонымен қатар, келесі жазулар таңбалануы тиіс: локомотивтерде, моторвагондық жылжымалы құрамда және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда — құрылымдық жылдамдығы, сериясы, тіркел-ген депосының немесе басқа тіркеу кәсіпорнының атауы, резервуарларды, бақылау аспаптарын және қазанды куәландыру жөніндегі тақтайшалар мен жазулар; жолаушы вагондарында, моторвагонды жылжымалы құрамда және қызметкерлерді жұмыстар жүргізілетін орынға жеткізуге және алып қайтуға арналатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда — орын-дар саны; жүк вагондарында — жүккөтергіштігі көрсетіледі. Паровоздардың тендерлерінде сериясы, нөмірі және тіркелген темір жолының аты-жөні (инициалдары) белгіленуі тиіс.

Жылжымалы құрамдағы мен арнайы жылжымалы құрамдағы басқа белгілер мен жазулар «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тәртіппен таңбаланады.

9.8. Әр локомотив, вагон және моторвагондық және арнайы жылжымалы құрамның бірлігі үшін ең маңызды техникалық және пайдаланымдық си-паттамаларын қамтитын техникалық паспорт (формуляр) жүргізілуі тиіс.

9.9. Локомотивтер және моторвагондық жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамдар радиостанциялар-мен, «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген көрсеткіштерді тіркейтін жылдамдық өлшегіштерімен, автоматты локомотивтік сигнал беруімен, сондай-ақ «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тізбеге және тәртіпке сәйкес басқа да қауіпсіздік құрылғыларымен жарақтандырылуы тиіс.

Жолаушы локомотивтері электрлі-пневматикалық тежеуді басқару құрылғыларымен жабдықталуы тиіс, ал жүк поездарына арналатын ло-комотивтер тежегіш магистраль тығыздығын бақылау құрылғыларымен жарақатандырылуы тиіс.

Поездық локомотивтер және моторвагондық поездар оларға бір маши-нист қызмет көрсетуі кезінде «ҚТЖ" ¥К" АҚ бекіткен келесі қауіпсіздік құралдарымен және құрылғыларымен қосымша жабдықталуы тиіс:

поездың тежеуін автоматтық басқару жүйесімен немесе кешенді локо-мотивтік қауіпсіздік құрылғысымен, сондай-ақ машинистің сергек болуын бақылау жүйесімен;

артқы көрініс айналарымен;

өртсөндіргіш жүйесімен - тепловоздар;

тежегішті блоктауыштармен;

Сонымен қатар, моторвагондық поездар өтпелі бағдаршамдарға, станцияның өтпелеріне таяған кездегі қозғалыс жылдамдығын бақылауды және дауыспен хабарландыруды қамтамасыз ететін автожүргізу жүйесімен, "жолаушы—машинист" байланысымен, есіктердің жабы-луын бақылаушы сигнал беруімен, автоматтық өрттен қорғану сигналын беруімен жабдықталуы тиіс. Маневрлік локомотивтер оларды вагондар-дан қашықтан ағыту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс, ал бір маши-нист қызмет көрсететіндері оның үстіне, екінші басқару пультімен, артқы көрініс айналарымен және машинист кенеттен локомотивті жүргізу қабілетінен айырылған жағдайында автоматтық тоқтауды қамтамасыз ете-тін құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

9.10. Арнайы жылжымалы құрамға және алынбалы жылжымалы бір-ліктерге қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және пайдаланудың тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

9.11. Темір жолдардың жалпы торабының жолдарына шығатын басқа ведомстволардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың иелігіндегі локо-мотивтер мен вагондар осы Ережелердің талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Мұндай жылжымалы құрамның Қазақстанның темір жолдарында айналуыныңтәртібін және локомотивтердің жанасу станциясына шығуының тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 389 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Рылысы және жасанды құрылыстары | Рельстер және бағыттамалық бұрмалар | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу| ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)