Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу

Читайте также:
  1. Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ
  2. Рылысы және жасанды құрылыстары

 

8.3. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жұмыстары әдетте, поездар қозғалысының кестесін бұзусыз қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ете отырып жүргізілуі тиіс.

Үлкен көлемді жөндеу және құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін поездар қозғалысының кестесінде "толаскездер" қарастырылуы және осы жұмыстар барысында туындайтын жылдамдық шектеулері ескерілуі тиіс.

Жолды, жасанды құрылыстарды, түйіспелік торапты және СОБ құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау үшін поездар қозғалысының кестесінде қарастырылатын ұзақтығы 1-2 сағаттық,

ал осы жұмыстарды машиналар кешенімен, арнайыландырылған бригада-лармен және механикаландырылған колонналармен жүргізгенде — «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілеген тәртіпке сәйкес ұзақтығы 3-4 сағаттық технологиялық "толаскездер" берілуі тиіс.

Поездар қозғалысының кестесінде қарастырылмаған уақыт мерзімінің ішінде жолды, түйіспелік торапты, байланыс пен СОБ құрылғыларын және басқа да құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу бойынша жұмыстар әдетте, аралықты жабусыз орындалуы тиіс.

Егер бұл жұмыстарды орындау үшін қозғалыста үзіліс жасау қажеттілігі туындаса, олардың басталуы мен аяқталуының дәлме-дәл мерзімін «ҚТЖ" ¥К" АҚ Тасымалдар дирекциясы белгілейді.

Қозғалыста үзіліс жасауды тудыратын, сондай-ақ қозғалыс кестесінде оларды жүргізу үшін "толаскездер" қарастырылған жұмыстарды жүргізу мерзімінде жұмыстарды басқарушы поезд диспетчерімен тұрақты байла-нысты (телефон немесе радиобайланысы арқылы) орнатуға міндетті.

Поездар қозғалысының кестесіндегі "толаскездер" тәуліктің қараңгы мез-гілінде қарастырылатын телімдерде жұмыстардың басқарушысы жұмыстар жүргізілетін орынның жарықтандырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

8.4. Сұрыптау дөңестерін, жолдарды және басқа құрылыстар мен құрылғыларды механикаландыру және автоматтандыру құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін дөңестерде «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы қарастырған тәртіпке сәйкес ұзақтығы 0,7-1,5 сағ. технологиялық "толаскездер" берілуі тиіс.

8.5. Арал ықтағы және станциядағы кез кел ген қозғалыс кедергісі (тоқтауды талап ететін жер), сондай-ақ тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды та-лап ететін, қозғалыс үшін қауіпті жер, поездың (маневрлік құрамның) келуі күтіле ме жоқ па, соған қатыссыз екі жағынан белгілермен қоршалуы тиіс.

Тыйым салынады:

қозғалыс үшін қауіпті кедергі немесе жұмыстар жүргізілетін орын белгі-лермен қоршалғанға дейін жұмыстарды бастауға;

кедергі жойылмай, жұмыстар толығымен аяқталмай, жолдың, түйіспелік тораптың күйі тексерілмей және габарит сақталмай тұрып кедергіні немесе жұмыстар жүргізілетін орынды қоршайтын белгілерді алып тастауға.

Кедергілерді және жұмыстар жүргізілетін орындарды қоршау тәртібі Темір жолдарда сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

8.6. Жол үстіндегі жұмыстар жүргізілетін орынды қоршайтын тасы-малды белгілерді орнату және күзету үшін жұмыстардың басқарушысы тиісті сыннан өткен бригада қызметкерлерінің қатарынан сигналшыларды тағайындайды. Сигналшылардың темір жол көлігінің басқа қызметкерлері үшін жалпы қабылданғаннан өзгеше бас киімдері болуы және олар сигналдық кеудеше киюі тиіс.

Жол үстінде кең жайылған қатармен жұмыстарды жүргізгенде, сондай-ақ радиусы шағын қисық телімдерде, ойықтарда және белгілер нашар көрінетін басқа да жерлерде, сонымен қатар поездар қозғалысы қарқынды телімдерде жұмыстардың басшысы жұмыстар орнын қоршайтын белгілердің жанында

тұрған қызметкерлермен (телефондық немесе радиолық) байланыс орнатуға міндетті. Сигналшылардың және жұмыстарды басқарушылардың тасымал-ды радиостанциялары болуы тиіс. Жұмыстар жүргізілетін орындарды бай-ланыспен қамтамасыз ету тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.

8.7. Станциял ық жолдарда станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және Жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік то-рап құрылғыларын тексеру журналында жұмыстарды басқарушының ал-дын ала жазбасын енгізбейінше тоқтайтын немесе жылдамдықты азайтатын жердің белгілермен қоршалуын талап ететін жұмыстарды жүргізуге тый-ым салынады. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде мұндай жұмыстар аталған тәртіппен, бірақ та поезд диспетчерінің келісімі-мен ғана жүргізілуі тиіс. Мұндай жұмыстардың түйіспелік торапта кернеуді ажырата отырып, бірақ жолдың және жасанды құрылыстардың бүтіндігін бұзбай жүргізгенде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулылықтарды жою бойынша жұмыстарды орындағанда жұмыстарды бастау және аяқтау жөніндегі жазба, жұмыстарды басқарушының станция бойынша кезекші-ге (диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде — поезд диспетчерінге) жіберетін, және дәл осы журналда тіркелетін телефонограммасымен ауы-стырыла алады.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін станция бойынша кезекші Жолдар-ды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс және түйіспелік то-рап құрылғыларын тексеру журналында жұмыстарды басқарушының жазбасының немесе станция кезекшісіне жіберіліп тура сол журналда тірке-летін телефонограмманың негізінде, соңынан жұмыстарды басқарушының қолын қойғыза отырып станция бойынша кезекші жүргізеді.

8.8. Жұмыстарды жүргізу үшін біржолдық телімде аралықты, ал қосжолды немесе көпжолды телімде бір немесе бірнеше жолды жабу, егер бұл ТМД елдерінің көршілес темір жолдарымен арадағы белгіленген қозғалыс мөлшерінің өзгертілуіне әкелмесе, «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығының рұқсатымен жүргізіледі. Егер мұндай жабу ТМД елдерінің көршілес те-мір жолдарына шығатын поездар қозғалысының белгіленген мөлшерінің өзгертілуіне әкелсе, оны «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы РФ ЖҚМ және Орта Азия темір жолдарының әкімшіліктерімен келісімдей отырып рұқсат етуі мүмкін.

8.9. Біржолдықтелімде аралықтың, ал қосжолды және көпжолды телімде бір немесе бірнеше жолдардың күтілетін жабылуы жөнінде Тасымалдар ди-рекциясы кем дегенде бір тәулік бұрын тиісті жұмыстар басқарушыларына хабарлайды.

Аралықты немесе жолдарды жабу және ашу жұмыстардың баста-луы алдында және аяқталуынан кейін поезд диспетчерінің бұйрығымен жүргізіледі.

Жұмыстардың басқарушысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны й туралы поезд диспетчерінің (жазбаша хабарландыру, телефонограмма немесе жеделхаттүріндегі) бұйрығын алғанға дейін және жұмыстар жүргізілетін жерді белгілермен қоршап болғанға дейін жұмыстарды бастауға тыйым салынады.

8.10. Аралықтың немесе жолдардың ашылуы тек жол дистанциясы директорының немесе оның уәкілетімен лауазымы жол шеберінен төмен емес қызметкердің осы жұмыстарды қай ұйым орындағанына қатыссыз жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталғаны және поездардың толассыз және қауіпсіз қозғалысы ушін кедергілердің жоқтығы жөніндегі жазбаша хабарландыруынан, телефонограммасынан немесе жеделхатынан кейін ғана жүргізіледі.

Қолданыстағы СОБ және байланыс немесе электрмен жабдықтау құралдарының әрекетін қалпына келтіру тиісінше СОБ және байланыс аға электрмеханигінен немесе энергодиспетчерден хабарландыру алынғаннан кейін жүргізіледі.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 276 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні | Рылысы және жасанды құрылыстары | Рельстер және бағыттамалық бұрмалар | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ| ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)