Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Жонғыш – көп жүзді құрал, оның шеңбері бойында немесе шет жағында қарапайым кескіштерді білдіретін кескіш тістер орналасқан. 21.46-суретте машина жасауда қолданылатын жонғыштардың негізгі типтері көрсетілген.

Жонғыштарды типтері бойынша бөледі: жазық беттерді өңдеуге арналған, цилиндрлік (21.46-сурет, а, б) және шет жақтық (21.46-сурет, е); дискілік (21.46-сурет, в - д), шеттік (21.46-сурет, ж) және бұрыштық – ойықтарды, бунақтарды және ойма кілтектерді өңдеуге арналған; фасондық – фасондық беттерді өңдеуге арналған; модульдік (21.46-сурет, з) – тістерді кесуге арналған; бұрамдық (21.46-сурет, и) – цилиндрлік және бұрамдық доңғалақтар тістерін қиюға арналған.

Цилиндрлік жонғыш тісінің 4 (21.46-сурет, а) басты кесу жиегі 2; алдыңғы 1, артқы 3 және желкелік 5 беттері бар. Жонғыштың тістері арасында бунақ 6 болады. Жонғыш қимасында: алдыңғы γ, артқы α, үшкірлеу β және кесу δ бұрыштары байқалады.

 

а – цилиндрлік түзу тісті; б – цилиндрлік бұрандалы тістері бар;

в – дискілік ойықты; г – дискілік екі жақты; д – дискілік үш жақты;
е – шет жақтық; ж – шеттік; з – саусақты модульдік; и – бұрамдық;

1, 3, 5 – сәйкесінше алдыңғы, артқы және желкелік беттер;
2 – кесу жиегі; 4 – тіс, 6 – бунақ

21.46-сурет – Жонғыштардың негізгі типтері

Алдыңғы бұрыш γ жоңқаның кесілетін элементтерінің жиналуын жеңілдету және олардың шөгуін азайту үшін қызмет атқарады. Болатты өңдеу кезінде γ = 10…20о, шойынды өңдеу кезінде γ = 10…15о. Қатты материалдар үшін γ бұрышын жұмсақ материалдарға қарағанда кіші етіп алады.

Артқы бұрыш α тістің желкелік беті мен кесу беті арасындағы үйкелісті азайтуға арналған. Әр түрлі жонғыштар үшін бұрыш α = 12…25о. Цилиндрлік жонғыштар тістері жонғыш осіне ω бұрышының астында түзу және бұрандалы болуы мүмкін (21.46-суретті қараңыз, б). Цилиндрлік жонғыштарда бұрыш ω = 30…40о, дискілік және шет жақтық жонғыштарда ω = 10…25о.

Түзу тістері бар жонғыш өңделетін бетке бірден тістің бүкіл ұзындығы бойында ойып орнатылады, бұл станокқа түсетін айныма­лы (түрткілік) жүктемеге және өңделген бет сапасының қандай да бір жақсартылуына әкеледі. Бұрандалы тістері бар жонғыштар бірқалып­ты жұмыс істейді, өйткені жонғыш тістері тетікке біртіндеп ойып орнатылады, сонымен бірге станок бірқалыпты жүктелген.

Қаттылығы төмен және орташа болаттан жасалған дайындама­ларды өңдеу үшін кесу жылдамдықтары аз болғанда У12А көміртекті аспаптық болаттан жасалған жонғыштарды (кіші диаметрлі жон­ғыштар), ал кесу жылдамдықтары шағын және беріс аз болғанда 9ХС, ХВ5 және ХВГ қоспаланған болатынан жасалған жонғыштарды қолданады. Р9 және Р18 жылдам кескіш болатын пайдалану жақсы нәтижелер береді. Ыстыққа төзімді және тот баспайтын болат­ты өңдеу кезінде ванадий мен кобальттың қондырмалары бар осы болаттан жасалған жонғыштарды (Р18Ф2, Р18К5Ф2) қолданады.

Болатты қаралтым жоңғылау кезінде – ВК және ТК маркалы қатты қорытпалардан жасалған тілімшелері бар жонғыштарды; таза жоңғылау кезінде негізінде ТК маркалы жонғыштарды қолданады. Болатты өңдеу үшін, сондай-ақ механикалық бекітпесі тозуға төзімді қатты қорытпалардан тұратын қатты қорытпалы қайта қайралмайтын көп қырлы және дөңгелек тілімшелері бар жонғыштар пайдаланыла­ды. Бұл жонғыштар олардың құралда орнатылуын өзгертуге немесе тікелей станокта айырбастауға мүмкіндік береді.

Сұр шойынды қаралтым және таза өңдеу үшін ВК маркалы қатты қорытпалы тілімшелері немесе ЦМ-332 маркалы минерал-керамика­лық тілімшелері бар жонғыштарды пайдаланады. Жонғыштар корпустарын 40, 40Х, У8 және т.б. маркалы болаттан жасайды. Қатты қорытпалардан жасалған сыртқы диаметрі 5…32 мм жонғыш­тарды тұтас етіп шығарады.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 438 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы | Сұлбалары | Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар | Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Ерекшеліктері | Және қолданылу саласы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу | Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | Дейтін станоктар типтері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу| Және қолданылу саласы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)