Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рельстер және бағыттамалық бұрмалар

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

3.1 3. Басты және станциялық жолдардағы рельстер мен бағыттамалық
бұрмалар қуаттылығы және күйі бойынша пайдалану жағдайларына


16

(жүкөткізгіштігіне, осьтік салмақ әсерлеріне және поездардың қозғалыс жылдамдықтарына) сәйкес болуы тиіс.

Рельстер мен бағыттамалы бұрамалардың тозу нормалары «ҚТЖ» ¥К» АҚ нұсқаулығымен белгіленеді.

3.14. Бағыттамалы бұрмалардың төмендегі маркалы айқастырмалары
болуы тиіс:

басты және қабылдау-жөнелту жолаушы тасушы жолдарда 1/11-ден тік емес, ал айқаспалы және жеке бұрмалары - 1/9-дан тік емес, жолау-шы поездары тек қана бұрманың түзу жолы арқылы өтетін бағыттамалық бұрмалардың 1/9 маркалы айқастырмалары болуы мүмкін. 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмалар арқылы, егер мұндай бұрмаларды 1/11 маркасы-на ауыстыру бағыттамалық тарылымдардың (қылталардың) қайта құруын тудыратындықтан дәл қазіргі уақытта мүмкін болмаса, жолаушы поезда-рын бүйірлік жолға бұруға рұқсат беріледі:

жүк тасу қозғалысының қабылдау-жөнелту жолдарында - 1/9-дан тік емес, ал симметриялықтарында - 1/6-дан тік емес;

басқа жолдарда - 1/8-ден, ал симметриялықтарында 1/4,5-тен тік емес болуы тиіс.

Барлық қарсы бағытты (противошерстных) бағыттамалық бұрмалардың үшкірлерінің алдынан бастап жолдарда тепкіш білеулер (отбойные брусья) төселуі тиіс.

Қисық телімдердегі басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды төсеуге жол берілмейді. Айрықша жағдайларда мұндай төсеу тек қана «ҚТЖ» ¥К» АҚ рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.

Айқастырмалы бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды жаңадан қолдану тек қана «ҚТЖ» ¥К» АҚ Жол департаментінің рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.

Орталықтандырылған стрелкалар климаттық және басқа жағдайларға байланысты механикаландырылған тазарту немесе қар еріту құрылғыла-рымен жабдықталады.

3.15. Төменде келтірілген ақаулылықтардың ең болмағанда біреуі-
не жол берілген бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды
пайдалануға тыйым салынады, олар:

стрелкалық үшкірлердің және айқастырмалардың жылжымалы өзекшілерінің тартымдардан ажырауы;

үшкірде және доғал айқастырманың өзекшесінде бірінші тартымның қарсы тұсында, үшкір айқастырманың өзекшесінде - өзекшенің ұшында стрелканың жабық күйінде өлшенетін үшкірдің рамалық рельстен, айқастырманың жылжымалы өзекшесінің жақтаудан 4 мм-ге және одан астамға кейін қалуы:

үшкірдің немесе жылжымалы өзекшенің үгітілуі, бұл кезде жалдың озып жаншуының (набегание) қауіпі туындайды және барлық жағдайда ұзындығы:

басты жолдарда 200 мм және одан астам

қабылдау-жөнелту жолдарында 300 мм

басқа станциялық жолдарда 400 мм үгітілуі орын алады.

 

 

үшкірдің рамалық рельстің қарсысында және жылжымалы өзекшенің жақтаудың қарсысында 2мм-ге және одан астамға төмендеуі, ал үшкірдің немесе жылжымалы өзекшенің қалпақшасының ені үстіңгі бетінде 50 мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенеді.

айқастырманың өзекшесінің жүмыстық қыры мен жанама рельстің қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем;

жанамарельспенжақтаудыңқалпақшаларыныңжұмыстыққырларының арасындағы қашықтық 1435 мм-ден астам; үшкірдің немесе рамалық рел ьстің омырылуы (излом); айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе жанама рельстің) омырылуы;

Бір бұрандамалы ішпекте бір немесе екі бұрандамалық ішпекте екі жанама рельстік бұрандаманың ажырауы (үзілуі).

Рамалық рельстердің, үшкірлердің, жақтаулардың және айқастырма-лардың өзекшелерінің вертикальдік тозуы және тозу нормаларынан асып кет-кендегі оларды пайдалану тәртібі «ҚТЖ» ¥К» АҚ нұсқаулығымен белгіленеді.

3.16. Басты жолдардағы рельстер «ҚТЖ» ¥К» АҚ Жол департаменті бе-
кіткен кесте бойынша ақаутапқыш вагонмен тексерілуі тиіс.

Басты қабылдау-жөнелту жолдарындағы рельстер мен бағыттамалық бұрмалар жол дистанциясының бастығы бекіткен кесте бойынша ақаутапқыш арбашаларментексеріледі. Қауіпті ақаулары бар (ауыр ақаулар) рельстер мен бағыттамалы бұрмалардың элементтері арқылы поездарды өткізу тәртібін оларды ауыстырғанға дейін «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.

3.17. Станцияларда бағыттамалы бұрмалар мен тұйық қиылысуларды
төсеу және алып тастау «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының өкімімен
жүргізіледі.

Жаңадан төселген және қайта құрылған станциялардағы бағыттамалық бұрмалар мен тұйық қиылысуларды және аралықтардағы бағыттамалық бұрмаларды «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы тағайындайтын комиссия пайдалануға қабылдайды және олар әдетте, тәуелділікке қосылады. Тәуелділікке уақытша қосылмаған бағыттамалық бұрмалар да комиссия та-рапынан қабылдануы мүмкін, алайда бұл жағдайда комиссияның төрағасы үшкірлерді қарап шығудың, бекітудің және осы стрелкаларды тексерудің тәртібін белгілейді.

3.18. Келесі орталықтандырылмаған стрелкалар бақылаулық стрелкалық
құлыптармен жарақтандырылуы тиіс:

поездардың қабылдануы және жөнелтілуі жүргізілетін жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғағыш стрелкалар;

1-ші класты қауіпті жүктері (жарылғыш заттары) бар вагондардың тұрағы үшін бөлінген жолдарға апаратын стрелкалар;

қалпына келтіретін және өрттен қорғайтын поездардың тұрағы үшін арналған жолдарға апаратын стрелкалар;

сақтандырғыш және үстағыш тұйықтарға апаратын стрелкалар;

ақаутапқыш вагондардың, жолөлшегіш вагондардың, теміржол-құрылыстық машиналарының тұрақтауы үшін бөлінген жолдарға апаратын стрелкалар.

Стрелкалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелері (дөңестік және сұрыптау жолдарында орналасқандарынан басқасы), соның ішінде орталықтандырылғандары және бақылаулық құлыптары барла-ры, ілінбелі құлыптармен оларды жабудың мүмкіндігі болуы үшін типтік айлабұйымдармен жарақтандырылуы тиіс. Бұл айлабұйымдар үшкірдің рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесін жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуі тиіс.

3.19. Орталықтандырылмаған стрелкалар басты және қабылдау-жөнелту
жолдарында орналасқан жарықтандырылатын немесе жарықтандырыл-
майтын стрелкалық нұсқағыштармен жарақтандырулуы тиіс. Бұл туралы
станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Электрлік орталықтандырылуға қосылған стрелкалар және сұрыптау парктерінің дөңесасты қылталарының стрелкалары нұсқағыштармен жаб-дыкталмайды.

3.20. Бағыттамалық бұрамалардың және тұйық қиылысулардың
жөндеуін және ағымдағы күтімін, стрелкалық нұсқағыштардың,
лақтырғыш табандықтардың, лақтырғыш үшкірлердің, лақтырғыш
стрелкалардың," вагондардың, бұрылмалы білеулердің, топсалық-иінді
тұйықтағыштардың орнатуын, жөндеуін және күтіп ұстауын жол дистан-
циясы жүргізеді. Осы құрылғылардың құрамындағы СОБ құралдарының
жөндеуін және оларға қызмет көрсетуді белгі беру және байланыс дис-
танциясы жүргізеді.

Темір жолдардың қиылыстары, өтпелері және қосылыстары

3.21. Темір жол желілерінің басқа темір жол желілерімен, трамвай, трол-
лейбус желілерімен, автомобиль жолдарымен және қалалық көшелермен
қиылысулары Құрылыстық нормалар мен Ережелердің және мемлекеттік
органдарымен келісілген тиісті нұсқаулығының талаптарымен сәйкестікте
жүзеге асырылуы тиіс.

Пайдаланылатын темір жол өтпелері арқылы трамвай, троллейбус қозғалысын ашуға тыйым салынады. Пайдаланылатын темір жол өтпелері арқылы автобус қозғалысын ашу әр жеке жағдайда «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Темір жол желілерінің бір деңгейдегі автомобиль жолдарымен қиылысатын және жасанды құрылыстардың астынан өту орындарын «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.

3.22. Темір жол желілері арқылы олардың белгіленбеген жерлерінен көлік құралдары мен өздігінен жүретін машиналардың өтуіне, сондай-ақ мал айдап өтуге тыйым салынады. Осы талаптардың орындалуына бақылау жүргізу жол дистанцияларының қызметкерлеріне, ал станцияларда соны-мен қатар станциялардың қызметкерлеріне де жүктеледі.

3.23. Темір жол және автомобиль көлігі қозғалысының қарқындылығына қарай темір жол өтпелері төрт категорияға бөлінеді. Темір жол өтпелерінің

 

 

категориялығын, күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету тәртібін «ҚТЖ» ¥К» АҚ тиісті нұсқаулығы белгілейді.

Электрмен жабдықтаудың бойлық желілерімен жабдықталған телімдерде орналасқан немесе жақын жерде басқа да электрмен жабдықтаудың тұрақты көздерімен қамтамасыз етілген I және II категориялық, сондай-ақ III және IV категориялы барлық темір жол өтпелерінің электрмен жарықтандыруы болуы тиіс, ал қажет болған жағдайларда олар өтіп жатқан поездарды қарау үшін арналған прожекторлы қондырғылармен жабдықталуы тиіс.

Темір жол өтпелерінің электрмен үздіксіз жабдықталуын және олардың сыртқы жарықтандыруын электрмен жабдықтау дистанциялары қамтамасыз етеді.

3.24. Темір жол өтпелері басқарылатын және басқарылмайтын болып
бөлінеді.

Басқарылатындарға көлік құралдарының жүргізушілерін темір жол өтпесіне поездың жақындап келе жатқанын хабарлайтын өтпелік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған немесе оларға кезекші қызметкерлер арқылы қызмет көрсетілетін темір жол өтпелері жатады.

Өтпелік сигнал беру құрылғыларымен жарақтандырылмаған және кезек-ші қызметкер тарапынан оларға қызмет көрсетілмейтін темір жол өтпелері басқарылмайтын өтпелерге жатады.

Кезекші қызметкерлердің қызмет көрсетуіндегі темір жол өтпелерінің поездық локомотивтердің және арнайы өздігінен жүретін құрамның маши-нистерімен радиобайланысы, ең жақын орналасқан станциямен немесе пос-тымен, ал диспетчерлік орталықтандырумен жарақтандырылған телімдер-де - поезд диспетчерімен тікелей телефон байланысы болуы тиіс.

Өтпелік сигнал берудің, автоматтық тоспалардың, телефон байланысының және радиобайланысының жарамды күтіп ұсталуын және жұмысын сигнал беру және байланыс дистанциялары қамтамасыз етеді.

3.25. Темір жол өтпелерінің бағаншалармен немесе сүйенетін
жақтаулармен қоршалған типтік төсемі және кіреберістері болуы тиіс. Темір жол өтгіелеріне таяған жерлерде ескертпелік белгілері болуы тиіс: поездар келетін жағынан - ысқырық берілетіні жөніндегі «С» сигнал белгісі, ал
автомобиль жолының жағынан Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес «ҚТЖ»
¥К» АҚ нұсқаулығымен қарастырылған белгілер.

Поездар келетін жағынан қанағаттанарлықсыз көрінімі бар, кезекші қызметкер арқылы қызмет көрсетілмейтін темір жол өтпесінің алдына қосымша «С» сигнал белгісі қойылуы тиіс. «С» сигнал белгілерін орнатудың тәртібін «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.

3.26. Темір жол өтпесі арқылы жүкпен немесе жүксіз ірі габариттік және
ауыр салмақты көлік құралдарының, баяу жүрісті машиналардың және
автопоездардың қозғалысына әр жеке алынған жағдайда тек қана жол дис-
танциясы бастығының жазбаша рұқсаты арқылы жол беріледі және жол
шеберінің немесе жол бригадирінің бақылауымен, ал электрлендірілген те-
лімдерде тасымалданатын жүктің биіктігі 4,5 м-ден жоғары болғанда - элек-
трмен жабдықтау дистанциясы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

 

Станция шегінде орналасқан темір жол өтпесі арқылы көлік құралдарының қозғалысы станция кезекшісімен, ал диспетчерлік сигнал бе-руімен жарақтандырылған телімдерде - поезд диспетчерімен келісілуі тиіс.

3.27.Өтпе бойынша кезекші темір жол өтпесіндегі поездар мен көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуі, тоспаны дер кезін-де ашып-жабуы және белгіленген сигналдарды беруі, өтіп бара жатқан поездардың күйін бақылауы тиіс. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулылықты тапқан жағдайда ол поезды тоқтату шараларын қолдануға міндетті, ал егер поездың соңын белгілейтін сигнал жоқ болып шықса - бұл туралы станция бойынша кезекшіге және локомотив машинисіне, ал дис-петчерлік орталықтандырылумен жарақтандырылған телімдерде - поезд диспетчеріне хабарлауы тиіс.

3.28.Темір жолдың электр берілісінің және байланыстың желілері-мен, мұнай-газ өнімдерін өткізгіштермен, су құбырларымен және басқа жерүсті және жерасты құрылғыларымен қиылысуы тек қана «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай қиылысуларда лрнайы сақтандырғыш құрылғылар қарастырылуы не-месе поездар қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай құрылғылардың жобалары «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығымен келісілуі тиіс.

3.29. Аралықтардағы басты жолдарға жаңадан құрылып (салынып)
жатқан желілердің және темір жол кірме жолдарының қосылуына ерекше
жағдайларда Министрліктің рұқсатымен жол берілуі мүмкін.

Екінші жолдарды салуға, құрылыстар мен құрылғылардың қайта құрылуы мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты аралықтардағы бағыттамалық бұрмаларды уақытша төсеуге және алуға, жаңа бөлім бекеттерін салуға және т.б. әр жеке альшған жағдайда «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Бөлім бекетін ұзақ мерзімді сақтауға ауыстырғанда немесе жапқанда аралықтағы темір жол желісінің кірме жолының қосылысын сақтап қалдыру жөніндегі шешімді техникалық құралдарға қызмет көрсету тәртібін және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді белгілеп, Минис-трлікпен келісімдей отырып, «ҚТЖ» ¥К» АҚ қабылдайды.

3.30. Темір жолдардың бір деңгейде қиылысатын, сондай-ақ аралықтар
мен станцияларда желілердің, темір жолдың кірме және қосылыстыратын
жолдарының басты жолдарға қосылатын жерлерінде сақтандырғыш
тұйықтар немесе қорғағыш стрелкалар орналасуы тиіс.

Темір жолдардың кірме және қосылыстыратын жолдарының қабылдау-жөнелту және басқа станциялық жолдарға қосылатын жерлеріндё жылжы-малы құрамның өздігінен станцияға немесе аралыққа қарай шығып кету-іне жол бермеу үшін сақтандырғыш тұйықтары, қорғағыш стрелкалары, лақтырғыш табандықтары, лақтырғыш үшкірлері немесе лақтырғыш стрел-калары болуы тиіс.

Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 м болуы тиіс.

 

 

¥заққа созылатын еңістері бар аралықтарда, сондай-ақ осындай
аралықтарды шектейтін станцияларда «ҚТЖ» ¥К»АҚ бекіткен жобалар
бойынша ұстағыш тұйықтарды қарастыру қажет..

Ажыратылмалы көпірілер екі жагынан сақтандырғыш тұйықтармен не-месе лақтырғыш табандықтармен, не болмаса лақытырғыш стрелкалармең қоршалуы тиіс.

3.31. Қосжолды желілердің аралықтарында төселетін бағыттамалық
бұрмалар дұрыс жолмен жүріп жатқан поездар үшін ық бағытты (пошерст-
ными) болуы тиіс.

Айрықша жағдайларда қосылатын жолдардың кірмелері ыңғайсыз, болғанда «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен қарсы бағытты (про-тивошерстных) бағыттамалық бұрмалар төселуі мүмкін.

3.32. Уш немесе төрт тінді жолды жасау арқылы басты және қабылдау-
жөнелту жолдарының түйісулерін құру тек қана «ҚТЖ» ¥К»АҚ
басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Басқа станциялық жолдардағы түйісулер (сплетения) «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен салынады.

Жолдық және сигналдық белгілер

3.33. Басты жолдардың бойына сигналдық және жол белгілерін ор-
натады. Бағыттамалық бұрмалардың тұсына және жолдардың басқа да
қосылысатын жерлерінде шектік бағаншалар орнатылады. Өтпебөліктің
темір жол жолағының шектерін көрсету үшін, сондай-ақ жол төсемінің
жасырылған құрылыстарын жердің бетінде белгілеу үшін ерекше жол бел-
гілері орнатылады.

Сигналдық белгілер қозғалыс бағытты бойынша оң жақтан қойылады, ал жол белгілері - оң жағынан киломерлер саны бойынша шеткі жолдың өсінен кем дегенде 3100 мм қашықтықта қойылады.

Ойықтарда (жартастықтарынан басқа) және олардан шығаберісте, жол және сигналдық белгілері кюветтердің және науалардың шектерінен тыс, далалық жағынан қойылады. Қармен жиі басыла беретін ойықтарда және олардан шығаберістерде (100 м-ге дейінгі шекте) аталған белгі-лер шеткі жолдың өсінен кем дегенде 5700 мм қашықтықта қойылады. Осындай ойықтардың тізбесін «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Бағдаршамдық қалпақшалары, жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялар, түйіспелі тораптың ажыратқыштары мен разрядтағыштары орнатылған тіректерді қоспағанда электрлендірілген телімдерде сигналдық және жол белгілері түйіспелі тораптың тіректеріне орнаты-луы мүмкін.

Шектік бағаншалар жолтабандар аралығының ортасында бір-біріне қосылуға таяп келе жатқан жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ге тең тұсында орнатылады. Т габариті бойынша салынған жыл-жымалы құрам айналмайтын пайдаланудағы станциялық жолдарда 3810 мм қашықтықты қалдыруға рұқсат етіледі. Жолтабан аралығының ені

азайтылған жүкті аударып тиеу жолдарында шектік бағаншалар жолтабан аралығының ені 3600 мм-ге дейін жететін жерінде орнатылады.

Жолдың қисық телімдерінде бұл қашықтықтар Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нормаларға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Сигналдық жолдық және ерекше белгілер «ҚТЖ»¥К»АҚ бекіткен типте болуы тиіс.


ТАРАУ

ЖОЛАУШЫ ВАГОНДАРЫН, АРНАЙЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМДЫ,


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 1950 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ | Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рылысы және жасанды құрылыстары| Алпына келтіру құралдары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)