Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Алалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары
  2. Ерекшеліктері
  3. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
  4. Хромтау қаласының даму ерекшеліктері

Елде қалалардың даму заңдылықтары әр түрлі. Себебі қазіргі уақытта мемлекеттік шағын қалалардың экономикалық, әлеуметтік, демографиялық деңгейі әр салада, әр аймақта әртүрлі даму жолында. Бұл ұлттық шағын қалалардың көп профильді екендігін көрсетеді.

Қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында келесідей негізгі факторларды қарастыруға болады:

- қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде шағын қалалардың шаруашылық мамандандырылуы; ол қала құрылыс базасын қалыптастырады және оның әсерімен мамандандырылған қалалық даму қоры пайда болады;

- еңбек өнімділігі сферасында өндірістік құрылым саласының бағытталуы, халықтың еңбекпен жынысы мен жасына байланысты қамтылуы және әлеуметтік біліктілік жағдайына;

- еңбек шарты, құрамы және мазмұны, халықтың белсенді, соның ішінді индустриалды жұмысшыларға осы факторлардың әсері;

- әлеуметтік құрылымның негізін құрушылар, кадрлардың біліктілігін арттыру және жұмыс орнында алып қалу, отбасылардың материалдық қамтамасыз етуіне әсер ететін еңбек стимулы;

- қала қызметкерлерінің негізін құрайтын тұрғындардың білімді және мамандандырылған-білікті құрамы;

- шағын қалалар тұрғындарының сұраныс құрылымы, олардың жоғары урбанизациялық, ауылдық және басқа өмір сүру жағдайына бейімделуі;

- әлеуметтік инфрақұрылымның және өндірістік сфераның даму жағдайы.

Жоғарыда қарастырылған факторлар қаланың құрылымына нарықтық, өндірістік, әлеуметтік жағдайына тікелей немесе жанама түрде әсер етуі және қаланың болашақта дамуына өз әсерін тигізеді [7].

Облыс экономикасының дамуында транспорт байланыстары жүйесінің ролі зор. Аймақтың қолайлы географиялық жағдайы көлік магистральдарын Азия мен Еуропаны жалғастыратын трансконтинентальдық қатынас маршруттарын жасауға пайдалануға үлкен мүмкіндіктер береді. Облыстың кейбір шағын қалалары Қостанай облысының Қызыл Октябрь руднигінен Ақтөбе облысының Дөн стансасына дейінгі темір жол байланысқан.

Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешетін стратегиялық және тактикалық міндеттерінің сипатын ескеретін, икемді және сараланған болуы керек.

Сонымен шағын қалаларды басқару келесілерді талап етеді:

- республикалық және аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару функцияларының қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық құрылымының иерархиялық белгілеуге, әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелеріне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;

- республикалық басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының негізгі нысандарын табу.

Шағын қалаларды басқарудың маңыздылығы мен қайтарымы әлемдік шаруашылық жүргізу тәжірибесімен де дәлелденіп отыр. Атап айтқанда, экономикалық даму тұрғысынан алдыңғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарықта сұранысқа ие аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы, экономикалық әлеуетке ие болу шарт емес. Көбінесе дамудың да жоғары деңгейінің кепілі басқарудың озық түрлерін қолдану, басқару өнерін игеру, аймақтың өзі үшін, басқа аумақтар үшін экономикалық қызмет нәтижелерін пайдалана білу екендігі шет ел тәжірибесімен айқындалған [8].

 

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 385 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Маңызды нышаны ретінде | Хромтау қаласының әлеуметттік-экономикалық жағдайы | Хромтау қаласының даму ерекшеліктері | орытынды |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары| Хромтау қаласының географиялық орны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)