Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Yen;рылыстары мен ҚҮрылҒылары

7.1. Электрмен жабдықтау құрылғылары төмендегі қызметтердің элек-трмен сенімді жабдықталуын қамтамасыз етуі тиіс:

белгіленген салмақтық нормаларымен, жылдамдықтарымен және талап етілетін қозғалыс мөлшері кезіндегі олардың арасындағы аралықтармен поездардың қозғалысы үшін электрлі жылжымалы құрамның;

1-категориялы электр энергиясының тұтынушылары ретіндегі СОБ, байланыс және есептеу техникасының құрылғыларын. Министрліктің рұқсатымен қайта құрылғылаудың аяқталғанына дейін бұл құрылғылардың ІІ-категория бойынша электрмен жабдықталуына жол беріледі.

темір жол көлігінің қалған тұтынушыларының барлығын Министрлік белгілеген категорияға сәйкес.

Автоматтықжәнежартылайавтоматтықблоктаудыэлектрменжабдықтау көзінің аккумуляторлық қоры бар кезінде ол үнемі дайын күйінде ұсталуы және қоректендірілуі алдыңғы 36 сағат ішінде ажыратылмаған жағдайда СОБ және өтпелік сигнал беру құрылғыларының толассыз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматтық және жартылай автоматтық блоктауды электрмен жабдықтаудың негізгі жүйесінен резервтік жүйесіне немесе кері қарай көшу уақыты 1,3 секундтан аспауы тиіс.

Электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғылары күйінің мерзімді бақылауын жүргізу, олардың параметрлерін вагон-зертханалармен, күйанықтау аспап-тарымен өлшеу және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.

7.2. Электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағышындағы кернеудің
деңгейі кем дегенде айнымалы ток кезінде 21 кВ, тұрақты ток кезінде 2,7 кВ
және ары кеткенде айнымалы ток кезінде 29 кВ және тұрақты ток кезінде 2,4
кВ мөлшерінен аспауы тиіс.

Жекелеген телімдерде Министрліктің рұқсатымен кернеу деңгейі кем де-генде айнымалы ток кезінде 19 кВ және тұрақты ток кезінде 2,4 кВ болуы тиіс.

СОБ құрылғыларындағы айнымалы токтың номиналдық кернеуі 115,230 немесе 380 В болуы тиіс.

Номиналдық кернеудің аталған мәндерден ауытқулары азаю жағына қарай 10%-дан, ал ұлғаю жағына қарай - 5 %-дан аспауы тиіс.

7.3. Электрмен жабдықтау құрылғыларының қысқа тұйықталу токта-
рынан және белгіленген нормалардан асатын асқын кернеулер мен асқын
жүктемелерден қорғанысы болуы тиіс.

Тұрақты токпен электрлендірілген желілердің аумағында орналасқан металды жерасты құрылыстары (құбырлар, кабельдер және т.б.), сондай-ақ металды және темірбетонды көпірлер, жол өткелдері, түйіспелі тораптың тіректері, бағдаршамдар, гидробағаналар және т.б. электрлік тоттанудан қорғалуы тиіс.

Тұрақты токпен электрлендірілген желілердің тартымдық қосалқы станцияларының, сондай-ақ электрлі жылжымалы құрамның СОБ және бай-ланыс құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын токтардың түйіспелік торапқа енуінен қорғанысы болуы тиіс.

7.4. Түйіспелік сым аспасының рельс қалпақшасының үстіңгі бетінің деңгейінен биіктігі аралықтар мен станцияларда 5750 мм-ден төмен болма-уы, ал өтпелерде 6000 мм-ден төмен болмауы тиіс.

Айрықша жағдайда, қолданыстағы желілерде жылжымалы құрамның тұрақтауы қарастырылмайтын станциялардың жолдарында орналасқан жасанды құрылыстардың шегінде, сондай-ақ аралықтарда бұл қашықтық Министрліктің рұқсатымен желінің айнымалы токпен электрлендірілуі кезінде 5675 мм-ге және тұрақты токпен электрлендірілгенде - 5550 мм-ге дейін азайтылуы мүмкін.

Түйіспелік сым аспасының биіктігі 6800 мм-ден аспауы тиіс.

7.5. Жасанды құрылыстардың шегінде кернеуде тұрған токқабылдағыштың токтасымалдауыш элементтерінен және түйіспелік то-рап бөліктерінен құрылыстар мен жылжымалы құрамның жерлендірілген бөліктеріне дейінгі қашықтық тұрақты токпен электрлендірілген желілерде 200 мм-ден кем болмауы, және тұрақты токтағы желілерде - 350 мм-ден кем болмауы тиіс.

Ерекше жағдайда, қолданыстағы жасанды құрылыстарда Министрліктің рұқсатымен аталған қашықтықтардың азайтылуына жол берілуі мүмкін.

7.6. Аралықтар мен станцияларда шекті жолдың өсінен түйіспелік то-рап тіректерінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 3100 мм болуы тиіс.

Ойықтардағы тіректер кюветтердің шегінен тыс орналастырылуы тиіс.

Қар әсіресе көп басатын ойықтарда (жартастық ойықтардан басқа) және олардан шығаберістерде (ІООм ұзындықта) шеткі жолдың өсінен түйіспелік торап тіректерінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде 5700 мм болуы тиіс. Мұндай жерлердің тізімін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.

Қолданыстағы желілерде, олар қайта құрылғанға дейін, сондай-ақ жаңадан электрлендіріліп жатқан желілерде ерекше қиын жағдайларда шеткі жолдың өсінен түйіспелік торап тіректерінің ішкі шетіне дейінгі қашықтық кем дегенде:

станцияларда - 2450 мм және

аралықтарда - 2750 мм болуы тиіс.

Барлық аталған өлшемдер жолдың түзу телімдері үшін белгіленген. Қисық телімдерде бұл қашықтықтар түйіспелік торап тіректері үшін белгі-ленген габариттік кеңейтілуге сәйкес ұлғаюы тиіс.

Түйіспелік тораптың, әуе желілерінің және бағдаршамдардың, сондай-ақ сигналдық белгілердің өзара орналасуы сигналдар мен белгілердің жақсы көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.

7.7.Кернеуде тұрған түйіспелік тораптың бөліктерінен 5 метрден кем қашықтықта орналасқан, үстіне түйіспелі тораптың элементтері бекіті-летін барлық металды құрылыстар (көпірлер, жол өткелдері, тіректер),

темірбетонды тіректердегі, темірбетонды және металды емес жасанды құрылыстардағы түйіспелік торап бекітпелерінің бөліктері, сондай-ақ жеке тұрған металды құрылымдар (гидробағаналар, бағдаршамдар, көпірлер мен жол өткелдерінің элементтері және т.б.) жерлендірілуі тиіс немесе құрылыстар мен құрылымдарға жоғары кернеу түскен кезде қорғаныстық ажырату құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Сондай-ақ, бойында қауіпті кернеулер туындауы мүмкін түйіспелік тораптың және айнымалы токтың әуе желілерінің әсер ету аймағында орналасқан барлық металды құрылыстар жерлендірілуі тиіс.

Электрлендірілген жолдардың үстінен өтетін жол өткелдері мен жаяу жүргіншілер көпірлерінде адамдар өтетін жерлерде кернеуде тұрған түйіспелік тораптың бөліктерін қоршау үшін сақтандырғыш қалқандар мен тұтас төсемдер орнатылуы тиіс.

7.8.Кернеуі1000Вжоғарытүйіспелікторап,автоблоктаужәнеэлектрмен жабдықтау желілері ауа аралықтарының (оқшаулаушы қосылыстардың), бейтарап ендірмелердің, секциялық және қиылмалы оқшаулағыштардың, ажыратқыштардың көмегімен жекелеген телімдерге (секцияларға) бөлінуі тиіс.

Ауа аралықтарының шектерінде орнатылған түйіспелік тораптар тіректерінің немесе қалқандарының оларды ажырататын бояуы болуы тиіс. Токқабылдағышы көтерілген электрлі жылжымалы құрамға мұндай тіректердің немесе қалқандардың арасына тоқтауына тыйым салынады.

7.9.Түйіспелік тораптың, автоблоктау және бойлық электрмен жабдықтау желілерінің қоректендіру және секцияландыру сұлбасы «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы тарапынан бекітілуі тиіс. Сұлбадан алынатын көшірмелер станцияның техникалық-жарлық актісіне енгізіледі.

7.10.Электрдеполарының және жарақтандыру құрылғыларының, сон-дай-ақ электрлі жылжымалы құрамның үстіндегі құрал-жабдығы қаралатын жолдардың түйіспелік торабының ажыратқыштарын ауыстырып-қосуды локомотив депосының қызметкерлері жүргізеді.

Қалған ажыратқыштарды ауыстырып-қосу тек энергодиспетчердің бұйрығымен ғана жүргізіледі. Бұл ретте, ажыратқыштар мен өшіргіштердің ауыстырып-қосуын оқу-дайындықтан өткен басқа да қызметтердің қызметкерлері жүргізе алады.

Қолмен басқарылатын ажыратқыштардың жетектері құлыптармен жа-былуы тиіс.

Электрмен жабдықтаудың толассыздығын және жұмыстардың жүргізілу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түйіспелік тораптың ажыратқыштарын, сон-дай-ақ автоблоктау мен электрмен бойлық жабдықтау желісінің өшіргіштері мен ажыратқыштарын ауыстырып-қосудың, ажыратқыштардың жабылған жетектерінің кілттерін сақтаудың тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылыгы бел-гілейді.

7.11. Кернеуі 1000 В астам электр берілісінің әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жердің бетіне дейінгі қашықтық барынша төмен түсіңкіреу жебесі кезінде кем дегенде:

аралықтарда.....6,0 м

соның ішінде қол жеткізуге қиын жерлерде.....5,0 м

автомобиль жолдарымен қиылыстарда, станцияларда және елді мекен-дерде....7,0 м болуы тиіс.

Темір жол желілерінің қиылыстарында кернеуі 1000 В астам электр берілісінің әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен электрленді-рілмеген жолдар рельсі қалпақшасының үстіңгі бетінің деңгейіне дейін-гі қашықтық 7,5 м-ден кем болмауы тиіс. Электрлендірілген желілерде түйіспелік тораптың сымдарына дейінгі бұл қашықтық қиылысатын желі-лер кернеуінің деңгейіне байланысты Электрлі қондырғыларды құрылғылау Ережелеріне сәйкес және темір жолдың техникалық шарттары бойынша белгіленуі тиіс.

ТАРАУ


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ | Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні | Рылысы және жасанды құрылыстары | Рельстер және бағыттамалық бұрмалар | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Техникалық қызмет көрсету| Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)