Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары

Читайте также:
  1. Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу
  2. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу
  3. Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы
  4. Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері
  5. Металдарды кесумен өңдеу тәсілдері
  6. Сұлбалары

Жоңғылауды бірнеше түрге бөледі: жазық беттерді (горизонталь, вертикаль, көлбеу және кемерлерді) жоңғылау; күрделі технология­лық беттерді (ойықтарды, бунақтарды, ойма кілтектерді және т.б.) жоңғылау және фасондық жазықтықтарды жоңғылау.

Жазық беттерді жоңғылау сұлбалары 21.51-суретте көрсетілген. Горизонталь беттерді горизонталь және вертикаль-жоңғылау станоктарында цилиндрлік және шет жақтық жонғыштармен (21.51-сурет, а, б) өңдейді. Тетіктерді пішіні мен өлшемдеріне байланысты үстелде машиналық қысқыштарда болттардың, тақтай­шалардың және төсемдердің көмегімен, сондай-ақ се­риялық өндіріс жағдайларында өңделетін дайындамалар үшін қолда­нылатын арнайы құрылғыларды пайдалану арқылы бекітеді.

 

а, б – горизонталь; в, г – вертикаль; д-ж – көлбеу; з – аралас; Sпр – бойлық беріс

21.51-сурет – Жазық беттерді жоңғылау сұлбалары

Вертикаль беттерді жонғыштардың шет жақтық (21.51, в-сурет), шеттік (21.51, г-сурет) және басқа түрлерімен өңдейді.

Көлбеу беттерді және қия кесіктерді шет жақтық (21.51, д -сурет), шеттік (21.51, е-сурет) және бұрыштық (21.51, ж-сурет) жонғыштармен өңдейді. Жонғыш көлбеуінің қажетті бұрышын айналдырық бастиегі вертикаль жазықтықта айналатын станоктарда ғана орнатуға болады. Аралас беттерді аралас жонғыштармен өңдейді (21.51, з-сурет).

Күрделі беттердің, мысалы, ойықтардың (21.52, а, в, г -сурет), кемерлердің (21.52, б-сурет) пішін құруы үшін дискілік (21.52, а-сурет), шеттік (б), фасондық (в) және бұрыштық (г) жонғыштарды қолдана­ды. «Қарлығаштың құйрығы» типті және Т тәрізді ашық ойықтарды шеттік жонғыштармен (21.52, д, е -сурет) өңдейді.

Тік бұрышты қималы кілтек ойықтар мен бунақтарды жоңғылау кезінде шеттік (21.52, ж-сурет) және арнайы кілтекті жонғыштарды (з) пайдаланады. Оларды вертикаль-жонғыш станоктарда өңдейді. Кейде кілтек бунақтарды горизонталь-жоңғылау станоктарында дискілік үш жақты жонғыштармен (21.52, и -сурет) жоңғылайды. Ойма кілтектерді горизонталь-жоңғылау станоктарында кертікті дискілік жонғыштар­мен өңдейді.

 

 

а, в, г – ойықтарды; б – кемерлерді; д – «қарлығаштың құйрығы»

типті ойықтарды; е – Т тәрізді ойықтарды; ж-и – кілтекті

ойықтар мен бунақтарды; к – фасондық беттерді; Sпр – бойлық беріс

21.52-сурет – Күрделі беттерді жоңғылау сұлбалары

Шағын өлшемді дайындамаларда фасондық беттерді жоңғылау үшін горизонталь немесе вертикаль-жоңғылау станоктарында фасон­дық жонғыштарды қолданады, олардың пішіні дайындалатын тетіктің пішініне сәйкес келеді (21.52, к-сурет). Аса күрделі пішінде фасондық дайындамаларды не жеке жонғыштар жинағымен, не арнайы көшіргіштердің көмегімен өңдейді.

Дайындамалардың көлемді фа­сондық беттерін (баспақ-қалыптар, қалыптар және т.б.) жоңғылауды арнайы көшіргіш-жоңғылау станоктарында жүргізеді. Конструкция­сына байланысты жонғыштарды станоктар айналдырықтарында әр түрлі бекітеді. Бекіту тәсілі бойынша жонғыштарды орталық тесігі бар саптама және конустық немесе цилиндрлік пішінді сағасы бар сағалық деп бөледі.

Цилиндрлік және дискілік жонғыштарды көбінесе горизонталь-жоңғылау станоктарында өңдеу кезінде қолданады, сондықтан олар екі тіректі центрлік құрал біліктерде бекітіледі.

Жоңғылау станоктарының сайманы дайындама шеңберін тең немесе тең емес бөліктерге бөлуге, тіктігі әр түрлі бұрандалы беттерді кесуге және жұдырықшаларды өңдеуге арналған бөлгіш бастиек болып табылады. Әмбебап (қарапайым және дифференциал­дық бөлінген), оптикалық және басқа бөлгіш бастиектерді қолданады. Әмбебап бастиектер аса көп таралған болып табылады. Олар шеңберді бөліктерге бөлуге ғана емес, сонымен бірге бұрандалы бунақтарды немесе тістерді жоңғылау кезінде өңделетін дайындама­ны айналдыруға мүмкіндік береді.

Әмбебап бөлгіш бастиек 5 (21.53-сурет) жоңғылау станогының үстелінде 2 бекітіледі. Өңделетін дайындама 3 арнайы білікте артқы тұғырдың 1 және бөлгіш бастиектің 5 центрлері арасында қысылады. Шеңберді қарапайым бөлу кезінде дайындаманы берілген бұрышқа бөлуді қозғалмайтын бөлу дискісіне 7 қатысты сұққышы бар тұтқамен 6 жүзеге асырады. Тұтқа бір жерден кіретін бұрамдығы бар білікке 8 бекітілген. Соңғысы бөлгіш бастиектің айналдырығына 4 отырғызылған бұрамдықты доңғалақпен іліністе болады.

Бұрамдықты доңғалақтың 30, 40 немесе 60 тісі бар. 40 тіс болғанда бұрамдықты жұптың берілістік қатынасы i =1/40, яғни бұрамдықты доңғалақтың (осыдан айналдырықтың да 4) толық айналымы үшін тұтқаны 40 рет айналдыру қажет. Бұл санды бөлу бастиегінің сипаттамасы деп атайды. Айналдырықтың жартылай айналымы үшін, яғни шеңберді екі бөлікке бөлу үшін, 20 айналым жасау қажет. Егер оларға тісті доңғалақ дайындамасының шеңберін бөлу қажет болатын тістер санын – z арқылы, ал бұрамдықты доңғалақ тістерінің санын (бөлгіш бастиек сипаттамасы) N арқылы белгілесе, онда тұтқа айналымдарының ізделіп отырған санын n мына формула бойынша анықтауға болады:

n = N / z.

Бұл формуланы қарапайым бөлу кезінде бөлгіш бастиек тұтқасы айналымдарының санын анықтау үшін пайдаланады. Егер лимбте олардың саны қарапайым бөлу шартын қанағаттандыратындай бір­қатар тесіктер болмаса, онда дифференциалдық бөлуді қолданады, ол үшін бөлгіш дискіні ауыспалы тісті доңғалақтар арқылы айналдырық­пен қосады.

Жоңғылау процесінің технологиялық сипаттамалары. Жонғыш-

тармен өңдеудің қаралтым, жартылай таза, таза және жұ­қа түрлерін жүргізеді. Қаралтым жоңғылауды құймалар мен соғылма­ларды өңдеу үшін тағайындайды, оларда өңдеуге арналған әдіп 3 мм-ден артық. Қаралтым жоңғылаудан кейін жазық беттердің 1 м ұзын­дыққа 0,15…0,3 мм түзу сызықтығы бойынша дәлдігі және кедір-бұдырлығы Ra = 50…12,5 мкм болады.

геометриялық пішіндер мен кеңістіктік ауытқулар қателіктерін азайтуға бағытталған жартылай таза жоңғылау 0,1…0,2 мм түзу сызықтылықтан 1 м ұзындыққа және Ra = 25…12,5 мкм-ге ауытқуды қамтамасыз етеді. Таза жоңғылау одан да үлкен дәлдікті береді: 1 м ұзындыққа және Ra = 10…1,25 мкм-ге 0,04…0,08 мм. Жұқа өңдеу шет жақтық жонғыштармен жүзе­ге асырылады. Сонымен бірге түзу сызықтылықтан ауытқу 1 м ұзын­дыққа және Ra = 2,5…0,4 мкм-ге 0,02…0,04 мм-ді құрайды.

 

1 – артқы тұғыр; 2 – үстел; 3 – дайындама; 4 – айналдырық;

5 – бөлгіш бастиек; 6 – тұтқа; 7 – бөлгіш диск; 8 – білік

21.53-сурет – Әмбебап бөлгіш бастиекті орнату сұлбасы

 

Кесу режимін таңдау кезінде өлшемдердің берілген дәлдігін және беттің кедір-бұдырлығын алу қажеттілігін есепке алады. Ол үшін өңдеуге және жоңғылау еніне арналған әдіпті тұрақты етіп таңдайды. Содан соң беріс шамасын табады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1206 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар | Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Ерекшеліктері | Және қолданылу саласы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу | Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | Дейтін станоктар типтері | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу | Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Және қолданылу саласы| Тісті доңғалақтар дайындамаларын өңдеуге арналған әдістер және құрал-cайман

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)