Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
  2. Хромтау қаласының даму ерекшеліктері
  3. Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері

Кеулей жонатын станоктар бет өлшемдерінің жоғары дәлдігін және сапасын талап ететін корпустық тетіктердің ірі және орташа дайындамаларындағы тесіктерді өңдеу үшін қолданылады. Кеулей жонатын станоктарда тесіктерді арнайы құралмен кеулей жонуды орындайды. Сондай-ақ сыртқы цилиндрлік және жазық (шет жақтық) беттерді, кертпештерді, бунақтарды, конустық тесіктерді өңдеу, тесіктерді бұрғылау, үңгілеу және ұңғылау, сыртқы және ішкі бұрандаларды қию, жонғыштардың барлық түрлерімен жонғылау жүргізілуі мүмкін.

Кеулей жону кезінде өңдеудің жоғары дәлдігіне қол жеткізіледі, тесіктің геометриялық пішінінің және қаралтым тесік осінің қателігі түзетіледі. Кеулей жону кезінде корпустық тетіктерге өңдеу дәлдігі бойынша айтарлықтай қатаң талаптар қойылады: негізгі беттердің түзу сызықты еместігі және параллель еместігі олардың барлық ұзындығына 0,05…0,1 мм, бетінің кедір-бұдырлығы Ra = 6,3…0,63 мкм сәйкес келуі тиіс. Негізгі тесіктердің диаметрлік өлшемдерінің дәлдігі 8…6 квалитетке, Ra = 2,5…0,32 мкм, ал кейде Ra = 0,32…0,04 сәйкес келуі тиіс.

Кеулей жонатын станоктарда беттердің пішін түзілуі кескіш құ­ралдың басты айналмалы қозғалысын және құралға немесе дайында­маға берілетін беріс қозғалысының үйлесуімен жүргізіледі. Тесіктерді кеулей жону кезінде кескіштің ұшы дөңгелек траекторияны сипаттай­ды және айналдырықпен бірге бойлық берілісті алады. Кейде бойлық берісті үстелмен бірге өңделетін дайындамаға береді, оның нәтиже­сінде айналдырық пен кескіш тек айналмалы қозғалысты алады.

Кеулей жонатын станоктарда бұрғылау станоктарында қолданы­латын құралдардың барлық түрлері пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қоса, кеулей жонатын станоктарға арналған бірқатар құралдар бар. Оларға кеулей жонатын кескіштер, тілімшелі кескіштер, кеулей жонатын бастиектер мен блоктар жатады. Кеулей жонатын станоктардағы құралдарды құрал біліктер мен патрондардың көмегімен бекітеді. Қосымша құралды пайдалану кескішті тікелей кеулей жонатын айналдырықта немесе радиал суппортта бекітуге болмайтындығымен себептелген.

Өңдеу түріне байланысты келесі кеулей жонатын кескіштерді пайдаланады: өтпелі, тілімдейтін, бунақты және бұрандалық. Ті­лімшелі кескіштерді (қатты қорытпалардан тілімшелері бар) айтар­лықтай кеңінен қолданады.

Кеулей жонатын бастиектерді диаметрі үлкен (200…500 мм) тесіктерді өңдеу үшін қолданады.

Кеулей жонатын блоктар корпустан және бұрандалармен бекі­тілген, алмалы-салмалы реттелетін кескіштерден тұратын құрама конструкцияны білдіреді. Кескіштерді кеулей жонылатын тесіктің диаметрі бойынша реттейді. Тесіктерді кескіштермен алдын ала кеулей жонған соң оларды түпкілікті өңдеу үшін реттелмейтін және реттелетін жүздері бар арнайы ұңғылағыштарды қолданады. Реттеле­тін қалқыма ұңғылағыштың екі жүзі бар, олардың орны өңделетін тесіктің берілген өлшеміне байланысты реттеледі. Кеулей жонатын станоктардың әр түрлі конструкциялары бар. Өнеркәсіпте горизон­таль-кеулей жонатын станоктар аса кең таралған, олар дара және сериялық өндірістер жағдайларында ірі габаритті тетіктерді өңдеуге арналған. 21.33-суретте горизонталь-кеулей жонатын станоктың жалпы түрі көрсетілген.

 

 

1 – тұғырық; 2 – алдыңғы тіреуіш; 3 – айналдырық тұғыры; 4 – айналдырық; 5 – үстел;

6 – люнет; 7 – артқы тіреуіш; Sп – көлденең беріліс; Sпр – бойлай беріліс

21.33-сурет – Горизонталь-кеулей жонатын станоктың

жалпы түрі

 

Қатты құйма орнақта 1 алдыңғы тіреуіш 2 бекітілген, оның бағыттаушылары бойында горизонталь орналасқан айналдырығы 4 бар айналдырық тұғыры 3 вертикаль қозғалуы мүмкін. Айналдырық басты (айналмалы) қозғалысты және үстел жазықтығына параллель осьтік берілісті алады. Кеулей жонатын кескіші (борштанг) бар ұзын құрал біліктерді орнату кезінде оның бір ұшы – айналдырықта, ал екіншісі артқы тіреуіштің 7 жылжымалы мойынтірегінде (люнетінде) 6 бекітіледі. Өңделетін тетік (редукторлардың ірі құйма корпустары, орнақтар, массивті қозғалтқыштар блоктары және т.б.) бойлық және көлденең берілістері бар үстелде 5бекітіледі. Станоктағы берілістер қозғалысы қолмен және автоматтық түрде жүзеге асырылады.

Кеулей жонатын станоктар үстеліндегі дайындамаларды әр түрлі әмбебап құрылғылардың: бұрыштықтардың, призмалардың, басатын тақтайшалардың, станок болттарының және т.б. көмегімен бекітеді.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 2094 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері | Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар | Түрлері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері | Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы | Сұлбалары | Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы| Және қолданылу саласы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)