Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Және оның технологиялық мүмкіндіктері

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Жоғарыда айтылғандай, жону (қыру) кезінде жону тобының барлық станоктарында басты қозғалыс – дайындаманың айналуы, ал ілгерілемелі қозғалыс кескіш құралдың қозғалысы (беріс) болып табылады. Сонымен бірге басты кесу қозғалысының айналу осі горизонталь да, вертикаль да болуы мүмкін (станоктың конструкция­сына байланысты).

Беріс қозғалысы дайындаманың айналу осіне параллель немесе перпендикуляр (бойлық және көлденең берістер), сондай-ақ дайындаманың айналу осіне бұрышпен (көлбеу беріс) болуы мүмкін. 21.20–21.25-суреттерде дайындамаларды типтік болып табылатын жону ста­ноктарында дайындамаларды өңдеудің негізгі түрлерінің сұлбалары берілген, өйткені оларды СББ бар станоктарды қосқанда, барлық жону станоктарында іске асыруға болады.

Цилиндрлік беттерді түзу (21.20-сурет) немесе бүйір беттерді жону (21.21-сурет) жону кескіштерімен орындалады. Қатты емес біліктерді өңдеу үшін өтпелі кескіштерді пайдалану ұсынылады, оларда көріністегі басты бұрыш φ = 90о. Біліктерді мұндай кескіштермен өңдеу кезінде кесу күшінің радиал құраушысы нөлге тең болады, бұл дайында­маларды өңдеу процесінде олардың деформациялануын төмендетеді.

Сыртқы конустық және сыртқы сұлбалы беттерді жону 21.22-21.23-суреттерде бейнеленген. Сыртқы (21.24-сурет,) және ішкі бұрандаларды бұрандалы кескіштермен орындайды, олардың кесу жиектерінің пішіні кесілетін бұрандалардың пішінін анықтайды. Берілген қадамды бұранданы кесу үшін станокты жөнге келтіру берістер қорабының көмегімен жүргізіледі. СББ бар станоктарда кесілетін бұранда қадамын басқару жүйесі анықтайды.

Ішкі беттерді өңдеу (кеңейжону) 21.25-суретте келтірілген.

А-дайындаманың басты айналу қозғалысы; Б-кескіштің

бойлай қозғалысы; В-кескіштің көлденең қозғалысы;

1-дайындама; 2-кескіш; 3-өңделген бет

21.20-сурет-Сыртқы цилиндрлі беттерді жону

 
 

21.21-сурет- Бүйір беттерді жону

а б

в г

Артқы тұрғыны (центрді) жылжытып (а); кескішұстағышты бұрып (б); көшіргі конустық сызғышпен (в); көлденең беріліспен кең жиекті кескішпен (г)

21.22-сурет – Сыртқы конустық беттерді жону

 
 
 

а б в

а- көлденең беріліспен сұлбалы кескішпен; б-көшіргішпен;

в-көлденең және бойлай берілістерді өзгерту арқылы

21.23-сурет – Сыртқы сұлбалы беттерді жону

д
г
а
в
б

 

а-бұранда кескішпен; б-тарақ кескішпен; в-бұранда кескішпен;

г-құрсаулау (құйынды) жоңғылау; д-бастиекпен сыртқы жоңғылау

21.24-сурет – Сыртқы бұранданы кесу

 

д
г
в
б
а

г) д)

а-кескіштің бойлай берісімен; б-көлденең беріспен тікбұрышты немесе сұлбалы пішінді бунақты кесу; в-тесік 1 бойлай беріспен құрал 2 арқылы бұрғылау және ұңғылау; г-кескіш 2 бұранда 1 кесу; д-бұрандаойғышпен 3 бұранда 1 кесу

21.25-сурет – Ішкі беттерді өңдеу (кеңейжону)

Келесі сұлбаларда (21.26-сурет) айналмалы кескішпен цилиндрлік бетті жону (а) және кесу тістері бар тісті доңғалақ түрінде орындалған тісқашауышпен 2 бұрамдықтың бұрандасын кесу (б) әдістері бейнеленген. Тісқашауыш құралкүймешікте орналасқан және оған бойлай беріліс кезінде айналма қозғалыс беріледі. Домалату қозғалыстың салдарынан тісқашауыштың тістерімен бұрамдықта модульды бұранда кесілуі орындалады.

 

а
б

 

21.26-сурет–Айналмалы кескішпен жону (а) және тісқашауышпен 2 бұрамдықтың бұрандасын кесу (б)


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кескіштің жазықтықтары және бұрыштары | Сурет – Кескіш бұрыштары | Кесу процесінің физикалық мәні | Кесу аймағындағы байланыстық процестер | Зара әрекеттесуі | Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері | Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түрлері| Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)