Читайте также:
|
|
Тарта жонумен дайындамалардыңішкі және сыртқы беттерін көп жүзді құрал – тарта жонғыштың көмегімен өңдейді. Тарта жону механикалық өңдеудің жоғары өнімді әдісіне жатады, ол кезде кесу жылдамдығы 0,015…0,40 м/с құрайды. Кескіш құрал конструкциясының арқасында бір жұмыстық жүріс ішінде өңдеуге арналған бүкіл әдіп алынады.
Тарта жону сұлбасы және тарта жонғыш конструкциясының элементтері 21.41-суретте көрсетілген. Құлып бөлігімен l 1 тарта жону (21.41-сурет, а) станок патронымен қосылады, ол оны талап етілетін Р күшімен тартады. Ауыспалы конусы бар алдыңғы бағыттаушы l 2 өңделетін тесікке баяу кіруді және оның бойымен құралды центрлеуді қамтамасыз етеді. Әдіптің барлығы кесу бөлігімен l 3 алынады. Калибрлеу бөлігінің тістері l 4 өңделген беттің көрсеткіштерін 8…7 квалитетке дейін жоғарылатады және кедір-бұдырлық параметрін Rа = 6,3…1,6 мкм қамтамасыз етеді. Тарта жонғышты қайрағанда калибрлеу тістерінің бір бөлігі жұмыс бөліктеріне өтеді. Артқы бағыттаушы l 5 дайындамадан соңғы калибрлеу тістері шыққан сәтте оның қисаюына кедергі келтіреді. Ол үшін станокта қосымша тіреуіш көзделген артқы саға l 6 ұзын тарта жонғыштың салбырауын болдырмау үшін қажет.
Тарта жону кезінде тарта жонғышпен немесе дайындамамен жасалатын басты қозғалыс қана жүзеге асырылады. Тарта жону кезінде беріс қозғалысы болмайды, өйткені беріс тарта жонғыштың әрбір келесі тісінің диаметрін тіске беріс деп аталатын белгілі шамаға ұлғайту жолымен құралдың конструкциясына салынған, яғни кескіш бөлігінің әрбір кейінгі тісі алдыңғыдан s z шамасына жоғары болады (21.41-сурет, в). Тістердің жұмыстық қадамын t р бір мезгілде үштен кем тіс жұмыс істейтіндей, ал ойымда бүкіл кесілетін жоңқа орналасатындай етіп есептейді.
Тарта жону түріне байланысты тарта жонғыштар дөңгелек, кілтекті, ойма кілтекті, көп қырлы және т.б. болады. Тарта жонғыш тістерінің кесу жиектерінің пішіні мен ұзындығына әдіпті кесу сұлбасы әсер етеді.
Тарта жонудың пішіндік сұлбасында (21.41-сурет, б) тістердің әрбір қатары өңделген пішінге ұқсас фигураның бүкіл периметрі бойындағы әдіпті алады. Сонымен, құралдың 1 дөңгелек жиегінен квадрат тесікті алғанда квадрат пішіні болады.
Е
а – тарта жонғыш конструкциясы; б, г – тарта жонудың пішіндік
және генераторлық сұлбалары; в – тарта жону сұлбасы;
д – қобылау сұлбасы; е – құралдар үлгілері
l1 – құлып бөлігі; l2 – алдыңғы бағыттаушы; l3, l4 – кесу және
калибрлеу бөліктері; l5 – артқы бағыттаушы; l6 – артқы саға;
1 – құралдың жиегі; 2, 3 – өңделетін және өңделген беттер
21.41-сурет – Тарта жону, қобылау сұлбалары
және тарта жонғыш конструкциясының элементтері
Тарта жонудың генераторлық сұлбасында (21.41-сурет, г) кесу жиектері өңделетін 2 және 3 өңделген беттер элементтерімен кескінделген.
Кесу шарттарын жақсарту мақсатында прогресті (топтық) сұлбаны қолданады, ол кезде тістердің әрбір тобы өзінің тар аймағындағы қабатты кеседі. Жоңқа қалыңырақ және тарлау болады, бұл оның ойымда орналасуын жеңілдетеді және осьтік күшін Р төмендетеді. Сонымен бірге прогресті сұлба бойынша жұмыс істейтін тарта жонғыштарды жасау едәуір күрделірек болады.
Сондай-ақ тесіктерді өңдеу үшін қысылуға жұмыс істейтін және тарта жонғыштармен салыстырғанда ұзындығы кем қобылағыштарды (21.41-сурет, д) пайдаланады, бұл құралдың жұмыс істеу процесінде оның иілуін болдырмау үшін қажет. Тарта жонғыштың кескіш тістерінің пішіні қадаммен t (21.42-сурет), бунақтың биіктігімен Н, енімен b, радиусымен r; алдыңғы γ және артқы α бұрыштарымен; үшкірлеу бұрышымен β және тістің көтерілуімен а = Δ D /2 сипатталады, мұнда D – тарта жонғыштың тіс жиегі бойындағы диаметрі, мм.
21.42-сурет – Тарта жонғыштың кесу тістерінің пішіні
Ол кезде құрал және дайындама өздігінен орнатылатын тарта жонуды – бос, ал дайындаманың құралға қатысты қатты бекітілуі кезінде координаталық деп атайды. Бірінші жағдайда – өңделген беттің жоғары дәлдікті сипаттамалары, екіншісінде сондай-ақ осы беттің орналасуының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі.
21.43-суретте тарта жонумен алынатын тесіктердің пішін үйлесімдері және тетікті тарта жону станогында орнату сұлбасы көрсетілген. Тарта жонудың алдында алғашқы тесікті алдын ала бұрғылаумен орындайды, содан соң оған қажетті түпкілікті пішін беру үшін тарта жонғышпен өңдейді (21.43-сурет, а).
Тесіктерді тарта жонумен өңдеудің артықшылығы тетіктерде әр түрлі фасондық пішіндерді алу мүмкіндігінен тұрады, оларды басқа тәсілдермен өңдеу кейде елеулі қиындықтармен байланысты болады. Мысал ретінде кеңінен қолданылатын ойма кілтек тесіктерін өңдеуді келтіруге болады. Егер өңделетін тетікте 1 (21.43, б -сурет,) шет жақтары өңделмесе, онда тарта жону кезінде оны сфералық төсемге 2 шет жағымен орнатады. Тарта жону күшінің әсерінен тетік төсемде айналады да, тарта жонғышта 3 өздігінен орнатылады.
а)
б
1 – тетік; 2 – төсем; 3 – тарта жонғыш
21.43-сурет – Тарта жонумен (а) алынатын тесіктердің пішін
үйлесімдері және тетікті тарта жону станогында
орнату сұлбасы (б)
Тарта жонғыштар тұтас, құрастырылған немесе құрама болуы мүмкін. Оларды қоспаланған аспаптық болаттан (мысалы, ХВГ болатынан), Р6М5, Р9К5 маркалы жылдам кескіш болаттан жасайды. Тарта жонғыштар қатты қорытпалардан, мысалы ВК8 жасалған тілімшелермен жасақталуы мүмкін. Дайындамаларды тарта жонумен өңдеу горизонталь немесе вертикаль-тарта жону станоктарында жүргізіледі. Соңғылары сыртқы түрі бойынша қашау станогын еске салады.
Горизонталь-тарта жону станоктарын дайындамаларда өтпелі тесіктерді өңдеу үшін қолданады. Тарта жонғышты алдыңғы ұшымен – орнақтың жұмыстық жылжымаларына жинақталған жұмыс патронында, ал артқы ұшымен қосымша патронда 5 бекітеді. Тарта жону процесінде жұмыстық жылжымалар негізгі орнақтыңбағыттаушылары бойында көлденеңінен орын ауыстырады. Жылжымалар күштік (басты) гидроцилиндрден қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасайтын сырғымамен (штокпен) қосылған.
Тарта жонғышты дайындамаға келтіруді және одан бұрып әкетуді cүйеп қоятын (қосымша) орнақта орналасқан, қосымша цилиндрдің, патронның және ұстап тұратын аунақшаның көмегімен жүзеге асырады. Тарта жонудың алдында дайындаманы тарта жонғыштың бағыттаушы бөлігіне кигізеді. Тарта жонғанда дайындама шет жағымен станоктың тіреуіш тақтасына бекітілген, қозғалмайтын планшайбаға тіреледі, оның нәтижесінде тарта жону процесі жүзеге асырылады.
Вертикаль-тарта жону станоктарын көбінесе сыртынан тарта жону үшін қолданады. Бұл станоктарда жұмыстық сырғыма және тарта жонғыш бекітілген патрон вертикаль қайтымды-ілгерілемелі қозғалыстарды жүзеге асырады, ал дайындаманың өзі станоктың үстеліне орнатылған планшайбаға бекітілген. Жұмыстың өнімділігі жоғары болуы үшін үздіксіз әрекетті станоктарды (конвейерлік және айналма) пайдаланады.
Дайындамаларды беру және алу үшін сәйкес құрылғылармен жасақтау кезінде олар автоматтық циклде жұмыс істей алады және автоматтық желіге кірістірілуі мүмкін. Тарта жону келесі технологиялық сипаттамалармен сипатталады: өңделетін беттердің дәлдігі 10…6 квалитетке сәйкес келеді, беттің кедір-бұдырлығы – Ra = 1,25…0,63 мкм.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 863 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | | | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу |