Читайте также:
|
|
Кез келген кескіш құралдың жұмысы дайындаманың денесіне ендірілетін және әдіптің берілген бөліктерін тізбекті опыратын (кесетін) сынаның әрекетіне негізделген. Өңдеу сұлбасына байланысты (жону, бұрғылау, жонғылау және т.б.) кескіш құралдар конструкциясы бойынша едәуір ерекшеленетін болады, алайда олардың кескіш элементтерін құру ережелері бірдей болып табылады. Сондықтан кескіш құралдардың геометриялық параметрлерін зерделеуді конструкциясы бойынша аса қарапайым жонғыш түзу өтпелі кескіштің мысалында қарастырған ыңғайлы.
Кескіш оның көмегімен кескіш станокта орнатылатын және бекітілетін өзектен I (21.5-сурет) және кескіштің кесуші бөлігін көтеретін бастиектен II тұрады.
1 – өзек; 2 – бастиек; 3, 5 – басты және қосымша артқы беттері;
4, 6 –басты және қосымша кескіш жиектері;
7 – кескіштің ұшы; 8 – алдыңғы беті;
21.5-сурет – Жонғыш кескіштің элементтері
Дербес дене (тілімше) болуы мүмкін кескіш бөлікте алты элементті (беттерді, сызықтарды, нүктелерді) көрсетеді. Алдыңғы бет 8 бойымен жоңқа түседі. Артқы деп аталатын беттер: бастысы 3 – кесу бетіне, қосымшасы 5 өңделген бетке қаратылған. Басты 4 және қосымша 6 кескіш жиектер сәйкесінше алдыңғы беттің 8 басты бетпен 3 және қосымшаның 5 артқы беттермен қиылысу сызықтары болып табылады. Жиектердің қиылысуы кескіштің ұшын 7 құрайды, ол үшкір немесе жұмырланған болуы мүмкін. Құралдың кескіш бөлігі беттерінің орналасуы кесу процесіне, өңделген беттің сапасына және құралдың қызмет ету мерзіміне үлкен әсер етеді.
Кескіштің бұрыштарын анықтау үшін өңделетін дайындаманың координаталық жазықтықтары негізгі болады (21.6-сурет): кесу жазықтығы және негізгі жазықтық. Олардың біріншісі кесу бетіне жанама және кескіштің басты кесу жиегі арқылы өтетін жазықтық 1; екіншісі – бойлық және көлденең берілістер бағыттарына параллель жазықтық 2 болып табылады. Кескіштің басты, қосымша бұрыштары және көріністегі бұрыштары (21.7-сурет) бар. Осы бұрыштардың барлығын қайрау бұрыштары деп атайды.
|
1 – кесу жазықтығы; 2 – негізгі жазықтық
21.6-сурет – Өңделетін дайындаманың
координаталық жазықтықтары
Егер N–N басты қию жазықтығын (21.7-суретті қараңыз) басты кескіш жиектің негізгі жазықтыққа проекциясына перпендикуляр жүргізсе, онда басты артқы бұрышты α, басты алдыңғы бұрышты γ, үшкірлену бұрышын β және кесу бұрышын δ = α + β қарастыруға болады.
Басты артқы бұрыш α басты артқы бетпен және кесу жазықтығымен құралады және оны α = 6… 12о қабылдайды.
Басты алдыңғы бұрышты γ кескіштің алдыңғы бетінің және басты кескіш жиек арқылы жүргізілген кесу жазықтығына перпендикуляр қосымша жазықтықтың қиылысуы кезінде алады. Басты алдыңғы бұрыш өңделетін материалдың механикалық қасиеттеріне, кескіштің материалын және алдыңғы беттің пішініне байланысты оң және теріс (–10о-тан +20о-қа дейін) болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 576 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Металдарды кесудің негізгі параметрлері | | | Сурет – Кескіш бұрыштары |