Читайте также:
|
|
Металды кесу – құрал мен дайындаманың өзара әрекеттесуінің күрделі процесі, ол белгілі физикалық құбылыстармен, соның ішінде металдың кесілетін қабатын деформациялаумен жалғасады. Р күшінің әсерінен өңделетін материалға құралдың кесу бөлігі енгізілгенде оның алдында металдың серпімді және илемді деформацияланған көлемі – басып озушы деформация аймағы немесе жоңқа түзілу аймағы пайда болады, ол кесілетін қабатты да, металдың өңделген беттің астындағы бөлігін де қамтиды.
Өңделетін материалдың қасиеттеріне және кесу шарттарына байланысты жоңқаның үш түрі түзіледі: иірмелі, буынды және жарықшақ жоңқасы (21.9-сурет).
Иірмелі жоңқа (21.9-сурет, а) кесу жылдамдықтары үлкен және кесілетін қабаттың қалыңдығы аз илемді металдар мен қорытпаларды (аз көміртекті болатты, мысты, алюминийді және т.с.с.) кесу кезінде пайда болады. Ол тегіс ішкі (кескіш жанындағы) қабырғасы бар тұтас таспаны білдіреді. Оның сыртқы қабырғасында ара тәрізді әлсіз кетіктер көрініп тұрады. Жоңқаның бетінде оның элементтері арасында шекаралар көрінбейді.
Буынды жоңқа (опыру жоңқасы) кесу жылдамдықтары аз және кесілетін қабаттың қалыңдығы үлкен қаттылығы орташа металдар мен қорытпаларды (қаттылығы жоғары болатты, жездің кейбір түрлерін) кесу кезінде пайда болады (21.9-сурет, б). Ол кескіш жанындағы тегіс қабырғасы бар таспаны білдіреді, оның сыртқы қабырғасында арасында байланыс жоғалмаған элементтер (кетіктер) айқын көрсетілген.
Жарықшақ жоңқасы (элементтік) морт қорытпаларды (шойын, қола және т.с.с.) кесу кезінде түзіледі және өз араларында байланыспаған кездейсоқ пішінді жеке элементтерден тұрады (21.9-сурет, в). Жарықшақ жоңқасы түзілгенде өңделген бет кедір-бұдыр, кетіктерімен және тіліктерімен алынады.
Иірмелі және буынды жоңқаларды ығысу жоңқалары деп атайды, өйткені олардың түзілуі ығысу кернеулерімен байланысты. Жарықшақ жоңқасын кейде үзу жоңқасы деп атайды, өйткені оның түзілуі созылу кернеулерімен тудырылған. Жоңқаның сипаты өңделетін материалдың физика-механикалық қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге кесу режиміне, кескіш құрал геометриясына және бірқатар басқа себептерге де байланысты болады. Жоңқаны бір күйден екіншіге, мысалы буынды жоңқаны жарықшақ жоңқасына ауыстыру үшін, кескіш құрал конструкциясына кейбір элементтерді енгізу қажет: жоңқа бұзғыш құрылғылар, табалдырықтар, бөлгіш бунақтар және т.б., дірілдік немесе үзік кесуді қолдану қажет.
а – иірмелі; б – опырылмалы; в – жарықшақ
21.9-сурет – Жоңқа түрлері
Жоңқа дайындаманы өңдеу процесінде оның қуыстарына толуы және оларда, мысалы бұрғылау кезінде тесіктерде қалуы мүмкін. Дайындамалардан жоңқаны жою үшін әр түрлі тәсілдерді, соның ішінде автоматтық жууды қолданады. Алайда қолданылатын шаралар дайындамадан және станоктан жоңқаларды жою, сондай-ақ оны тасымалдау және әрі қарай қайта өңдеу проблемасын ылғи да толығымен шешпейді. Кесу процесінде түзілетін жоңқа елеулі деформацияға ұшырайды, оның көріністерінің бірі оның ұзындығының азаюы (шөгуі) болып табылады. Шөгу мынадан тұрады: жоңқаның ұзындығы өңделген беттің ұзындығынан кем, ал қалыңдығы дайындамадан кесілген металл қабатының қалыңдығынан үлкен болады. Бұл кезде жоңқаның ені өзгермейді. Шөгу шамасы шөгу коэффициентімен сипатталады:
К = L 0/ L = h / h 0,
мұнда L 0 – өңделген беттің ұзындығы; L – жоңқаның ұзындығы;
h – жоңқаның қалыңдығы; h 0 – дайындамадан кесілетін қабаттың қалыңдығы.
Металл неғұрлым илемді болса, шөгу коэффициенті соғұрлым үлкен болады. Морт материалдар үшін К ≈ 1, илемді металдар үшін К = 5…7. Жоңқаның шөгуі өңделетін материалдың қасиеттеріне, кесу режиміне, кескіш құрал геометриясына, кесу шарттарына және т.б. байланысты болады.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 877 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сурет – Кескіш бұрыштары | | | Кесу аймағындағы байланыстық процестер |