Читайте также: |
|
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қала нарықтық шаруашылықты ұйымдастырудың
маңызды нышаны ретінде
1.2 Қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары
1.3 Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық
факторлары мен ерекшеліктері
2 Моноқала ретінде Хромтау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары
2.1 Хромтау қаласының географиялық орны
2.2 Хромтау қаласының әлеуметттік-экономикалық жағдайы
2.3 Хромтау қаласының даму ерекшеліктері
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20%-дан астамы) шоғырландырылған қала. Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
1. Қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20%-дан астамын құрайтын (мономамандандыру);
2. Қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.
Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста [1].
Еңбек нарығындағы проблемалардың тікелей салдары Моноқалаларда жоғары кедейшілік деңгейінің сақталуы болып табылады. Көптеген Моноқалалардың орташа жан басына шаққандағы кірісі орташа облыстық деңгейге жетпейді. Айталық, Арқалық, Кентау, Балқаш, Сораң қалаларында орташа жан басына шаққандағы қаржылық кірістері орташа облыстық деңгейдің 80-85%, ал Хромтау қаласында – 73 % құрайды.
«Қазақстан-2030» стратегиясында аймақтың және қалалық кенттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын және басқару жүйесін жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық экономиканың негізгі нысаны ретінде қарастырылған. Тұжырымдамада белгіленгендей «Шағын және орта қалалар ұлттық экономиканың интеграциялық жүйесі» болып табылады.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында көрсеткендей: «Экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын қалыптастыру және олардың жұмыстарын дамыту....» деген бағытта аймақта орналасқан шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын әлемдік стандарттарға жеткізу. Сондықтан Қазақстан Республикасының әр өңірінде дамып келе жатқан шағын қалалардың жалпы жағдайы ұлттық мәселелердің және экономиканың басты индикаторларының бірі болып табылады.
Ақтөбе облысы еліміздің солтүстік-батысында орналасқан. Облыс экономикасындағы жетекші салалары болып табылатын қара металлургияның, химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының маңызы зор. Сондықтан Ақтөбе облысының қалалары өз экономикасын еліміздегі басқа қалаларымен, облыстарымен, шетелдермен экономикалық байланыс орнатып, дамытып келеді. Мұнсыз қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту мүмкін емес. Нақ осы уақыттағы саяси-әлеуметтік және экономикалық қауырт даму жергілікті жердің табиғат байлықтарына сүйенеді. Оны ұтымды пайдалану ісі мен қорғау ісін қатар жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр.
1 ҚАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Visiting Belarus | | | Маңызды нышаны ретінде |