Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал

Читайте также:
  1. Алпына келтіру құралдары
  2. Беру және байланыс құралдары
  3. Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу
  4. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу
  5. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары
  6. Диалог-адамгершілікке үйренудің ең тиімлі құралы.
  7. Кескіш құралдың тозуы

Жону кескіштерімен салыстырғанда сүргілеу кескіштері аса ауыр жағдайларда жұмыс істейді, өйткені кескіш, дайындама материалына ойып орнатылып, соққылық (динамикалық жүктемеге) ұшырайды. Жұмыстың соққылық сипатын есепке алғанда жону кескіштерімен салыстырғанда сүргілеу кескіштері аса массивті. Сүргілеу кескіштері­нің кескіш элементтері соққылық жүктемелерді жұмыстық жүрістің басында қабылдайтындықтан, кескіштер артқа қарай иіліп орындала­ды. Кескіш төбесінің бейтарап сызықта (Н /2 ара қашықтығында) ор­наласуы иілудің және кескіш өзегінің тербелісі шамасының азаюына әкеледі, бұл өз кезегінде, сүргілеу процесінде кесу тереңдігінің ба­рынша шашырауына әкеледі.

Сүргілеу және қашау кескіштерінің әр түрлері 21.40-суретте көр­сетілген. Тағайындалуы бойынша сүргілеу кескіштері өтпелі (21.40-сурет, а), тілімдейтін (21.40-сурет, б), қиғыш (21.40-сурет, в) және фа­сондық. Кескіштер бұрыштары: алдыңғы бұрыш γ (≈ 12о), артқы бұ­рыш α (≈ 8о), көріністегі бас бұрыш φ, көріністегі қосымша бұрыш φ1 және басты кесу жиегінің көлбеу бұрышы λ (суретте көрсетілмеген).

 

а – өтпелі, б – тілімдейтін, в – қиғыш (сүргілеу);

г – өтпелі, д – кертікті, е – кілтек ойықтар үшін (қашау)

21.40-сурет – Сүргілеу және қашау кескіштері

Қашаулы кескіштер (21.40-сурет, г - е) алға қарай иілген түрде орындалады, өйткені олар вертикаль орын ауыстыру кезінде жұмыс істейді және металдың кесілетін қабатын өзінің төменгі бөлігімен деформациялайды, бұл бұрыштардың орнын анықтайды. Кескіштер өтпелі (21.40-сурет, г), кертікті (21.40-сурет, д) және кілтек ойықтарға арналған (21.40-сурет, е) болады. Сүргілеу және қашау жұмыстарына арналған кескіштер Р12, Р6М3, Р9М4К8Ф маркалы жылдам кесетін болаттан немесе ВК6, ВК8, Т15К6 маркалы қатты қорытпалардан және т.б. жасалған тілімшелермен жасақталады.

Сүргілеу және қашау процестерінің технологиялық мүмкіндіктері келесі көрсеткіштермен сипатталады. Өңдеу дәлдігі өңделген беттің 1 м ұзындығына 0,1…0,2 мм-ді құрайды, қаралтым сүргілеу кезінде - Ra = 25…6,3 мкм, таза сүргілеу кезінде – Ra = 6,3…0,63 мкм-ді құрайды.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 494 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар | Түрлері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері | Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы | Сұлбалары | Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар | Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Ерекшеліктері | Және қолданылу саласы | Және қолданылу саласы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу| Дейтін станоктар типтері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)