Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хромтау қаласының даму ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Ерекшеліктері
  2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
  3. Хромтау қаласының әлеуметттік-экономикалық жағдайы
  4. Хромтау қаласының географиялық орны
  5. Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері

Шағын қалада аймақтық саясат жүргізудің тура және жанама түрлері болады. Бірінші жағдайда, мемлекет шаруашылықтың өңірлік құрылымын дамытуға капитал салуға белсенді түрде қатысады (даму орталықтарын, өндіріс саябақтарын, инфрақұрылымды құру). Екінші жағдайда, мемлекет қаржы /салық, кеден/ жүйесі арқылы белгілі бір ауданды тез дамытуға әсер ететін және көші-қон ағынын басқаратын экономикалық «климат» құруға бағыттай алады. Шағын қаладағы әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – аймақтағы өткір әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау, жоғары әлеуметтік қауіпті аудандардағы мәселелерді шешу. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында келесідей негізгі факторларды қарастыруға болады:

- қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде шағын қалалардың шаруашылық мамандандырылуы; ол қала құрылыс базасын қалыптастырады және оның әсерімен мамандандырылған қалалық даму қоры пайда болады;

- еңбек өнімділігі саласында өндірістік құрылымның бағытталуы, халықтың еңбекпен (жынысы мен жасына байланысты) қамтылуы және әлеуметтік біліктілік жағдайына;

- еңбек шарты, құрамы және мазмұны, халықтың белсенді, соның ішінді индустриалды жұмысшыларға осы факторлардың әсері;

- әлеуметтік құрылымның негізін құрушылар;

- қала қызметкерлерінің негізін құрайтын тұрғындардың білімді және мамандандырылған білікті құрамы;

- қала тұрғындарының сұраныс құрылымы, олардың жоғары урбанизациялық, ауылдық және басқа өмір сүру жағдайына бейімделуі;

- әлеуметтік инфрақұрылымның және өндірістік саласының даму жағдайы.

Жоғарыда қарастырылған факторлар қаланың құрылымына нарықтық, өндірістік, әлеуметтік жағдайына тікелей немесе жанама түрде әсер етуі және қаланың болашақта дамуына өз әсерін тигізеді [2].

Хромтау қаласы облыстың солтүстігіндегі Ойсылқара, Сармырза өзендерінің маңында орналасқан. Облыс орталығынан 86 шақырым қашықтықта орналасқан. Халқы – 24 124 адам. Негізгі тұрғындары – қазақ, орыс ұлтының өкілдері (2-сурет). Қаланың іргетасы 1940 жылы қаланған. 1967 жылы қала мәртебесін алған. Орталықта хром рудаларын өндіру, өңдеу және байыту ашық және шахталық әдіспен өндіретін 2 байыту фабрикасы, темір жол цехы бар.

Хромтау қаласының даму ерекшелігі оның минералды-шикізат ресурстарының мол қоры мен олардың алуан түрлілігі болып табылады. Облыстың Хромтау қаласының үлесіне республикада өндірілетін хром және никель рудаларының, хром тұздарының және керамикалық плиталардың 100 %-ы, темір қорытпаларының 40 %-ы келеді. Келешекте аймақтың экономикалық дамуының басымдықтары оның мамандану салаларының дамуы бәсекеге қабілетті артықшылықтарымен анықталады.

 

Қалада мемлекеттік маңызы бар ірі үш өндіріс орындары бар, 8 мың адам жұмыс жасайтын, хром рудаларын өндіру және қайта өңдеумен айналысатын – "Дөң кен байыту комбинаты", мыс-мырыш рудаларын қайта өңдеу жұмыстарын жүргізетін "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-і және хром рудаларын өндіріп, қайта өңдейтін "Восход Ориел" ЖШС-і (1-кесте).

 

 

Қала экономикасының дамуында көлік байланыстары жүйесінің рөлі зор. Хромтаудың қолайлы географиялық жағдайы көлік магистральдарын Еуропа мен Азияны жалғастыратын трансконтинентальдық қатынас маршруттарын жасауға пайдалануға үлкен мүмкіндіктер береді. Хромтау қаласынан Қостанай облысының Қызыл Октябрь руднигінен Дөң стансасына дейінгі темір жол байланысқан. Қала аумағымен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автотрассасы, "Хромтау-Алтынсарин" теміржолы өтеді. 2004 жылы пайдалануға берілген Хромтау-Алтынсарин теміржол желісі әр аймақтан Батыс Қазақстанға дейінгі жүк тасымалын 500-2000 шақырымға қысқартты. Хромтаудан Әйтеке би стансасына дейін 7 станция Ақтөбе Темір жолына қарайды [3].

Хромтаудағы аумақтық жүйенің дамуын қоғамның әлеуметтік және экономикалық даму өзгерістері тұрғысынан мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

· толық циклді айналымдағы металлургиялық өндірістер салу;

· қарқынды түрдегі сыртқы көші-қонның жүргізілуі: «кеніш-кент» ұстанымы бойынша қалалық мекенді қалыптастыру;

· шағын қаланың әрі қарай даму барысы, оның металлургиялық өндірісті жетілдіру негізінің күш-қарқынының өсуі өндірістің ірі орталықтарының пайда болу процесімен байланыстылығын арттыру.

Хромтау қаласының маңындағы Кемпірсай хромит кендерінің тобы Қазақстандағы жетекші өндірістердің бірі. Хромтау қаласының негізгі әлеуеті хром өндіру. Хром рудаларының жалпы облыстық көлемін Дөң кен байыту комбинаты өндіреді. Солтүстік Кемпірсай тобындағы кен орындарының хром тотығы мөлшері – 29-52%-ға жетеді. Ал Оңтүстік Кемпірсай тобындағы кен орындарының рудасында хром тотығы молырақ – 45-63%; онымен қоса басқа элементтер де бар. Ондағы кендер бірнеше топтарға бөлінеді, соның ішінде Жарлыбұтақ (Алмаз, Жемчужина, Миллионное, т.б.); Дөң (Гигант, Спутник, Геофизикалық, т.б.); Жалғызағаш (Қазақстанның 40 жылдығы, Жастар, т.б.) топтары бар. 1938 ж. Кемпірсай бөлімшесіндегі «Гигант» карьерінде кен өндіру басталып, пайдаланыла бастады.

Хромит қорының басым көпшілігі (90%) шоғырланған бұл кендер Кемпірсай ультранегізді массивінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Кемпірсай кобальт-никель кені. Кемпірсай ультранегізді массивіне жапсарлас, бойлық бағытында 70 шақырымға созылған, перидотит пен дуниттен түзілген, автометаморфизм әсерінен серпентинитке айналған. Никель-кобальттың рудалануы серпентинидтердің үгілу қабығына байланысты. Кен орнында 7 руда денесі бөлінді. Руда минералдары – гарниерит, никель-хромит, пирит, халькопирит. Кен орындары: Кемпірсай, Батамша, Жаңа Батамша, Тайкеткен, Жаңа Бурановск.

Дөң хромит кендерінің тобы, Оңтүстік Кемпірсай хромит кендерінің тобы – Хромтау ауданындағы кендер. Бұл топқа «Алмас-Інжу», «Қазақ КСР-нің 20 жылдығы», «Қазақ КСР-нің 40 жылдығы», «Спортное», «Гигант», «Комсомольское», «Бірінші май», «Геофизикалық-2»; «Геофизикалық 6», 4, 21, 31.... сияқты ірі хромит кендері жатады.

Хромтау қаласының экологиялық жағдайы республика бойынша қолайсыз. Бұл қиындықтар соңғы жылдары өте асқынып кетті, ал бұл түрлі кәсіпорындар мен әскери ұйымдардың ауданды қарқынды түрде игеруімен байланысты. Өндіріс нысандарын экологизациялау процесіне қарамастан облыс бойынша жағдай өте күрделі. Хромтау өңірінің қоршаған ортасының ластануының басты себептері – Дөң кен байыту комбинатының өндірісі. Бұл кәсіпорын жылына қоршаған ортаға 952 тонна қоқыс шығарады. Ал бұл комбинаттан басқа «ЖШС Керамика» кәсіпорыны да қоршаған ортаны ластап отыр. Дөң кен байыту комбинатында 268 ластану қайнар көзі бар, ал олардың ішіндегі тазарту қондырғылары бар қайнар көздері – тек қана 43. Тек қана Хромтау өңірі бойынша ғана емес, бүкіл Ақтөбе облысының өндіріс қоқыстарының 96%-ы осы Дөң кен байыту комбинатының өндірісіне келіп отыр [4].

Бірақ сонымен қатар Дөң кен байыту комбинатының нысандарында қоршаған ортаның экологиялық мониторингі жүргізіледі. Дөң кен байыту комбинаты 1 млн. 676,6 мың тонна хром рудасын өндіруде [9].

Хромтау минералды ресурстары негізінде «Қазақмыс» және «Русская медная компания» құрамына кіретін «РосКазМедь» кәсіпорны біздің жерімізде заманға сай мыс балқыту зауытын құруды көздеп отыр. Бұл зауытта жаңа «Hydro Copper» технологиясы қолданылатын болады. Хромтау қоқысының да мәселесі шешілу керек. Оны шешу жолдары:

· барлық өндіріс ошақтарын бір технологиялық тізбекке қосу;

· мыс комбинатының өнімінің негізінде кабель өнімін шығаратын зауыт тұрғызу;

· аудан аумағы бойынша технопарк құру.

Мұндай іс-әрекеттерді қолданғаннан кейін бұның салдарын да қарастыру керек. Біріншіден, мұндай ірі өндіріс ошақтарымен байланысқан технопарк үшін жоғары дәрежелі мамандар қажет, екіншіден, жаңа мамандар жұмыс жасау үшін жағдай туғызу керек болады. Бұған жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар және басқа инфрақұрылым нысандары жатады.

Бұл жобаның тиімділігі, біріншіден, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Хромтау қаласының тұрғылықты халық саны өсуде, бұның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары өте қажет. Ал осындай ірі жобалар іске асырылса, яғни, жаңа зауыттар және технопарктерде жұмыс орындары ашылады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 757 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Маңызды нышаны ретінде | Алалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары | Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері | Хромтау қаласының географиялық орны |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хромтау қаласының әлеуметттік-экономикалық жағдайы| орытынды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)