Читайте также:
|
|
Қалалардың өсуі мен дамуы – қоғамның дамуындағы әлеуметтік-экономикалық негіз болып табылады, қалалардың тарихи пайда болуы еңбек бөлінісінің немесе өнеркәсіптің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы.
Қазақстанда шағын қалалардың дамуының ортақ факторларымен қатар жергілікті мәселелерді анықтап алу керек, олар елдің үлкен аумағы және көлік байланысының тұрақсыздығы, мол пайдалы қазбалардың шоғырлануы, тарихи қалыптасқан мамандандырылған өнеркәсіп, көпұлтты халық және т.б. Осының бәрінен ұлттық қалалардың қалыптасу дәрежесін байқауға болады.
Қалалардың жалпы қызметтері жылдан-жылға қоғамның әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларымен бірге даму және ұлғаю үстінде. Қазақстанда қалалардың ұлттық немесе сыртқы деңгейде әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды орындайтын және ішкі, тиісті аудандарға жатқызылатын. Табиғи ресурстармен шоғырланған, мамандандырылған қалалар (ондай қалалар Қазақстанда көп) сыртқы қызметті атқарады.
Қандай да бір қызметті орындауда, қалаларда қалыптасқан проблемалардың келесілерін қарастыруға болады:
· мемлекеттік және аймақтық масштабта қоғамдақ еңбек бөлінісінде қаланың орны және рөлі;
· материалдық және еңбек ресурстарына бағытталған қала қызметінің орындалуының дамуы және қалыптасуы;
· қала қызметінің орындалуы жалпы аумаққа әсері;
· өмір сүру дәрежесі және деңгейі;
· қаланың сыртқы келбеті;
· қаладағы өндірістік тиімділігінің нәтижесі.
Қазіргі уақытта қалаларда халықтың өсу жағдайы тепе-тең. Елде қалалық және ауылдық аумақтар көлемі жағынан жылма-жыл өсуде. Соңғы жылдары қалаларда жергілікті ұлттық халықтың көшіп қонуы байқалуда. Біз жергілікті қазақ халқының санының соңғы екі жылда қалаға көшіп келуінінің 4,6-9,5%-ға өсуін байқадық. Сонымен қатар қалаларда сәбилердін дүниеге саны өсіп, жалпы республикалық көрсеткіштен жоғары [6].
Шағын қалаларда аймақтық саясат жүргізудің тура және жанама түрлері болады. Бірінші жағдайда, мемлекет шаруашылықтың өңірлік құрылымын дамытуға капитал салуға белсенді түрде қатысады /даму орталықтарын, өндіріс саябақтарын, инфрақұрылымды құру/. Екінші жағдайда, мемлекет қаржы /салық, кеден/ жүйесі арқылы белгілі бір ауданды тез дамытуға әсер ететін және көші-қон ағынын басқаратын экономикалық «климат» құруға тырысады.
Аймақтық дамуда шағын қалаларды реттеуге мемлекеттің тікелей қатысу әдісі әкімшілік әдістермен тығыз байланысты. Бұндай әдістерге мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемелекеттік аймақтық бағдарламаларды іске асыру, мемлекет қажетіне керек өнімдерге тапсырыстар беру жатады:
· нарықтық экономиканы дамыту шағын қалалардағы әр түрлі проблемаларды шешуге арналған қаржы ресурстарын демеп отыратын аймақтық дамудың арнайы қорларын құруды;
· қиын әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайдағы мекемелерді субвенциялау саясатын;
· шаруашылық субъектілерінің қиын жағдайдағы аудандарға өз өндірістерін орналастырудағы қосымша шығындарын өтеу, табиғи байлықтардың азаюына байланысты салық жеңілдіктерін қарастыруды;
· экономиканың салалық және өңірлік құрылымдарын көтеретін өндіріс орындарын салу үшін жер телімдеріне төленетін аренда төлемдеріне жеңілдіктер белгілеу;
· қиын жағдайдағы аудандарда орналасқан кәсіпорындарға өз өндірісінің тозуын қаржыландыруды қамтамасыз ететін аймақтық-дифференцияланған амортизация енгізу;
· экологиялық таза өнімдерге жоғары баға белгілеу; әсіресе нашар жағдайдағы аймақтарда қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарға санкция қоюды қамтитын экономикалық реттеу әдістерін кең ауқымда қолдануға алып келеді.
Экономикалық реформаны тиімді жүргізу мемлекет саясатының негізгі бағыттарын іске асырудағы аймақтардың ерекшеліктерін жан-жақты есепке алуды талап етеді.
Шағын қалалардағы әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты аймақтағы өткір әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау, жоғары әлеуметтік қауіпті аудандардағы мәселелерді шешу болып табылады.
Аймақтық әлеуметтік саясатты қаржыландыру көзі республиканың, өңірдің, облыстың және жергілікті бюджеттері болып табылады.
Экономикалық дағдарыс жағдайында экономиканы көтермелеудің өндірістің қарқынды дамуына, сондай-ақ құрылымды қайта құруды жүзеге асыратын әдісі - бұл жаңа инвестиция талап ететін нашар және артта қалған капитал салуды көтермелеу мақсатында инвестициялық салықтық несиелерді пайдалану.
Шағын қалалардағы факторлар сыртқы экономикалық қатынаста зор маңызға ие. Аймақтық факторлардың ықпалының күшейе түсуін есепке ала отырып, қазірден бастап сыртқы байланыс саласында кейбір аймақтарға ерекше жағдайда жеңілдіктер мен артықшылықтар берудің бірыңғай ережелерін бекітетін арнайы заңдылықтар мен нормативтік актілер қабылдау керек. Экономикалық реформаларды тереңдету жағдайында еңбек нарығын қалыптастыру мен жұмыспен қамту процестерін реттеу маңызды проблема болып табылады.
Аймақтандыру мен интеграция бағыттары әрине бір-біріне қарама-қайшы. Аймақтандыру аймақтық сепаратизмге әкелуі де мүмкін, бірақ басқаруды шамадан тыс орталықтандыру тиімсіз. Жер жердегі экономикалық қызығушылыққа қысым жасау аймақтық сепаратизмге тиімді жағдай туғызады, себебі аймақтарда мемлекетке қарағанда жеке немесе аймақ коалициясы құрамында мол табысқа жетуге сенім күшейеді. Аймақтық саясаттың міндетін, түрін, әдістерін экономикалық реформалар бағдарламаларына енгізу олардың ұзақ мерзімділік (себебі аймақтық саясаттың негізгі міндеттерін іске асыру үшін ұзақ уақыт қажет), мемлекеттік реттеу, әлеуметтік басымдық сияқты ұстанымдарын күшейте түседі. Бұған мүшелердің қарым-қатынасы арқылы жүргізілетін аймақ саясаты ұлттардың бірігуіне ықпал етеді.
Аймақ саясатының басты мақсаты – барлық қызығушы аймақтарға, өндіріс орындарына, азаматтарға аумақтың ерекшеліктерін есепке ала отырып мақсатты мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай жасау.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Маңызды нышаны ретінде | | | Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері |