Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хромтау қаласының әлеуметттік-экономикалық жағдайы

Читайте также:
  1. Хромтау қаласының географиялық орны
  2. Хромтау қаласының даму ерекшеліктері

 

Қала экономикасы. Қалада шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға көп көңіл бөлінеді. 2010 жылдың 1қаңтарында қала аумағында қызмет жасайтын 840 жеке кәсіпкер тіркелген. Бүгінгі күні қалада 6 АЗС (жанар-жағармай құю станциясы), 4 қонақ үй, 17 тамақтану орны, 4 фотосалон, 10 шаштараз, 7 монша, 11 аптека, 7 киім тігетін және жөндейтін орталық, элеватор, 1 нан қабылдау пункті, 1 диірмен, 4 наубайхана, 1ет өңдеу цехы, теміржол бекеті жұмыс істейді. Қалада шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін инфраструктура жүйесі қызмет етеді. "Халық Банк", БТА, "Евразия Банк", "Центр Кредит Банк", "Альянс Банктердің" 5 филиалдары, "Бизнес центр" ОФ, "Микрокредит" НФО, Маркетинг қызметі, заң конторы, "Хромтауагро" несиелік серіктестігі, "ФРМПО" АҚ, "Жайнар" және "Дәулет" шағын несие ұйымдары жұмыс жасайды.

Құрылыс және коммуналдық шаруашылық. Қаланың тұрғын үй қорын 6120 пәтерден тұратын 105 көп қабатты және 1864 жеке сектордағы үйлер құрайды. Көп қабатты үйлердің тұрғын қажеттіліктері пәтер иелері кооперативтері мүшелері мен кондоминиумдерден жиналатын пайдалану шығыстары арқылы жүргізіледі.

Коммуналдық қызмет құрамына газ, жылу, су және электр жарығымен қамту, тұрғын үй қоры және қала аумағын санитарлық тазарту кіреді. Газ трассасының ұзындығы 151 км. Газбен қамтуды газ тасымалдау және пайдалану жөніндегі Хромтау газ телімі жүргізеді. Газ құбырларын монтаждау және жүргізумен 4 жеке кәсіпкер айналысады. Дөң ГОК-ның жылу қазандығы қаланы жылумен қамтудың негізгі көзі болып табылады, ол жалпы жылу берілетін аумақтың 335.139 шаршы метрін қамтамасыз етеді. Қаладағы жылу трассасы 98 км құрайды. Сумен қамту Қайрақты және Меловая су қоймаларынан жүргізілді. Электр жарығы Дөң ГОК-ның электроцехы және "Энергосистема" электр жүйелері ЖШС-нің филиалы арқылы беріледі, электр желілерінің жалпы ұзындығы 33,8 км.

Көлік, байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары: көлік инфрақұрылымын Дөң ГОК-ның автокөлік кәсіпорыны құрайды. Хромтау-Ақтөбе, Хромтау-Бадамша, аудан мен облыстың елді мекендеріне, сонымен бірге қала ішінде жолаушылар тасу маршруттары (газель, автобус) жүреді. Қалалық байланыс жүйесі пошта, телеграф, телефон және интернет жүйелерінен тұрады. Қала аумағында ұялы байланыс жүйесі жұмыс жасайды.

Аудандық "Хромтау" газеті шығады, қала тұрғындары үшін 4 телеканал, сондай-ақ Дөң ГОК-ның телехабар тарату желісі істейді, "Телебит" өндірістік бірлестігі кабельдік тележелісін құру және таратумен айналысады.

Әлеуметтік сала: денсаулық сақтау саласында орталық аудандық аурухана, тәулігіне 262 адам қабылдайтын емхана, "Евразия" медициналық орталығының профилакторийі мен Дөң ГОК-нің емдеу-сауықтыру кешені қызмет етеді.

Білім саласы мектепке дейінгі тәрбие, жалпы білім беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, кәсіптік-техникалық білім және репетиторлық жүйелерден құралады. Қалада 4 мектепке дейінгі балалар мекемелері, 6 мемлекеттік мектеп, сонымен бірге жастар мамандық алып шығатын Хромтау кәсіптік-техникалық лицейі мен Ақтөбе технология және көлік колледжінің филиалы жұмыс жасайды. Лицей комбинатқа және ауданның өндірістік кәсіпорындарында кадрлар дайындауға мамандандырылған. Қазіргі уақытта білім саласында жоғары оқу орнына түсуге репетиторлық дайындық жүргізетін 2 жеке кәсіпорын қызмет көрсетеді. Оқушылар үйі, саз мектебі жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берумен айналысады. Дөң ГОК-ның "Мұғалжар" демалыс базасында қала сыртында 240 орындық лагері бар.

 

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Маңызды нышаны ретінде | Алалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары | Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері | орытынды |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хромтау қаласының географиялық орны| Хромтау қаласының даму ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)