Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  5. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  6. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Ажарлайтын станоктарды конструкциялық және технологиялық белгілері (орындалатын жұмыстың түрі) бойынша дөңгелек және жазық ажарлайтын, арнайы, қайрағыш және таза өңдейтін деп бөледі. Дөңгелете ажарлайтын станоктарға – центрде дөңгелете ажарлауға және центрсіз ажарлауға арналған станоктарды, іштей ажарлайтын­дарға – қарапайым, планетарлы, центрсіз; жазық ажарлайтындарға – дөңгелектің шетімен және жет жағымен жұмыс істейтін, бойлық және айналма; арнайы станоктарға – ойма кілтекті біліктерді, шарларды және т.б. ажарлауға арналған тіс, бұранда, көшіргіш-ажарлайтын; қайрағыш станоктарға әр түрлі құралды қайрауға арналған әмбебап және құралдың белгілі түрін қайрауға арналған арнайы станоктарды жатқызады.

21.60-суретте центрлерде сыртынан ажарлауға арналған дөңгелете ажарлайтын станоктың жалпы түрі көрсетілген.

Қажақты құралды қолдану бойынша таза өңдейтін станоктарды ажарлайтын дөңгелекпен, ұнтақпен және жылтырату пасталарымен (ысқыш, бабына жеткізгіш, жануыштағыш, жылтыратқыш және т.б.) жұмыс істейтін станоктарға бөледі.

Орнақта 2 станоктың барлық тораптары орналасқан. Орнақтың ішінде жетекті механизмдер және гидрожетек орналасқан. Станокта басты кесу жылдамдығы (айналмалы) ажарлау шеңберін жүзеге асы­рады, беріс қозғалысы (айналмалы) – алдыңғы 5 және артқы 9 тұғыр­лардың центрлерінде бекітілген дайындаманың айналуы. Дайындама­ның бойлық беріс қозғалысы – алдыңғы және артқы тұғырлар бекітіл­ген үстелдің түзу сызықты қайтымды-ілгерілемелі қозғалысы. Ажар­лайтын дөңгелек ажарлайтын тұғырдың 6 горизонталь айналдыры­ғында орнатылған. Сондай-ақ оның көлденең беріс механизмінің 7 көмегімен жүзеге асырылатын үстелдің бір жүрісінде ажарлайтын тұғырдың периодтық радиал орын ауыстыруы есебінен көлденең берісі болады.

 

 

1, 8 – басқару панельдері; 2 – тұғырық; 3 – маховик; 4 – үстел; 5, 9 – алдыңғы және артқы тұғырлар; 6 – ажарлайтын тұғыр; 7 – көлденең беріс механизмі; 10 – тұтқа

21.60-сурет – Дөңгелете ажарлайтын станоктың жалпы түрі

 

Станок жөнге келтіру кезінде қажетті бірқатар қосымша қозға­лыстар жасайды. Оларға маховиктің көмегімен 3 үстелдің орнын қол­мен бойлық ауыстыру, ажарлайтын тұғырдың орнын қолмен көлде­нең ауыстыру, тетікті орнату кезінде артқы тұғырдың сүйеу төлкесі­нің орнын қолмен ауыстыру, басқару панелін 1 және тұтқаны 10 пай­далану арқылы станоктың жұмыс органдарының орнын ауыстыру кіреді. Сорғыларды іске қосуды басқару басқару панелінде 8 тұтқа­лардың және батырмалардың көмегімен жүргізіледі. 21.61-суретте әр түрлі жазық тетіктерді дөңгелек шетімен ажарлауға арналған әмбебап жазық ажарлайтын станоктың жалпы түрі көрсетілген.

Орнақтың бағыттаушылары 1 бойынша гидрожетектің көмегімен бойлық беріс – үстелдің 10 орнын қайтымды-ілгерілемелі ауыстыру жүзеге асырылады. Үстел реверсі үстелдің алдыңғы жағында бекітілген тіреуіштерді ауыстырып қосу кезінде рычагтың 5 көмегі­мен жүргізіледі. Өңделетін тетікті электр магниттік тақтада немесе тікелей үстелде 10 бекітеді. Көлденең беріс ажарлайтын тұғыр 6 жыл­жымалы бөлігінің 8 горизонталь бағыттаушылары бойында қозғал­ғанда дөңгелегі бар тұғырмен жүзеге асырылады. Ажарлайтын тұғыр­дың қолмен көлденең берісі маховикпен 7 жүргізіледі. Автоматтық көлденең беріс үшін берістер гидроқорабы қызмет атқарады, оның басқару панелінің 2 беріс шамасын белгілеу үшін тұтқалары болады.

 

 

1 – тұғырық; 2, 4 – басқару панелі және пульті; 3, 7 – маховиктер; 5 – рычаг;

6 – ажарлайтын тұғыр; 8 – жылжыма бөлігі; 9 – баған; 10 – үстел

21.61-сурет – Әмбебап жазық ажарлайтын

станоктың жалпы түрі

 

Кесу тереңдігі бағанның 9 вертикаль бағыттаушылары бойында ажарлайтын тұғырмен бірге жылжыма бөлігінің вертикаль қозғалуы­мен белгіленеді. Орын ауыстыру маховиктің 3 көмегімен қолмен немесе гидрожетектен автоматтық болуы мүмкін. Ажарлайтын тұғыр айналдырығының жетегі басқару пультінің 4 батырмасын іске қосу арқылы жүргізіледі. Станоктың гидравликалық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін басты сорғы қондырғысы және ажарлайтын тұғыр тіреуіштерін, салқындататын сұйықтығы бар бакты және т.б. майлау үшін қосымша сорғы қондырғысы бар.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1573 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Және қолданылу саласы | Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу | Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | Дейтін станоктар типтері | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу | Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары | Тісті доңғалақтар дайындамаларын өңдеуге арналған әдістер және құрал-cайман | Тісті доңғалақтарды өңдеудің таза әдістері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Және оның технологиялық мүмкіндіктері| Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)