Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу

Читайте также:
  1. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу
  2. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары
  3. Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы
  4. Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері
  5. Металдарды кесумен өңдеу тәсілдері
  6. Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал

Cүргілеу түрлерінің бірі қашау болып табылады, ол кескіш құрал­дың вертикаль бағыттағы басты қайтымды-ілгерілемелі қозғалысы­мен, дайындаманың горизонталь жазықтықта периодтық орын ауыс­тыруымен және қажет болғанда оның вертикаль ось маңайында айна­луымен сипатталады. Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу­дің негізгі сұлбалары 21.38-суретте көрсетілген.

 

Sк
Sа

а, б – жазық және цилиндрлік беттерді; в – кілтек ойықты

21.38-сурет – Дайындамаларды қашау

станоктарында өңдеу сұлбалары

 

Бұл жазық (21.38-сурет, а) және цилиндрлік (21.38-сурет, б) жазық­тықтарды, кілтек ойықты (21.38-сурет, в) өңдеу. Қашаудың көмегімен өтпелі емес (тұйық) тесіктерді өңдеудің оларды алудың негізгі әдісі болып табылатынын атап кету керек. Қашау станоктарында өңделетін беттер үлкен емес болуы тиіс, өйткені олардың мөлшерлері елеулі болғанда кескіштің шығарығы (бекітілмеген бөлігінің ұзындығы) ұлғаяды, бұл оның деформациясына және тіпті бұзылуына әкеледі. 21.39-суретте қашау станогының жалпы түрі берілген.

Станоктың іргетас тақтасында 1 орнақ 2 және тіреуіш 5 орнатыл­ған. Оларда станок жетегінің және берілісінің барлық механизмдері орналасқан. Кескіш ұстағышы және кескіші бар қашау 7 гидро­жетектің көмегімен тіреуіштің вертикаль бағыттаушылары бойында қайтымды-ілгерілемелі орын ауыстырады (төмен қарай – жұмыстық жүріс, жоғары қарай – бос жүріс). Станокты іске қосуды және орна­туды – тұтқамен 8, ал қашау орын ауыстыру жылдамдығын сатысыз реттеуді тұтқамен 6 жүргізеді.

Орнақтың горизонталь бағыттаушыларында үстел 9 орналасқан, оның төменгі бөлігі не қолмен маховиктердің 10 және 11 көмегімен бойлық және көлденең берістерді, не механикалық түрде гидроже­тектен берістер қорабы 3 арқылы жүзеге асырады. Үстелдің жоғарғы бөлігінің арнайы бөлу механизмінің көмегімен дөңгелек берісі бола­ды. Үстел дайындамамен бірге кескіштің жұмыс уақытында қозға­лыссыз қалады, ал қашау қозғалысын реверстеу сәтінде берістердің бірін (бойлық, көлденең немесе дөңгелек) алады. Үстелдің жеделде­тілген қозғалысы жеке электр қозғалтқышынан 4 жүзеге асырылады.

1 – іргетас тақтасы; 2 – тұғырық; 3 – берістер қорабы; 4 – электр қозғалтқыш;

5 – тіреуіш; 6, 8 – тұтқалар; 7 – қашау; 9 – үстел; 10, 11 – маховиктер

21 .39-сурет – Қашау станогының жалпы түрі

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 733 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар | Түрлері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері | Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы | Сұлбалары | Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар | Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Ерекшеліктері | Және қолданылу саласы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Және қолданылу саласы| Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)