Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұлбалары

Читайте также:
  1. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары

 

Дайындамаларды бұрғылау станоктарында өңдеудің негізгі әдістері: бұранданы бұрғылау, бұрғылап кеңейту, үңгілеу, ұңғылау және қию болып табылады.

Дайындамаларды бұрғылау станоктарында өңдеудің негізгі сұлбалары 21.28-суретте көрсетілген.

Бұрғылау – бұл әр түрлі конструкциялы бұрғылардың көмегімен тұтас материалда дөңгелек пішінді тесіктерді алу процесі (6.26-сурет, а). Бұл операция екі қозғалыспен жүзеге асырылады: айналмалы және ілгерілемелі.

Бұрғылаудың сол немесе басқа әдісін таңдау тесіктің диаметріне, бұрғылау тереңдігіне, тесіктің дәлдігіне және оның осінің орнала­суына, өңделетін материалдың физика-механикалық қасиеттеріне және басқа факторларға байланысты болады. Бұрғылау кезінде кесу жылдамдығы айнымалы шама болып табылады, өйткені ол өзінің шамасын кесетін жүзі бойынша оның центрінен (v = 0) шеттігіне (v мах) қарай өзгертеді. Бұрғылаудың әр түрлі әдістерінің технология­лық мүмкіндіктері айтарлықтай кең. Бұрғылап кеңейту – бұрын алынған тесіктің диаметрін d 0 (21.28-сурет, б) диаметрі d үлкен бұрғымен ұлғайту процесі. Бұрғылап кеңейтуге арналған тесіктің диаметрін d 0 бұрғының көлденең кесу жиегі жұмысқа қатыспай­тындай етіп таңдайды. Бұл жағдайда осьтік күш азаяды. Кесу режимінің параметрлері және бұрғылау кезіндегі өңдеу сапасы бұрғылау кезіндегідей болады.

Үңгілеу – алдын ала бұрғыланған, құйма немесе қалыпталған тесіктің d 0 аралық операциясы (21.28-сурет, в). Үңгілеу үңгілердің көмегімен орындалады. Үңгілеу кезінде кесу режимінің параметрлері де кесу жылдамдығымен, беріспен және кесу тереңдігімен анықталған. Үңгілеуге арналған әдіп үңгінің диаметріне байланысты болады және 0,5…3,5 мм аралығында өзгереді. Үңгілеу арқылы цилиндрлік, шет жақтық, конустық және сфералық беттер өңделеді.

Болттар мен бұрандалардың бастиектерін цилиндрлік немесе конустық тереңдетулерді алуға арналған үңгілер – үңгіштер, ал шет жақ беттерді өңдеуге арналған үңгілерді ұң жонғылар деп атайды. Осыған байланысты берілген өңдеу әдістерін үңгіштеу және ұң жонғылау деп жиі атайды. Үңгіштеу – цилиндрлік немесе конустық тесікті ұңғылаумен түпкі­лікті таза өңдеу (21.28-сурет, д).

 

а – бұрғылау; б – бұрғылап кеңейту; в – үңгілеу; г – бұранда кесу; д - үңгіштеу

21.28-сурет – Дайындамаларды бұрғылау станоктарында

өңдеу сұлбалары

Берілген операция әдетте аса жоғары дәлдікті және кедір-бұдырлығы аз бетті алу мақсатында үңгілеуден кейін орындалады. Ұңғылауға арналған әдіп құралдың диаметріне байланысты және 0,15…0,5 мм аралығында болады. Ішкі цилиндрлік беттерде бұранданы кесу бұранда ойғыштың көмегімен жүргізіледі. Бұранданың геометриялық параметрлері құралмен анықталады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 421 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кесу процесінің физикалық мәні | Кесу аймағындағы байланыстық процестер | Зара әрекеттесуі | Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері | Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар | Түрлері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы| Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)