Читайте также: |
|
Қазақстан Республикасының өнірлік даму жүйесінде еліміздін шағын қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайы кен көлемде қарастырылған. Шағын қалалардың қазіргі экономикалық жағдайы, олардың өнеркәсіптік даму бағыттары мемлекеттің аймақтық даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін өте маңызды. Осымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтың әлеуметтік жағдайы ұлттық өнімнің бәсекеге қабілетіне байланысты және осыған байланысты қалыптасады делінген [2].
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы қаланың ауылдан бөлініп шығу процесін жылдамдатты, бұл халықтың өмір сүру жағдайымен дифференциациялауына өз әсерін тигізді. Қала капитал және сатып алу мен сату көздеріне тиімді және пайдалы шарттармен қамтамасыз етілген, мұнда жаңа өндіріс орындары мен жаңа инфрақұрылым әр қадам сайын даму үстінде. Нарықтық жағдайда қала экономикалық орта болғанымен қатар, әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыра алатын аумақтық жүйе болып табылады.
Қала секілді күрделі тұтастық тек жүйелі түрде құрылса ғана тиімді жұмыс жасай алады. Ал өз мәнінде қала жүйе болып саналмайды. Ол бір-бірін толықтыратын, өзара байланысты және бір-біріне тәуелді әр қилы мақсаттағы бөліктерден тұрады. Қаланың құрамдас бөліктеріне өлшемінің сәйкестілігі, қызметтеріне байланысты өзара орналасуы, байланыстармен қамтылуы тән болады. Қаланың барша қызметтік бөліктері қала территориясы ие болған ресурстар базасының ортақтығымен, орналасу ортақтығымен ерекшеленеді. Бірінің өзгеруі өзгелерінің де өзгеруіне әкеледі.
Географиялық тұрғыдан қала үш негізгі бөліктің жиынтығынан: халықтан; экономикалық базадан; материалдық қамтамасыз етілуден тұрады. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше территориялық ұйымдастырылуы бар, ал олардың барлығы жалпы қалалық жоспарлау құрылымына ие. Күрделі жүйе ретіндегі қаланың өзіндік ерекшелігі оның құрамына әлеуметтік, техникалық және табиғи элементтердің енуінде.
Қала – ең алдымен адамдар бір-бірімен қатынасқа түсетін ірі елді-мекен. Халық – басқа барлық жүйешелердің параметрлері мен ұйымдасуын анықтайтын қаланың басты бөлігі. Оның халқының саны – қаланы әр түрлі көзқарастар тұрғысынан сипаттайтын қаланың құрылыс салу есептері мен қорытынды көрсеткіштері үшін базалық өлшем болып табылады.
Қала халқы – полиқұрылымды. Халықтың құрылымының түрлі кесінділерінде қаланың іс-әрекеті мен ерекшеліктерінің көптеген жақтары көрінеді. Қызметпен қамтылу құрылымы, яғни жұмыс жасайтын халықтың шаруашылық салалары бойынша бөлінуі қаланың қызметтік типін білуге мүмкіндік береді. Жаңа халықтың келу ағыны туралы мәліметтер – қала дамуы динамизмінің маңызды жағы. Жаңадан келушілердің көп тұрақтамауы – қаладағы қолайлы ортаның жеткіліксіздігін көрсетеді.
Қала халқының қалыптасуының үш көзі бар: а) табиғи өсім; ә) механикалық өсім; б) ауылдық жүйелердің нығайып, қала көлеміне енуі. Табиғи және механикалық өсудің ара қатынасы қаланың типіне, оның «жасы» мен көлеміне байланысты. Жаңа қалалар өз халқын әрине механикалық өсімнен қалыптастырады. Сонымен бірге туудың жоғары (жастардың көп болуы) болуы мен өлудің аздығы да артық. Үлкен қалалар адамдарды өзіне көбірек тартады, олардың халық саны өзгермейді.
Алдымен қаланың дамуымен инфрақұрылымын қарастырмастан бұрын, жалпы «қала» деген түсінікті зерттейік. Қала – халықтың ұйымдастырылған қызмет ету және өмір сүру ортасы болып суреттеледі. Бұл ортаның негізгі бағыты және бір жақтылығы еместігі қала өзіндік халық қажеттілігін қанағаттандыра алатын, қоғам және жеке өмір сүру жағдайын жоғарылата алатын орта болып табылады, ал қала тұрғындарының өндірістік және сұраныс белсенділігі қала жағдайына тікелей әсер етеді [3].
Әр елдің экономикасында қала – басқару және зерттеу, өнеркәсіптік орта, әлеуметтік-экономикалық кешен, әкімшілік-аумақтық бірлік нысандары деп қарастырылады.
Қалада халық санымен жергілікті аумақтың өсуі оған қатысты проблемалардың пайда болуына және оны шешуге ғылыми және тәжірибелік қызығущылыққа алып келеді. Сондықтан осыған байланысты бұл процесстің негізгі ерекше жақтарын табу үшін, «қала» деген жалпы түсінікті және критерилерді талдау – экономикалық ғылымның негізгі мақсаты [3].
Қала негізін анықтауға статистикалық (аумақтың көлемі және халық саны); демографиялық (халық санының өсу жағдайы); өндірістік-құрылымдық (халықтың еңбек-өндірістік қызметі); сәулет-құрылыс (өнеркәсіпке, тұрғылықты жағдайға және мәдениетке бағытталған нысан жобалардың жағдайы); әлеуметтік (халықтың өмір сүру жағдайы, әлеуметтік инфрақұрылымы); тарихи-генетикалық (өмірге келу, пайда болу уақыты), экологиялық және т.б.
Орта ғасырларда Еуропа елдерінде мынадай қанатты сөз туған: «Қала адамды азат етеді». Ол заманғы қалалар аса маңызды роль атқарған жоқ, қаланы тек билік көзі деп қарастыруға болады. Қаланың әлеуметтік жағдайын ауылдың жағдайымен салыстыруға келмейді. Қалада пайда болған жұмыссыздық, қайыршылық, техникалар, ашылған өндіріс орындары қала жағдайына теріс әсерін тигізді [4].
Жалпы ғылыми әдебиеттерде негізгі талдау көздерін қарастырсақ, олар қала мағынасының қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық маңызы ашып көрсете алмайды. Көп салалы зерттеулерге сүйенсек, қала мен аймақтың өндірістік күші қоғамының формасы болып қарастырылады. Осы түсініктің негізгі әлеуметтік-экономикалық мазмұны терең және кең.
Қазіргі қала – материалдық және өндірістік сфераны адам жағдайына тиімді байланыста орналасқан, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланатын, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес сферада құрылған, серпінді даму үстіндегі ұйымдастырылған жүйе. Бұл дегеніміз қалалар қазіргі уақытта өндірістік орта болып қоймай, сонымен қатар құрылыс, көлік, материалдық өндіріс, ғылым және ғылыми қызмет ету, басқару және т.б. қызметімен шоғырланған аймақ [4].
Біріккен әлеуметтік-экономикалық жүйеде қалыптасқан орта ретінде, қала келесідей жүйелік даму шарттарымен жүреді: тұрғылықты халық, қала құрылысы және қалалық қызмет ету салалары, аумақ, қоршаған орта және т.б. Қалалар нарықтық шаруашылықты қалыптастыруда маңызды рөлді атқарады, олар экономикада құрылымдық жылжуды көрсетеді, қажетті әлеуметтік сұранысты туғызып, аумақтың өндіріс күштерінің және ұлттық экономиканың бір бөлігі болып келіп, қала өзіндік бағытталған жүйе болып табылады. Сондықтан қаланың әр кезінде дамуы, олардың қоғамдық прогресивті көрсетпейді және онда басты рөлді атқарады. Қоғамның жаңа даму кезеңінде қала проблемалары жаңа сапалы тұжырымға ие болады, олардың даму қиындығы экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, географиялық және т.б көрсеткіштермен анықталады [5].
Әлеуметтік инфрақұрылым қала халқының қызмет көрсетудің – білім беру, емдеу, демалу, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сатып алу, киім тігу, тұрмыстық техника мен пәтерлерді жөндеу секілді қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Халыққа қызмет көрсететін қызметтер жиынтығы өте кең, осыған байланысты бұл саланың бағыттары өте көп. Қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындардың қала территориясы бойынша таралуы оларға тұрғындардың бару жиілігі мен қызметтердің сипатына байланысты. Күнделікті қызмет көрсету нысандары тұрғын мөлтек аудандарға жақын орналасқан, оларға кірігіп жатыр. Маусымдық және эпизодтық сұраныс мекемелері мен кәсіпорындары, баруға мүмкін болатын және жиі баруға қолайлы жерлер маңына орналасады. Мәдени инфрақұрылым нысандары – театрлар, концерт және көрме залдары, сондай-ақ ірі әмбебап дүкендер мен басты мамандырылған дүкендер қаланың орталық ауданына тартылады.
Адамның баспанаға деген негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрғын үй қоры халықтың динамикасы мен құрылымына сәйкес қалыптасады, ал олар болса өз кезегінде қаланың типіне, жасы мен географиялық жағдайына тәуелді. Баспана, тұрғын үйлер топталулары (мөлтек аудандар мен аудандар) адамдардың өмір сүру шарттары мен жағдайларында көп нәрсені анықтайды. Баспаналық ортаның жағдайынан, оның жоспарлану, техникалық, гигиеналық және эстетикалық қасеттеріне көп ретте қаланың халықты территориялық ұйымдастыру формасы ретіндегі сапасы тәуелді.
Ұлттық құрылымына байланысты қала халқы ауылға қарағанда әр текті. Қалалар – әр түрлі ұлттар қатынасатын миграциялық ағындар түйіндері – көп ұлтты халықты қалыптастыруда жоғары мүмкіндіктерге ие.
Өз халқын елдің көптеген аудандарынан келетін мигранттардың белсен-ді тартылуы есебінен қалыптастыратын жаңа қалалар ескі қалаларға қарағанда көп ұлтты. Ал халқын миграция жолымен көбейткеннен гөрі азайтатын шағын қалалар көп ұлттылық жөнінен артта қалады. Көп ұлттылықпен ұлттың конфессиялық құрылымы, яғни діни сенімдері бойынша жіктелуі байланысты, бұл қаланың микрогеографиясынан да көрініс табады.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КІРІСПЕ | | | Алалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары |